5-ші және 10-шы сынып оқушыларының бейімделу жағдайын психологиялық зерттеу қорытындылары » КГУ Курчумская СШ №1
Municipal public institution
"Курчумская средняя школа №1 имени Ю.А.Гагарина"
отдела образования по Курчумскому areaу
Управления образования Восточно Казахстанской области
Қабылдау бөлімі :
+7(72339) 22-0-17
Есепші бөлімі:
+7(72339) 22-0-17
Version for для
слабовидящих
» » 5-ші және 10-шы сынып оқушыларының бейімделу жағдайын психологиялық зерттеу қорытындылары
25
January
2024

5-ші және 10-шы сынып оқушыларының бейімделу жағдайын психологиялық зерттеу қорытындылары

         25-ші қаңтар күні жоспарға сәйкес Директор жанындағы отырыс өткізілді. Отырыста педагог-психолог А. Ануарханқызы «Оқушылардың орта буында оқуға бейімделуін зерттеу нәтижелері мен ұсыныстар» және «10-шы сынытарды жалпы сыныптық бақылау, бейімделу жағдайы» тақырыптарында жүргізілген психологиялық жұмыстармен таныстырды.
        10-шы сынып кезеңінде оқушылардың бойында болатын өзгерістердің ерекшеліктері, мамандандырылған оқытуды қолдау туралы, «Мамандықты дұрыс таңдауға арналған сауалнама» қорытындылары, «Суицидтік мінез-құлықты анықтау тестінің көрсеткіштік нәтижелері» таныстырылып, зерттеу жұмыстарының қорытындылары бойынша оқушыларды педагогикалық-психологиялық қолдау үшін сынып жетекшілерге, мұғалімдерге ұсыныстар берілді.
         5-ші сыныптардың бейімделу жағдайын зерттеу бойынша «Мектепке қарым-қатынасым» сауалнамасы, «Социометрия» әдісі, «Оқу мотивациясын анықтайтын  сауалнамасы» ( Н.Г. Лусканова әдістемесі) жүргізілді. Жүргізілген  диагностикалар  оқушылардың   жеке тұлғалық ерекшеліктерін, оқуға   қызығушылықтарын және сыныптағы қарым – қатынас жасау деңгейлерін, бейімділіктерін айқындады. 
Әр әдістеменің қорытындысы кесте, диаграмма түрінде пайыздық көрсеткіштерімен педұжымға таныстырылды. Соңында «Сабақта оқушының  жетістікке жету жағдайын тудыра білу керек!» және зерттеу қорытындысына сәйкес  орта буынға жақсы  бейімделуді жақсы қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар берілді. 
           Оқушыларды педагогикалық-психологиялық қолдау үшін пән мұғалімдеріне жаднама берілді.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив