«ҰБТ-ға дайындауда ата-аналарға арналған психологиялық ұсыныстар» тақырыбында ата-аналармен кездесу өтті » КГУ Курчумская СШ №1
Municipal public institution
"Курчумская средняя школа №1 имени Ю.А.Гагарина"
отдела образования по Курчумскому areaу
Управления образования Восточно Казахстанской области
Қабылдау бөлімі :
+7(72339) 22-0-17
Есепші бөлімі:
+7(72339) 22-0-17
Version for для
слабовидящих
» » «ҰБТ-ға дайындауда ата-аналарға арналған психологиялық ұсыныстар» тақырыбында ата-аналармен кездесу өтті
11
December
2023

«ҰБТ-ға дайындауда ата-аналарға арналған психологиялық ұсыныстар» тақырыбында ата-аналармен кездесу өтті

ҰБТ мәселесі бойынша мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен 11 «А» сынып ата-аналарын педагогикалық және психологиялық қолдау көрсету мақсатында ата-аналармен кедесу өтті.
Кездесу барысында:
-оқушылар мен ата-аналарды ҰБТ тапсыру ережесімен таныстыру;
-оқушылардың қазіргі уақыттағы дайындық деңгейлері;
-мамандық таңдау бойыша Қазақсандағы ЖОО-ны туралы толық мәлімметер бар сайттар, желілермен таныстыру;
-пән мұғалімдері оқушылардың дайындық деңгейлеріне, қосымша сабақтарының өтілуіне тоқталу.
-ҰБТ-ға дайындалуда психологиялық қолдау бойынша ата-аналарға ұсыныс кеңестер беру, «ҰБТ-ға дайындығым» сауалнама қорытындысы  және мінез-құлық ерекшеліктерін, мазасызық деңгейлерін анықтау нәтижелерімен таныстыру қойылды.
Педагог-психолог А. Ануарханқызы: Ұлттық Біріңғай Тестілеу – тестік технологияға негізделген. 2004 жылы алғаш рет Қазақстанда емтихан тапсырудың жаңа моделі – Ұлттық Біріңғай Тестілеу енгізілді. Тестілеу емитиханның негізгі формасы ретінде білім беру үрдісіндегі оқушылардың алдын ала дайындығын талап етеді. ҰБТ-ге дайындық барысында мектеп бітіруші түлек бойыңда үлкен күш қуаттың, анық ойдың, жақсы көңіл-күйдің болуы қажет Тестік тапсырмаларды орындауға көп машықтану, жаттығу тесттік баллды жоғарылатуға шынайы жол ашады. Жаттығу кезінде баланың өзі -өзі реттей білуі мен өзін - өзі бақылай білу дағдылары қалыптасады. Осындай жағдайда ата – ана тарапынан балаға психологиялық қолдау көрсетуі өте маңызды. Тестілеу бала мен ата –ана өміріндегі жауапты кезең болып табылады, оның нәтижесі балаңыздың   болашағын анықтайды
Түлектерді ҰБТ-ге дайындауда білімді субьект ретінде қалыптастыру үшін - жетістікке жетуге бағыттайтын, кездесетін кемшіліктерді ашып, түзету, дамыту, қолдау  жұмыстарын жүргізетін негізгі топ – пән мұғалімері, сынып жетекші, ата-аналар және педагог-психолог болып табылады. 
Біздің тарапымыздан тестілеуге дайындық кезеңіндегі іс-әрекет стратегияларымен тактикаларына жаттықтыру; Өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағыттау дағдыларына үйрету, Өз күшіне сенімін арттыру, ерік-жігерін күшейтуге бағыталған жұмыстарды жасаймыз.
Әрине, әр ата-ана баласына деген сезімін түрліше жеткізеді. Қандай жағдай болмасын, баланың өзіне деген сенім тудырып, қолдап отыру керек. Бала бір істен қателескен жағдайда оған шыдамдылық көрсету керек. Рас, кейде өзге біреудің балалары бойындағы қабілеті айрықша сияқты көрінеді. Бірақ ол басқа бала. Сондықтан әр баланың өзінің жеке басының ерекшелігін, ешкімге ұқсаMayтын кейбір қасиеттерін сезіну керек. Кейде бала бір сәтсіздіктерге ұрынады. Ата-ана уайымдап, баланың еш нәрсеге икемі жоқ, қабілетсіз деген қорытындыға келеді. Осыдан баланың өзіне деген сенімі күрт жойылады, қолын қусырып, кездескен қиыншылықтарды жоюға дәрменсіз болады. Мұндай жағдайда ата-ана баласының жай ғана талпынысының өзін қолдап түсіне білуі керек. Ең бастысы, бала біздің оны қалай бағалайтынымызды және одан не күтетінімізді сезінуі және түсінуі тиіс.
ҰБТ-ға дайындауда ата-аналарға арналған психологиялық ұсыныстар:
Слайд 2 – 16- ға дейін таныстыру, талдау.
«ҰБТ-ға менің дайындығым» сауалнама нәтижелері:
Слайд 17 – 33 –ке дейін таныстыру, талдау.
Суицидтік мінез-құлықты анықтау тестінің көрсеткіштік нәтижелері:
 (авторы М.В. Горская)
Слайд 34 – 39 –ке дейін таныстыру, талдау.
Ата-аналармен ойын (баланы жақсы көрудің «Отыз тәсілі»)
Слайд 40 таныстыру, талдау.
«ҰБТ-ға ата-ана тілектері» жаттығуы
Ата-аналар балаларына тілектер айтады сосын психологтың қолынан ҰБТ-ға арналған тілектері бар қағазды суырып, оқып, кейін балаларына айтады.
Рефлексия: ата-аналар бүгінгі кездесуден алған әсерерімен бөліседі.
Қорытынды:отбасын бақыт жағалауын бетке алып, өмір айдынында жүзіп келе жатқан қайыққа теңесек, оның қос ескегін әке мен ана дер едік. Сондықтан ата-ананың үлкен мақсаты- өз баласын үлкен әріппен жазылатын Азамат етіп тәрбиелеу. Сіздің балаңыз-еліміздің ертеңгі болашағы.
Сілтеме: 
https://www.instagram.com/p/C0tkiVULfQN/?igshid=YzZhZTZiNWI3Nw==
Жалпы барлық сұрақтар жан-жақты қарастырылып, ақпараттар берілді, өзара ашық әңгіме жүргізілді. Соңында  «ҰБТ-ға ата-ана тілектері» жаттығуы өткізіліп, кері байланыс жасалды. 
Жауапты: мекеп әкімшілігі, профориентатор Ж.Ж. Кусайнова, педагог-психолог А. Ануарханқызы, пән мұғалімдері, сынып жетекші Ү. Қайролла.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив