Кәсіптік бағдар бойынша 2022-2023 оқу жылының жылдық есебі » КГУ Курчумская СШ №1
Municipal public institution
"Курчумская средняя школа №1 имени Ю.А.Гагарина"
отдела образования по Курчумскому areaу
Управления образования Восточно Казахстанской области
Қабылдау бөлімі :
+7(72339) 22-0-17
Есепші бөлімі:
+7(72339) 22-0-17
Version for для
слабовидящих
» » Кәсіптік бағдар бойынша 2022-2023 оқу жылының жылдық есебі
31
May
2023

Кәсіптік бағдар бойынша 2022-2023 оқу жылының жылдық есебі

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы

 бойынша білім бөлімінің

«Ю.А.Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебі» КММ


Кәсіптік бағдар бойынша  2022-2023 оқу жылында атқарылған іс-шаралардың жылдық өздік есебі


Орындаған: Ромбаева А.Ж.

       Оқу жылының басында кәсіптік бағдар беру бойынша жұмыс жоспары құрылып бекітілді. «Сенім»жәшігі жасалып мектептің дәлізіне қойылды. Кәсіптік қабілеттерін зерттеу аясында 11 сынып оқушылардың бағыттылығы мақсатында Е.А.Климовтың «Дифференциалды-диогностикалық сауалнама» әдістемесі арқылы сауалнама жүргізілді. Тест қорытындысы бойынша әр салаға  өзінің бойындағы қасиеттері жақын екендігі жайында оқушыларға айтып түсіндірілді. 

      Кәсіптік бағдар беру және ұлттық бірыңғай тестке дайындалу бойынша 11-сыныппен психолог Зияшева Макпал Балғынбекқызы  тренинг өткізді.

Кәсіптік бағдар бойынша «Сіздің кәсіби мансабыңыз»,«Мамандықтар әлемінде»,

«Түлекке көмек» тақырыбында әр түрлі кеңестер берілді.

      «Оқуға қайда бару керек»тақырыбында 9-11 сыныптар арасында отырыстар өткізілді.

       «Жасөспірімдерді мамандық таңдау және өзін-өзі анықтау процесінде ата-аналардың ролі» тақырыбында 11 сынып ата-аналарына жиналыс өткізілді. Оқушының бойындағы үрейді бақылау және де көптеген қолдаулар қажет екендігі айтылып түсіндірілді. 

     Мектеп оқушыларына арнап Күршім ауданы , Күршім ауылының өрт сөндіру бөлімі «Ашық есік» күнін ұйымдастырды.

     Оқушыларға мамандықтың түрлері және адам өміріндегі маңызы туралы түсінік қалыптастыру мақсатында 9-11 сынып оқушылар арасында «Кім боламын?» атты тренинг өткізілді. «Сенің ерекше қабілетің» атты тренингтен басталып ,миға шабуыл ретінде көптеген сұрақтарға жауаптар алынды. Бұл тренингтен өздеріне көптеген мамандық иелері туралы жәнеде олардың жасап отырған кәсібі жайында көптеген ақпараттар алды.

     Сынып жетекшісінің қолдауымен мамандықтар әлемі жайында  танымдық ой өрісін кеңейту мақсатында 7 сынып оқушылар арасында «Не?Қайда?Қашан?» атты интелектуалды сайыс өткізілді. Екі топта керемет белсене қатысты , қатысушылар өз білімдерін ойларын жеткізе алды. Әр топты бағалау мақсатында мадақтамалармен табысталды.

 

     Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы жоспары бойынша «Мамандығым-болашағым» жобасын іске асыру жөніндегі Жол картасын орындау мақсатында     Күршім білім бөлімінің ұйымдастыруымен 8-11 сынып оқушылары арасында 2 ЖОО-ны, 9 колледж өкілдерінен кәсіптік бағдар беру жүргізілді. Оқушылар оқу орындарының мамандықтары бойынша оқуға түсу туралы толық ақпараттар алды.  


     Кәсіптік бағдар беру бойынша 11 сынып оқушыларына   Алматы техникалық университеті зумм платформасы арқылы ашық есік күнін өткізді.

     Жастар ресурстық орталығы «Жұмыспен қамту» ММ-нің директоры Р.Нұрланұлының, экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Мұқанованың қатысуымен  11 сынып оқушыларына арнап дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел мақсаты  жастарды «Дипломмен ауылға» мемелекеттік бағдарламамен таныстыру .

     Оқушы бойында мамандық таңдауға деген жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында бастауыш буын оқушылары арасында  «Менің болашақ мамандығым» атты сурет  байқауы ұйымдастырылды. https://www.instagram.com/p/CnzXT-kojvg/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==

     Мамандық таңдауда бағыт бағдар беру мақсатында оқу орындарының өкілдері және студенттерімен кездесу ұйымдастырылды.ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының үшінші курс курсанты Кадырова Камила Тлеукановна өзінің мамандығы және оқу орны туралы көптеген ақпараттар айтып,оқушылардың қызығушылығын арттырды.Бұл мамандық бойынша өз еркімен оқуға түсем деген оқушыларда пікірін айтты.

     Әр түрлі оқу орындарынан алынған ақпараттар оқушыларға   таратылып толығымен таныстырылып отырды.https://www.instagram.com/p/Cn35ganrNBm/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==   https://www.instagram.com/p/Cn55fw5Iibq/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==

     Оқушылардың кәсіби бейімділік қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Мамандықтар әлемінде» тақырыбы бойынша орта буын оқушылары арасында кәсіпитерді қорғау сайысы өткізілді. https://www.instagram.com/p/CoCPr6xDWTl/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==

     Оқушылардың қай кәсіпке қызығушылығы басым екендігін білу мақсатында А.Голомшоктың «Қызығушылық картасы» әдістемесі арқылы 9-11 сынып оқушыларына сауалнама жүргізілді.

     9 сынып оқушыларының кәсіби жоспарын ,мамандық таңдау мотивтері мен кәсіби бағыттылығының қалыптасу деңгейін анықтау мақсатында «Оптант» сауалнамасы жүргізілді. Сауалнаманың нәтижесінде оқушылардың көбінің кәсіби жоспары бар,белгілі бір мамандық түрін таңдап отыр, мамандықты алдын алу жолдарын қарастырған,дұрыс таңдау жасағанына сенімділіктері жоғары . 

    «Мамандықты дұрыс таңдау болашақтағы жетістіктің кепілі» мақсатында 10-11 сынып оқушыларына арнап ҚР-нің Төтенше жағдайлар министрлігі Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясынан кәсіптік бағдар бойынша ақпараттар таратылды. Бұл мамандық бойынша өз таңдауын жасаған оқушыда болды.

      «Дұрыс таңдалған мамандық болашақтың жарқын кепілі» мақсатында 11 қазақ-орыс сынып оқушыларына  арнап  ІІМ Қостанай академиясының қызметкерлері кәсіби бағдар беру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бұл мамандық бойынша өз таңдауын жасаған көптеген оқушылар болды.

     «Мамандықтар әлемінде» тақырыбы бойынша орта буын сынып оқушыларына арнап сынып сағаттары өткізілді.

      Мамандық таңдауға байланысты жекеленген оқушыларға психологиялық кеңестер беріледі . 

      9-11 сынып оқушыларына жоғары оқу орындары мен колледждер туралы ақпараттар берілді . https://www.instagram.com/p/Cpzk6w0I5-l/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==

     Жоғары оқу орындары мен колледждердегі ашық есік күніне онлайн қатысу ұйымдастырылды.

     Әлеуметтік желі арқылы көптеген ақпараттар беріліп отырылды.7-8 сынып оқушыларынан алдын ала бағыт беру аясында диогностика алынды. https://www.instagram.com/reel/CsFkIABIcOb/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==  «Менің болашақ мамандығым» атты шығармашылық сайыс өткізілді. «Сенің таңдауың қандай?» тақырыбы бойынша «Өскемен көпсалалытехнология колледжі» https://www.instagram.com/p/CsbVYVkrRz6/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==   КММ сі және «С.Аманжолов атындағы ШҚМУ» АҚ жоғары колледжі 9-сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар бойынша жұмыстар жүргізді. https://www.instagram.com/p/CsbVfTJrTwB/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA== Мамандық таңдау бойынша жеке кеңестер берілді.  әлемін ашамыз атты республикалық форумында "Мамандық тұлғасы " атты бейнесюжетте өз өлкеміздің мамандық тұлғасы зейнеткер педагог Қожахметова Гульнар Касымгазиновнамен сұхбат жүргізілді. Сұхбатты жүргізген форумға қатысып облыстық кезеңде 2 орын иеленген Ю.А.Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебінің  6 а сынып оқушысы Бекболатова Еркеназ.  бес сұрақ төңірегінде болды.Педагог болу өте жауапкершілікті ,бала жүрегіне табудың бір жолы екенін өмір жолынан айтып түсіндіріп берді. https://www.instagram.com/reel/Cq_90TpobP0/utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив