Мектеп психологтарының жұмыс барысы » КГУ Курчумская СШ №1
Municipal public institution
"Курчумская средняя школа №1 имени Ю.А.Гагарина"
отдела образования по Курчумскому areaу
Управления образования Восточно Казахстанской области
Қабылдау бөлімі :
+7(72339) 22-0-17
Есепші бөлімі:
+7(72339) 22-0-17
Version for для
слабовидящих
» » Мектеп психологтарының жұмыс барысы
19
September
2023

Мектеп психологтарының жұмыс барысы

       Елімізде оқушылар арсында болып жатқан түрлі жағайалрға байланысты оқу жылы көлеміде жасөспірімдер  арасындағы зорлық –зомбылық, наақорлық, суицидтің  алдын алу, ата-аналарды, педагогтары психологиялық қолдау   мақсатында жылдық жоспар құрылып, директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен, сынып жетекшілермен біріге отырып жұмыстар атқарылды. 

5-11 сыныптар аралығында Google формада ватсап желісі арқылы мектеп ішіндегі, сынып ішіндегі зорлық –зомбылықты, тәртіпсіздікті, құқық бұзушылыққа қатысты оқушылардың көзқарасын анықтау мақсатында  «Зорлық – зомбылық туралы мен не ойлаймын?» атты   сауалнама жүргізді, оған  182 оқушы қатысты. Сауалнама нәтижесіне сүйеніп оқушылардың зорлық-зомбылық жайлы, қай жерде оған адам тап болуы мүмкін және ондай жағдайда не істеу керектігі туралы   түсініктері дұрыс қалыптасқан, ата-аналарымен   жақсы-қарым қатынаста, әлеуметтік желілерде дұрыс отыру әдебін біледі. Мектепте үлкен сыныптардың кішілерге қандайда бір күш көрсету жағдайлары бар деп ойлайсыңба? деген сұраққа 100 % оқушы «ЖОҚ» деп жауап берді. Балалар арасында психоэмоционалды да, физикалық та зорлық – зомбылық көрсету байқалMayды. Яғни, жағымды қолайлы ортада білім алып отыр деп айтуға болады.

Мектетегі булинг пен кибербуллингтің адын алу мақсатында 6-шы сынытарға буллингті алдын алу бойынша профилатикалық сабақ өткізлді.

«Менің сыныбы буллингке қарсы» тақырыбында 9 сынып оқушыларымен психологиялық сағат өткізілді. Онда балалар арасында буллинг мәселесіне назар аударту, әлеуметтік құбылысқа қарсы тұра алу иммунтетін қалыптастыру басы мақсат болды. Оқушыларға буллинг дегеніз не, түрлері, белгілері мен сипатары қандай болады, құрбандары кімдер және ондай жағдайға ұшырап қалғанда әрекет ету алгоритмдері мен кеңестер берілді. Өткізген: педагог-психолог А.Қабен. 

https://www.instagram.com/p/CrxOi82IDIn/?igshid=MmU2YjMzNjRlOQ==

«Бақытты ана-бақытты бала-бақытты ел» және «Отбасындағы зорлық зомбылыққа жол бермейік» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Мақсаты: балаларға қатыгездікпен қарау мәселесі бойынша ата-аналарды ақпараттандыру, жәбірлеуді болдыртпайтын және оның алдын алуда ата-ананың міндетін түсіндіру. Ата-ана мен бала арасындағы сенімді сыйластықты, бір-біріне деген сезімді нығайту. Ата – ана -отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері екенін ескеріп, мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу.

17.11.2022 жылы аудандық  ақсақалдар алқасының төрағасы Есманбек Адаевич, аудандық білім бөлімінің әдіскері Айзада Солтановна, аудандық әйелдер ұйымының төрайымы   Ляззат Сагындыковнаның қатысуымен «Бақытты ана-бақытты бала-бақытты ел» және «Отбасындағы зорлық зомбылыққа жол бермейік» тақырыбы аясында «Ата – ана мен бала арасындағы  сенімді сыйластықты,  бір-біріне деген сезімді нығайту, мектеп, ата- ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу мақсатында» ата-аналарға арналған дөңгелек үстел өткізілді. Жиналыс барысында көптеген сұрақтарға жауаптар алынды. «Ашық айтамын» жаттығуы арқылы ата – аналар өз пікірлерін және ұсыныстарын жазып сенім жәшігіне қалдырды. Өткізген: әкелер мен аналар мектеп клубының жетекшілері Е.Е. Актекенов, Б.Е. Кизамадиева және мектеп психологтары А.Ж Ромбаева, М.Б Зияшова.

https://www.instagram.com/p/ClEV740oVDi/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==


«Қыз тәрбиесі – ұлт   тәрбиесі» тақырыбында дөңгелек үстел.

Білімділік: Өнерге,мәдениеттке,өткен тарихқа,отаншылдыққа өз көзқарастарын тәрбиелей отырып, отбасының алтын арқауы – негізі болуға үйрету. Мейірімдік пен қамқорлық қасиеттерін, ізеттіліктерін қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты: қыз баланының қоғамдық белсенді мүшесі екенін ұғынуға, адал достықты, таза махаббатты түсінуге тәриелеу.

Тәрбиелік мақсаты: қыз баланы ұқыптылыққа, тазалыққа, үлкенді және достарын сыйлауға, мектепте өзін – өзі ұстауға, қыздардың   мінез тұрақтылығын қалыптастыра отырып инабаттылыққа, әдептілікке, ізет пен мәдениееттілікке тәрбиелеу.

Қорытынды: Дөңгелек үстелге аудандық ауруханадан қыздар медбикесі Бақыт Советқызы арнайы келіп, кеңестерімен бөлісті. Дөңгелек үстелден кейін кейбір оқушыларда өз бойындағы кемшіліктен арыла білуі керек, бұл әрбір адам болам, азамат болам деп құлшынған жанның қолынан келер нәрсе деген түсінік қалыптасты. Бүгінгі бозбала – ертеңгі қамқор әке,баланың панасы,әулеттің тірегі ,бүгінгі бойжеткен- ертеңгі аяулы ана,ақылшы әже, әулеттің ұйтқысы.



Желоқсан айында түсік түсіру, ерте жүктілік және жыныстық инфекциялар салдарлары тақырыбында қыздарға түсіндіру сабағы өткізілді. Өткізген:Күршім аудандық ауруханасының әйелдер қарау бөлімінің акушеркасы Бакыт Советқызы және мектеп медбикесі Л. Қусайнова. Ұйымдастырған: мектеп психологтары мен қыздар клубы.


https://www.instagram.com/p/Cjz8qYPL2ta/?igshid=MmU2YjMzNjRlOQ==


 






 8 –ші сынып оқушыларының ата-аналрымен «Балалар мәселесі: ата-аналар көзқарасымен» тақырыбында кездесу өткізілді.

Мақсаты: Тәрбие мақсатында ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын арттыру.


   Кездесу семинарында заманауи отбасы үшін де, білім беру жүйесінде де өзекті мәселе -  баламен ата-ана қатынастарын реттеу және жеткіншектерді тәрбиелеу  туралы сөз қозғалды. 

Жасөспірімдік кезеңнің   ерекшеліктері және қазіргі қоғамда белең алып  тұрған баланы теріс бағытқа апарар түрлі жолдар, оларға түспеудің алдын алу шаралары туралы айтылды. 


https://www.instagram.com/p/CsSaBAVIArk/?igshid=MmU2YjMzNjRlOQ==



Ата-аналар белсене қатысып, өтілген кездесудің олар үшін тиімді болғанын айтып, өзіндік жағымды пікілерін білдірді.

          Оқушылардың бойындағы алғыс айту, ризашылық білдіу қасиеттерін   жоғарылату, өз бойындағы мейірімділіктің көріну деңгейін анықтау мақсатында 10 сыныптармен  «Шынайы жүректен алғыс» атты психологиялық тренинг жүргізілді. 

   Тренинг барысындағы жаттығулырға оқушылар белсене қатысып,  айнала жақындарына  жиі алғыс айтудың маңыздылығын түсінді. 

Осылайша тек бір-бірімізге жағымды, жылы сөз айтуды әдетке айналдыру арқылы  жақсы мінез-құлық қалыптастыра аламыз деген қорытындыға келді.


https://www.instagram.com/p/CpC-_hDrAUF/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==







Қыркүйек айының алғашқы күндері  «Отбасы бақыт- мекені» тақырыбындағы республикалық апталық шеңберінде мектебімізде мектепалды даярлық және бірінші сынып оқушыларының ата-аналарымен психологиялық тренингтік жаттығу жұмысы жүргізілді.

Онда отбасылық құндылықтар жөнінде ой қозғалып, ата-ананың рөлі бала үшін ерекше екендігі, баланың бақытты отбасында тәрбиелену маңыздылығы туралы пікірлері айтылды. Барлық қатысушы белсенділік көрсетіп,  шара соңында ізгі тілектерін білдірді.

 Әр отбасында тек махаббат пен түсіністік орнасын.

Жауапты: мектеп педагог-психологтары: Ануарханқызы А.,   Қабен А.


https://www.instagram.com/reel/Cw47iFZrBY7/?igshid=MmU2YjMzNjRlOQ==


Тақырыбы: «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ»

 Мақсаты:1.Оқушыларға зорлық зомбылық туралы мағұлмат беру,адамның ең жаман қасиеті екенін айту.

2.Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы,олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету.

3.Зорлық зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететін түсіндіру.

Қорытынды: Немістің ақыны В.Гете серуенге шығарда қалтасына түрлі гүлдердің тұқымын салып шығып, шалғындардан, орманнан өткенде, тауға шыққанда гүл тұқымдарын сеуіп жүруді жақсы көреді.Оның жүрген жерлері мезгілі келгенде керемет гүлдер өсіп шығатын . Сұлулық әлемі, әсемдік әлемі байыды. Сол сияқты дүниеде зорлық – зомбылық болмаса адам өмірі,адамзат дүниесі сұлу да әсем болар еді.

Қазіргі заманғы білім беру саласы тұлғаның жеке бас ерекшелітерін ескеруге бағытталған оқу әдістемелерін іздеу бағытында жылжуда. Яғни, оқушыларды жалпыға қабылданған үлгі бойынша бейімдемейтін, керісінше әрқайсысының жеке дара ерекшеліктерін максималды түрде дамыта алатын әдістемелерді іздеу, қолдану бағытын қолға алуда.

Соған орай әрбір оқушы біліммен жан –жақты қаруланып, жетістікке жете алатын, бәсекеге қабілетті бола білуі керек,  өйткені білім – оларың болашағын бағдарлайды. Сәйкесінше, педагогтың міндеті – функционалдық сауаттылықты  арттыру мақсатында оқушының білімді тиімді меңгеруіне және оны тәжірибеде қолдана алуына көмектесу болып табылады. Ал бұл үшін педагог әрбір оқушыға индивидуалды ықпал ете білу етіп, олардың жеке бастарындағы даралық қабылдау ерекшеліктерін анықтай алуы маңызды.



https://www.instagram.com/reel/CjtyhUrIvtc/?igshid=MmU2YjMzNjRlOQ==




«Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне ойластырылған есірткіге қарсы профилкатикалық іс-шаралар» мектебіміздің жоспарына сәйкес «Балалар- біздің болашағымыз» тақырыбындағы спорттық –эстафеталық жарыс өткізілді.
 Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Білім алушылардың икемділігі мен ептіліктерін, шапшаңдылық қабілеттерін дамыту. Балалық шақтың ең қызықты күндерін есте сақтау.
 Іс-шараға оқушылар жоғары белсенділікпен қатысып, жаттығуларды қызығушылықпен орындады. 

Ата-аналарды педагогикалық сауаттылығын арттыру мақсатында жыл көлемінде жоспар бойынша кездесулер, ата-аналар жиналысы өткізілді. Онда бүгінгі таңдағы жасөспірімдер арасында өзекті мәселелер және қоғам өмірінде баланы теріс бағытқа апарар түрлі жолдар -психикалық проблемалар, зиянды әдеттер, зорлық-зомбылық, суицид және нашақорлық,шылым шегу (электрондық сигарет), ерте жастан жүктілік әлеуметтік желілерге деген жоғары қызығушылық, компьютер, телефонға деген тәуелділікке қатысты  барлық өзекті сұрақтар көтеріліп, ата-аналарды көзқарасы, пікірлері тыңдалып, өзара талданды, ұсыныстар берілді.


Әкімішілік, сынып жетешілер, пән мұғалімдері тарапынан түскен сұраныстар бойынша, ұсынған оқушылар, ата-аналармен т.б кеңес беру жұмысы жүргізіліп, кеңес беру журналына тіркеліп отырды. 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив