Информация » Страница 2 » КГУ Курчумская СШ №1
Коммунальное государственное учреждение
"Курчумская средняя школа №1 имени Ю.А.Гагарина"
отдела образования по Курчумскому району
Управления образования Восточно Казахстанской области
Қабылдау бөлімі :
+7(72339) 22-0-17
Есепші бөлімі:
+7(72339) 22-0-17
Версия для
слабовидящих
Кездесу
30
сентябрь
2025
Кездесу
Бүгін мектебімізде полиция қызметкерлерінің қатысуымен кездесу өтті. Жиында оқушыларға мектептен тыс жерлердегі тәртіп ережелері түсіндіріліп, құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары айтылды. Сонымен қатар буллингтің зияны мен оның салдарына ерекше тоқталды. Құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңызы кеңінен түсіндіріліп, ата-аналар мен балалардың жауапкершілігі жайлы пікір алмасылды. Кездесудің мақсаты – жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және болашағымыздың иелерін саналы да тәртіпті
"Бала дауысы – 2025"
29
сентябрь
2025
"Бала дауысы – 2025"
🎤 Мектебіміздің өнерлі оқушылары аудандық "Бала дауысы – 2025" ән байқауында керемет нәтиже көрсетті: 🏆 Майлықанова Айзере жүлделі І орын иеленсе, 🎖️ Жандосова Айша мадақтама қағазымен марапатталды! Жетекшілері:Құрманбек Назерке Қайратқызы 👏 Дарынды оқушыларымызды және жетекшілерін шын жүректен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Осы жеңіс – еңбектің, өнерге деген махаббаттың нәтижесі. Сіздерге шығармашылық табыстар тілейміз!
Ұстаздар күнімен құттықтау
29
сентябрь
2025
Ұстаздар күнімен құттықтау
Құрметті ұстаздар қауымы! Сіздерді қазан айында аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шәкірт ұстазымен мақтанады. 💐 Біз сіздермен мақтанамыз! 💐 Құрметпен: 4 «А» сынып оқушылары​https://www.instagram.com/reel/DPLta0dCGpp/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
Қарттар күні құтты болсын!
29
сентябрь
2025
Қарттар күні құтты болсын!
"Қария-елдің тірегі" атты сынып сағаты өтті. Мақсаты: оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу. https://www.instagram.com/p/DPMJB6PiPvG/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA== https://www.instagram.com/p/DPOQyxHCLlS/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA== https://www.instagram.com/p/DPQ2PP9iL2z/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
"Ұстазға алғыс!" атты апталық
29
сентябрь
2025
"Ұстазға алғыс!" атты апталық
29 қыркүйектен 4 қазан аралығында мектебімізде "Ұстазға алғыс!" апталығы жалғасын табуда. Апталық аясында қонаққа Якушева Ольга Владимировна, математика пәнінің мұғалімі келді. Кездесудің мақсаты: Ұстаздардың еңбегін дәріптеу, шәкірт жүрегіне білім мен тәрбие дарытушы тұлғаларды құрметтеуге баулу; Жас ұрпақ пен ұстаз арасындағы рухани байланысты нығайту; Мұғалім мамандығына деген оң көзқарас қалыптастыру. "Ұстазға алғыс!" Құрметті Ольга Владимировна, Сізге сансыз шәкірттің жүрегінен орын алған
Кәсіптік бағдар
26
сентябрь
2025
Кәсіптік бағдар
«ЕҢБЕК КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА – АҒАШ ШЕБЕРІМЕН ТАНЫСУ» 🪵🔨 Еңбек күні қарсаңында мектеп оқушылары ағаш шеберімен кездесті. Балалар шеберханаға барып, ағаш өңдеудің қыр-сырымен танысып, өз қолымен еңбек етудің маңызын сезінді. 🌿 Бұл кездесу оқушыларға еңбектің қадірін түсінуді, адал істің шынайы құндылығын ұғынуды үйреткен тағылымды сәт болды. 💫​https://www.instagram.com/reel/DPENkXkiC0H/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
Еңбек – бақыттың бастауы!
25
сентябрь
2025
Еңбек – бақыттың бастауы!
«ЕҢБЕК – БАҚЫТТЫҢ БАСТАУЫ» 👩‍🏫✨👨‍🏫 Еңбек күніне орай мектебімізде оқушылардың қолөнер туындыларынан «Еңбек – бақыттың бастауы» атты көрме ұйымдастырылды. 🎨🧵 Көрмеге оқушылар өз қолдарымен жасаған түрлі бұйымдарын қойып, еңбектің қадірін, шығармашылықтың шексіз мүмкіндігін көрсетті. 🌟 Мұндай шаралар балалардың еңбекке, шыдамдылыққа және ізденіске деген көзқарасын қалыптастырып, бойындағы талантын ашуға үлкен ықпал етеді.
КӘСІПТІК БАҒДАР
25
сентябрь
2025
КӘСІПТІК БАҒДАР
«БОЛАШАҚ МАМАНДЫҚҚА БАСТАР ЖОЛ» 🌾🔧 Бүгін мектепте кәсіптік бағдар беру шарасы өткізілді. Шараға кәсіптік бағдар беруші мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қатысты. Оқушыларға «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» тақырыбында түсіндірме жұмысы жүргізілді. 🌱 Кездесу барысында оқушылар: Ауыл шаруашылығы саласындағы жаңа технологиялармен танысты; Техниканы пайдалану мүмкіндіктері туралы ақпарат алды; Мамандықтың болашағы мен талаптары жайлы мағлұмат алды. 🔧 Мұндай іс-шаралар оқушылардың кәсіби
МАМАНДЫҚТАР ӘЛЕМІ
24
сентябрь
2025
МАМАНДЫҚТАР ӘЛЕМІ
«ЕҢБЕК – ӨМІРДІҢ НЕГІЗІ» 👩‍🏭👨‍🌾 Бүгінгі тәрбие сағатымыз Еңбек күніне арналды. Оқушылар еңбектің қадірін, маңызын түсініп, еңбек адамдарына құрмет көрсету үлгісін көрді. 💡 «Еңбек етсең – емерсің» деген халық даналығын ұран еткен балалар еңбекқорлықты басты құндылық ретінде қабылдады, өз ісіне жауапкершілікпен қараудың маңызын түсінді. Бұл сабақ арқылы оқушылар еңбектің қоғамдағы рөлін түсініп, жауапкершілік пен табандылыққа тәрбиеленді. ✨
КІТАПХАНА БЛОГЫ «БІЗ КІТАП ОҚИМЫЗ!» 📚
22
сентябрь
2025
КІТАПХАНА БЛОГЫ «БІЗ КІТАП ОҚИМЫЗ!» 📚
7-сынып оқушылары мектеп кітапханасында оқыған кітаптарымен бөлісті. Бұл кездесудің тақырыбы – «Әр оқушының таңдауы – жаңа әлемге саяхат». Мақсаты: Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру; Көркем әдебиет арқылы ой-өрісін кеңейту, тіл байлығын дамыту; Өз ой-пікірін еркін жеткізе білуге дағдыландыру; Құрдастарымен тәжірибе бөлісу арқылы кітап оқуға ынталандыру; «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітапхананың тәрбиелік рөлін күшейту. Оқушылар өз сүйікті кітаптары туралы айтып,