“ENGLISH AROUND THE WORLD” – ПОЛИГЛОТ-ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ 🌍📝
Тілдер мерекесі күніне орай мектебімізде ағылшын тілі пәнінен “English around the world” тақырыбында полиглот-зияткерлік сайыс өтті.
Мақсаты:
Логикалық ой-өріс, зейін және жадында сақтау қабілеттерін дамыту;
Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын және шығармашылығын арттыру;
Жеңіске ұмтылуға, қарсыластарын сыйлауға және спорттық рухта бәсекелестікке тәрбиелеу.
Сайысқа қатысушылар әртүрлі тапсырмалар мен викториналар арқылы өз білімдерін тексеріп, логикалық ойлау және ағылшын тіліндегі шеберліктерін көрсетті. Оқушылар белсенділік танытып, қызықты тапсырмаларды орындау арқылы командада жұмыс істеу дағдыларын жетілдірді.
Сайысты өткізген: ағылшын тілі пәні мұғалімдері.
Бұл іс-шара оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыруға, зияткерлік қабілеттерін дамытуға және шығармашылық қабілеттерін шыңдауға бағытталған. 🏆✨
https://www.instagram.com/reel/DOfIypZiLel/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==