25
сентябрь
2025
КӘСІПТІК БАҒДАР
«БОЛАШАҚ МАМАНДЫҚҚА БАСТАР ЖОЛ» 🌾🔧
Бүгін мектепте кәсіптік бағдар беру шарасы өткізілді. Шараға кәсіптік бағдар беруші мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қатысты. Оқушыларға «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» тақырыбында түсіндірме жұмысы жүргізілді.
🌱 Кездесу барысында оқушылар:
Ауыл шаруашылығы саласындағы жаңа технологиялармен танысты;
Техниканы пайдалану мүмкіндіктері туралы ақпарат алды;
Мамандықтың болашағы мен талаптары жайлы мағлұмат алды.
🔧 Мұндай іс-шаралар оқушылардың кәсіби бағдарын айқындауға, өз қабілеттерін түсінуге және болашақта мамандық таңдауына дұрыс бағыт алуына ықпал етеді.

