2 «А» СЫНЫБЫНДА АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ » КГУ Курчумская СШ №1
Коммунальное государственное учреждение
"Курчумская средняя школа №1 имени Ю.А.Гагарина"
отдела образования по Курчумскому району
Управления образования Восточно Казахстанской области
Қабылдау бөлімі :
+7(72339) 22-0-17
Есепші бөлімі:
+7(72339) 22-0-17
Версия для
слабовидящих
» » 2 «А» СЫНЫБЫНДА АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ
05
сентябрь
2025

2 «А» СЫНЫБЫНДА АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

Мектебіміздің 2 «А» сыныбында 2025–2026 оқу жылына арналған ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс тақырыбы: «Тәртіптің ең тамаша мектебі – отбасы».

Жиналыстың негізгі мақсаты – ата-ана, мұғалім және оқушы арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, яғни үштік одақтың маңыздылығын түсіндіру, жаңа оқу жылындағы жоспарлармен таныстыру және білім мен тәрбие бағытындағы ортақ мәселелерді талқылау болды.

Сынып жетекшісі жиналыс барысында оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктеріне тоқталып, жаңа оқу жылындағы оқу бағдарламасы, сыныптың жылдық жоспары, мектепішілік тәртіп ережелері мен қауіпсіздік талаптары туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, оқушылардың сабаққа қатысуы, үлгерімі, тәртібі және бос уақытын тиімді ұйымдастыру мәселелері сөз болды.

Ата-аналарға баланың тәрбиесінде отбасының рөлі ерекше екені айтылып, балаға дұрыс бағыт-бағдар беру, тәртіпке баулу, жауапкершілікке үйрету жолдары талқыланды. Үштік одақ – ата-ана, мұғалім және оқушы арасындағы сенімді байланыс орнағанда ғана сапалы білім мен саналы тәрбие берілетіні атап өтілді.

Жиналыс барысында ата-аналар өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын айтып, мектеп пен ата-ана арасындағы байланыс мәселелері бойынша ой бөлісті. Алдағы уақытта оқушылардың білім сапасын арттыру, тәртібін жақсарту және тәрбиелік шараларды бірлесе ұйымдастыру жөнінде ортақ шешімдер қабылданды.

Жиын соңында ата-аналарға белсенді қатысқандары үшін алғыс айтылып, жаңа оқу жылында бірлесе жұмыс атқарып, оқушылардың жарқын болашағы үшін аянбай еңбек етуге шақырылды.




https://www.instagram.com/p/DOOgDFSCIR5/?utm_source=ig_web_copy_link​​​
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив