ЖАЛПЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
«АДАЛ АЗАМАТ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ЖАУАПТЫ АТА-АНА, ҚОЛДАУШЫ ҰСТАЗ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗ МЕКТЕП» 🎓
Мектебімізде жалпы ата-аналар жиналысы «Адал азамат тәрбиелеудегі жауапты ата-ана, қолдаушы ұстаз және қауіпсіз мектеп» тақырыбында өтті.
Жиналыс барысында білім беру ұйымдарында академиялық адалдықты сақтау қағидалары таныстырылып, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Бұл тақырыпты мектеп психологтары мен тәрбиешілермен бірге Шапатова Қ. педагогикалық ұжым арасында, сондай-ақ ата-аналар арасында толық баяндап, түсінік берді.
Жиналыстың негізгі мақсаты – ата-ана мен мұғалімнің бірлескен әрекеті арқылы оқушыларда адалдық, жауапкершілік және қауіпсіз ортаны қалыптастыру, сондай-ақ білім беру процесінде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мәдениетін насихаттау болды.
Осы шара оқушылардың тәрбие процесіне ата-аналардың белсенді қатысуын арттырып, мектептегі тәртіп пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталды.