10
сентябрь
2025
“ТІЛ – ӘЛЕМ ЕСІГІН АШАТЫН КІЛТ” 🔑
Мектебімізде “Тіл – әлем есігін ашатын кілт” атты іс-шара ұйымдастырылды.
Мақсаты:
Үш тілдің (қазақ, орыс, ағылшын) маңыздылығын түсіндіру;
Оқушыларды тілге құрметпен қарауға тәрбиелеу;
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сөйлеуге баулу.
Іс-шараны “Жас толқын” клубы мен мектеп кітапханашылары ұйымдастырды.
Оқушылар белсенді қатысып, тілдерді меңгерудің қызықты тәсілдерімен танысып, өз шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік алды.
Бұл іс-шара арқылы балалардың тілге қызығушылығы артты, көптілділік дағдылары дамып, мәдениет пен білімге деген құрметтері күшейді. 🌍📚