05
сентябрь
2025
“ТІЛ ШЕБЕРІ — 2025”
Қазақстан халқы тілдері мерекесіне орай аудандық мәдениет үйінде өткен «Тіл шебері — 2025» байқауына мектебіміздің 7–9 сынып оқушылары белсенді қатысты. Байқауға қатысқан Бақытбекова Аялы (7 «Б» сынып) және Бекболатова Еркеназ (9 «А» сынып) өлең оқудағы шеберліктерін паш етіп, ана тіліне деген құрметтерін жоғары деңгейде көрсетті.
Сайыс нәтижесінде:
9 «А» сынып оқушысы Бекболатова Еркеназ – І орын;
7 «Б» сынып оқушысы Бақытбекова Аялы – ІІ орын жеңіп алды.
Оқушыларымызды шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс пен жаңа жеңістер тілейміз! ✨
Жетекшісі: Асель Солтановна