06
июнь
2023
Мектеп кітапханалық іс шаралар бойынша жетістіктер 2022-2023 оқу жылы
Балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, қазақ және шетел әдебиетін терең зерттеуге шақыру мақсатында 3-10 сынып оқушыларына арналған Республикалық балалар оқулары байқауы өткізілді. Байқаудың аудандық кезеңінде оқушыларымыз жүлделі орындарды иеленді: 4б сынып оқушысы
Бақытбекова Аялы аудандық кезеңде жүлделі 1-ші орын, 2-орын 4б сынып оқушысы Токенова Нұрай, 3-орын 4а-сынып оқушысы Калижанова Азиза, 8б-сынып оқушылары Мұхаметқан Әдемі, Аманжолова Аружан, 10б- сынып оқушысы Қайырлықызы Аяужан иеленді. Бақытбекова Аялы (4б-сынып) облыстық кезеңнен жүлделі 2-ші орынмен оралды.
- «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткен «Мектеп буккроссингі: бірге оқимыз» облыстық байқауына қатысып, мектебіміз екінші дәрежелі дипломмен марапатталды. https://www.instagram.com/p/CklAB80LuuE/?igshid=MmJiY2I4NDBkZg==
- «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Республикам менің» атты республикалық онлайн мәнерлеп оқу челленджі өтіп, оқушыларымыз республикалық алғыс хаттармен марапатталды: 8а- сынып оқушылары Жалғасқызы Еңлік, Ғалымбек Томерис, 6б- сынып оқушысы Құмарғазы Шырай.
- 14-сәуір «Халықаралық балалар кітабы» күніне орай оқушыларымыз Республикалық «Буктрейлер» бейнероликтер онлайн байқауына қатысып, республикадан алғыс хаттармен марапатталды. Бейнероликтер сілтемесі:https://www.instagram.com/reel/CqAeyhRDV4a/?igshid=MmJiY2I4NDBkZg== https://www.instagram.com/reel/CqAfRqWjx0N/?igshid=MmJiY2I4NDBkZg== https://www.instagram.com/reel/CqAf-JTjhzm/?igshid=MmJiY2I4NDBkZg== https://www.instagram.com/reel/CqBUhf4D4xh/?igshid=MmJiY2I4NDBkZg==
·"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында оқу жылы соңында мектебіміздің ең үздік оқырман оқушысын анықтау мақсатында 8,9,10 сыныптар арасында мектепішілік байқау өткізілді. Байқау 2 кезеңмен өтті (эссе жазу, тест тапсыру). Нәтижесінде оқушылардың білімі тексеріліп, жақсы көрсеткіш көрсеткен оқушылар мен жоғары көрсеткішпен «Үздік оқырман 2023» анықталды. 2022-2023 оқу жылының «Үздік оқырманы» болып, 9а-сынып оқушысы Есболқызы Елдана атанды.