Оқушыларға » КГУ Курчумская СШ №1
Күршім ауданы білім бөлімінің
"Курчумская средняя школа №1 имени Ю.А.Гагарина"
отдела образования по Курчумскому району
Управления образования Восточно Казахстанской области
Қабылдау бөлімі :
+7(72339) 22-0-17
Есепші бөлімі:
+7(72339) 22-0-17
Нашар для
слабовидящих
» Оқушыларға
Гүлім Идаятова грант иегері атанды
17
Мамыр
2024
Гүлім Идаятова грант иегері атанды
Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиадаға мектебіміздің биылғы 2024 жылғы түлегіміз Идаятова Гүлім жүлделі орын алып, Д.Серікбаев атындағы ШҚМУ-нің грант иегері атанды.
Оқушыларға кәсіби бағдар берілуде
23
Сәуір
2024
Оқушыларға кәсіби бағдар берілуде
Мектебіміздің 9-10-сынып оқушыларына болашақта мамандық таңдауда қиындықтар болмау мақсатында жыл көлемінде әртүрлі оқу орындардан келіп, кәсіби бағдарлар берілді. 
Радикализм. Экстремизм. Терроризм.
13
Наурыз
2024
Радикализм. Экстремизм. Терроризм.
Радикализм. Экстремизм. Терроризм. Оқушылар, ата-аналар, ұстаздар назарына!  
"Старт Профи Shygys" атты стенд-мод өткізілді
27
февраль
2024
"Старт Профи Shygys" атты стенд-мод өткізілді
Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығының жоспарына сәйкес кәсіптік бағдарлау циклограммасын іске асыру шеңберінде аймақтық жоғары оқу орындарымен техникалық кәсіптік білім беру жүйесінде облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен "Старт Профи Shygys" атты стенд-моб ұйымдастырылды. Аталмыш шараға мектебіміздің 8-11 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар көптеген оқу орындары мен факультеттер жайлы мәліметтер алып, мамандық таңдауда өз орындарын табуға үлкен мүмкіндіктер алды. 
"My code" нейропсихологиялық тестпен жұмыс жүргізілді
15
февраль
2024
"My code" нейропсихологиялық тестпен жұмыс жүргізілді
Атақты швейцариялық және американдық психологтар, нейропсихология, клиникалық психология мамандары, аналитикалық психологияның негізін қалаған, көптік интеллект түсінігінің авторы, педагогтер Карл Густав Юнг пен Говард Гарнер негізін қалаған «My code» деген психологиялық/диагностикалық тест арқылы оқушылардың қай кәсіпке бейім болып қалыптасып келетіндері анықталды.
Біздің түлек - біздің мақтаныш
14
февраль
2024
Біздің түлек - біздің мақтаныш
Мектебіміздің түлегі, қазіргі таңда Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық Әскерлерінің Әскери институтының курсанты Жантыкеев Айбек Құмарбекұлымен болашақ түлектерге кәсіби бағдар беру мақсатында кездесу өтті және сұхбат алдық. Айбек оқуын жақсы көрсеткішпен оқып, белсенді курсанттардың бірі екендігін айтып қуантты. Айбекке асар белестерің көп, еліміздің мақтан тұтар азаматы бол, дегіміз келеді.
Кәсіби бағдар берілді
08
февраль
2024
Кәсіби бағдар берілді
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Күзет қызметі»  қызметкерлері 10-11 сынып оқушы ұлдарға кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді. Оқу орнына түсу жолдары, оқу барысындағы жағдайлармен таныстырып түсіндірді. Оқу орнына бойы 178-180 см-ден жоғары, денсаулығы жарамды, спорттық көрсеткіштері жақсы және ҰБТ-ден шекті 50 балл алатын ұл балаларды қабылдайды. Оқу мерзімі 4-5 жыл.
«Мамандық таңдау - маңызды іс»
31
Қаңтар
2024
«Мамандық таңдау - маңызды іс»
Мамандық таңдаудың негізгі шарттарын таныту мақсатында "МАК карталарды" пайдалану арқылы «Мамандық таңдау - маңызды іс» тақырыбында 11-сынып оқушыларымен тәрбие сағаты өтті. Болашақ түлектерімізге оқу орнын таңдау және болашақ мамандықтарын таңдау барысында қандай маңызды жайттарға көңіл бөлулері қажет, қандай ұстанымдары болу керек екендігі түсіндірілді.
"Болашаққа хат" тақырыбында шығарма жазды.
11
Желтоқсан
2023
"Болашаққа хат" тақырыбында шығарма жазды.
Мектебімізде "Тоғыз айға тоғыз шара" жобасы аясында 9-11 сыныптар арасында "Болашаққа хат" тақырыбында шығарма жазды. Мақсаты: Өз болашақтарына деген көзқарастарын дұрыс қалыптастыру, алдарына мақсат қоя алатын, кәсіби өмірлерінде де өз орнын таба білетін жас ұрпақ тәрбиелеу. 
ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің шекара әскери қызметкерлері zoom арқылы кездесу өткізді
08
Желтоқсан
2023
ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің шекара әскери қызметкерлері zoom
ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің әскери қызметкерлері ZOOM арқылы 9-11сынып оқушыларына ҰҚК-нің еліміздегі және шет елдегі оқу орындарымен таныстырп, сол оқу орындарына түсу жолдарын түсіндірді. Оқу барысныдғаы және оқу бітіргеннен кейінгі қызмет атқару кезіндегі әскери қызметкерлерге көрсетілетін әлеумттік қолдау мен қамтамасыздандыру жайлы мәліметтер айтылды.