Оқушыларға » Страница 2 » КГУ Курчумская СШ №1
Күршім ауданы білім бөлімінің
"Курчумская средняя школа №1 имени Ю.А.Гагарина"
отдела образования по Курчумскому району
Управления образования Восточно Казахстанской области
Қабылдау бөлімі :
+7(72339) 22-0-17
Есепші бөлімі:
+7(72339) 22-0-17
Нашар для
слабовидящих
"Мамандық таңдау және болашақ"
18
Қазан
2023
"Мамандық таңдау және болашақ"
"Мамандық таңдау және болашақ" тақырыбында кәсіби бағдар беру мақсатында 11-сынып оқушыларымен мектеп педагог-профориентологы кездесу өткізді.
16-қазан "Нан күні"
16
Қазан
2023
16-қазан "Нан күні"
"Нан күніне" орай 7-сынып қыздарымызбен кекс (тәтті бәліш) жасаудан мастер класс өтті. Мастер классты 7-сынып оқушысы Бекболатова Еркеназ өткізді. Қазақстандық диқандарды, ұн тартушылар мен наубайханашыларды мерекелерімен құттықтаймыз!
Шығыс Қазақстан Техникалық университетінен кәсіби бағдар берілді
04
Қазан
2023
Шығыс Қазақстан Техникалық университетінен кәсіби бағдар берілді
9,11 сынып оқушыларымен  Д.Серікбаев атындағы ЩҚТУнивеситетінен кәсіби бағдар беру мақсатында кездесу ұйымдастырылды. Кездесуде оқу орнындағы факультеттер жайлы, сонымен қатар ҰБТ-ге алын ала тегін онлайн дайындық курстары болатыны жайлы түсіндірілді. Оқушылар дайындық курстарына тіркелді.
Рөлдік ойындар
27
Қыркүйек
2023
Рөлдік ойындар
Бастауыш сынып оқушыларын мамандық жайлы түсініктерін кеңейту, мамандардың еңбегіне қызығушылықтарын арттыру, дүниетанымдарын арттыру мақсатында "Менің мамандығым" атты рөлдік ойындар өткізілді. Белсенділік танытқан 3в-сыныбы. 
"Адал еңбек" деректі фильмі көрсетілді
27
Қыркүйек
2023
"Адал еңбек" деректі фильмі көрсетілді
Еңбек күнінде 5-сынып оқушыларына "Адалдық", "Еңбек" адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында еліміздің "7"-ші арнасы даярлаған "Адал еңбек" атты деректі фильмі көрсетілді. Оқушылар фильмнен түсінген ойларын жарыса бөлісті.                   
Шекара қызметкерлерімен кездесу
26
Қыркүйек
2023
Шекара қызметкерлерімен кездесу
Ауданымызда орналасқан 2535 Күршім шекара басқармасынан кәсіптік бағдар беру мақсатында 9-11-сынып оқушы ұлдарымен әскери бөлімнің полковнигі А.Дүйсенбеков келіп түсіндірме жұмыстарын өткізді. Барысында Алматы қаласындағы Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі академиясына оқуға түсу ұсыныстары айтылды. Сонымен қатар шекара қызметінің маңыздылығы, кадрлардың қажеттілігі, академияға түсу жолдары айтылды. Мектебімізден болашақ шекарашы, әскери тұлғалар шығады деген үміттеміз.    
Еңбек күніне орай челлендж өтті.
22
Қыркүйек
2023
Еңбек күніне орай челлендж өтті.
Челлендж мақсаты оқушылардың еңбек туралы білімдерін кеңейту, ұғымдар қалыптастыру; оқушыларды еңбексүйгіштікке, шаруақорлыққа, іскерлікке, үнемді болуға, еңбек адамдарына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Ардагер ұстаздармен кездесу
22
Қыркүйек
2023
Ардагер ұстаздармен кездесу
Еңбек күніне орай оқушыларымызға ұстаздық етудің қаншалықты маңызы бар екенін, дара да сара жолын көрсету мақсатында "Үлкендер жолы - ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып" атты ардагер ұстаздармен кездесу өткізілді.  Кездесуіміздің қадірлі қонақтары зейнеткер, ардагер ұстаздарымыз Қамария Тілеуқызы мен Гүлжан Амерсанқызы болды. Олар өздерінің еңбек жолдарымен сыр бөлісіп, мұғалім мамандығының ерекшеліктерін айтып өтті. Оқушылар қызыға тыңдап, мұғалім мамандығы бойынша көп мәлімет алды.
"Таза аула" акциясы
22
Қыркүйек
2023
"Таза аула" акциясы
"Еңбек күні" мейрамы қарсаңында "Таза аула" акциясы өткізілді. Оқушыларды еңбекке баулу мақсатында мектеп маңында  оқушыларымен үлкен  сенбілік жасалды. 
Аудандағы балық өсіру өнеркәсібінде экскурсия өткізілді.
21
Қыркүйек
2023
Аудандағы балық өсіру өнеркәсібінде экскурсия өткізілді.
Еңбек күніне орай, сонымен қатар оқушыларға кәсіптік бағдар беру мақсатында 8 сынып оқушыларымен ауданымыздың бетке ұстар жеке меншік мекемелердің бірі "Балық өсіру шаруашылығында" экскурсия өткізілді. Оқушыларымыз шаруашылықтың күнделікті жасалынатын жұмыстарымен танысып, үлкен әсер алып қайтты.