25
Қаңтар
2024
5-ші және 10-шы сынып оқушыларының бейімделу жағдайын психологиялық зерттеу қорытындылары
25-ші қаңтар күні жоспарға сәйкес Директор жанындағы отырыс өткізілді. Отырыста педагог-психолог А. Ануарханқызы «Оқушылардың орта буында оқуға бейімделуін зерттеу нәтижелері мен ұсыныстар» және «10-шы сынытарды жалпы сыныптық бақылау, бейімделу жағдайы» тақырыптарында жүргізілген психологиялық жұмыстармен таныстырды.
10-шы сынып кезеңінде оқушылардың бойында болатын өзгерістердің ерекшеліктері, мамандандырылған оқытуды қолдау туралы, «Мамандықты дұрыс таңдауға арналған сауалнама» қорытындылары, «Суицидтік мінез-құлықты анықтау тестінің көрсеткіштік нәтижелері» таныстырылып, зерттеу жұмыстарының қорытындылары бойынша оқушыларды педагогикалық-психологиялық қолдау үшін сынып жетекшілерге, мұғалімдерге ұсыныстар берілді.
5-ші сыныптардың бейімделу жағдайын зерттеу бойынша «Мектепке қарым-қатынасым» сауалнамасы, «Социометрия» әдісі, «Оқу мотивациясын анықтайтын сауалнамасы» ( Н.Г. Лусканова әдістемесі) жүргізілді. Жүргізілген диагностикалар оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін, оқуға қызығушылықтарын және сыныптағы қарым – қатынас жасау деңгейлерін, бейімділіктерін айқындады.
Әр әдістеменің қорытындысы кесте, диаграмма түрінде пайыздық көрсеткіштерімен педұжымға таныстырылды. Соңында «Сабақта оқушының жетістікке жету жағдайын тудыра білу керек!» және зерттеу қорытындысына сәйкес орта буынға жақсы бейімделуді жақсы қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар берілді.
Оқушыларды педагогикалық-психологиялық қолдау үшін пән мұғалімдеріне жаднама берілді.