09
Қаңтар
2024
Ақыл айтпа, жол көрсет: «Оқырман отбасы» атты интеллектуалдық сайыс өтті.
Мектебіміздегі «Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталығы» бағдарламасын іске асыру мақсатында «Даналық мектебі» 5-ші сынып ата-аналарымен Ақыл айтпа, жол көрсет: «Оқырман отбасы» атты интеллектуалдық сайыс өткізілді. Сайыстың мақсаты :Отбасылық оқу дәстүрінің өркендеуіне себеп болу, кітап оқуға баулу. Ата-аналарды 3 командаға бөлініп, психологиялық ахуал жасалды. Сайыс 3 кезең бойынша өтті. Әр айналымда ата-аналар өте белсенді болып, өз білімдері мен ойларының ұшқырлығын таныта білді. Оқушылар сайыс арасында өз өнерлерін көрсетті. Соңында топтар арнайы номинациялармен марапатталды.