Мектептің 2022-2023 оқу жылындағы жұмысын талдау » КГУ Курчумская СШ №1
Municipal public institution
"Курчумская средняя школа №1 имени Ю.А.Гагарина"
отдела образования по Курчумскому areaу
Управления образования Восточно Казахстанской области
Қабылдау бөлімі :
+7(72339) 22-0-17
Есепші бөлімі:
+7(72339) 22-0-17
Version for для
слабовидящих
» » Мектептің 2022-2023 оқу жылындағы жұмысын талдау
14
June
2023

Мектептің 2022-2023 оқу жылындағы жұмысын талдау

«Ю.А.Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 

өзін-өзі бағалау материалдары 

Мектептің 2022-2023 оқу жылындағы жұмысын талдау

Мектептің миссиясыбілім алушылардың бейімділігі мен қабілеттеріне сәйкес білім беру және шығармашылық мүмкіндігін ашу болып болып табылады.

  Білім беру бағдарламалары пән мазмұндарын сапалы игеруді қамтамасыз ету, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, сыни тұрғыдан ойлауды дамыту, оқупәндерінигеругеқажеттібіліммендағдылардыңнегіздерінигерту,оқу пәні материалдары негізінде білім алушылардың интеллектуалдық деңгейін дамытуға бағытталған.  

  Педагогикалық шығармашылықты дамыту және түрлі бастамаларды іске асыру мақсатында мектеп педагогтері үшін мектепішілік, аудандықсеминар, шеберлік сыныптар, байқаулар, жарыстар ұйымдастырылды.

Білім туралы нормативтік құжаттарды орындауға бағытталған мектеп қызметін ұйымдастыру

   2022-2023оқужылындабілімберупроцесінұйымдастырукезінде «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары басшылыққа алынып және оқу-тәрбие процесі келесі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырылды: «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарынбекітутуралы»(МЖМБС)ҚРБҒМ  2022 жылғы   3 тамыздағы N 348 бұйрығы;); –«Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» (ҚР МП 2012 жылғы 8 қарашадағы N 500 бұйрығы);  «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндер,   таңдау курстары мен факультативтер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі No 115 бұйрығы);

2022-2023оқужылында мектеп ұжымы Қазақстан Республикасының «Білімтуралы» Заңын, ҚазақстанРеспубликасыбілімменғылымдыдамытудың2020-2025жылғаарналғанмемлекеттік бағдарламасын, ҚР Еңбек Кодексі және 2022-2023оқу жылына арналған ҚР Білім және Ғылым министрлігінің нұсқау хатын негізге ала отырып өз жұмысын жоспарлап жүргізді. Педагогикалық ұжым жұмысының бағыты ұстаздар мамандығының кәсіби шеберлігін арттыру мақсатындамектептің әдістемелік жұмысын жандандыру, бүгінгі күн талабына жаңа мазмұнда оқыта отырып, білім үрдісіне мониторинг жүргізу арқылы оқушылар белсенділігін арттыру, ұстаздар жұмысын жандандыруды көздесе, жоғарғы сыныптарда оқушылар алдында баланың мамандықты таңдау жолына дұрыс бағыт бере отырып, бағдарлы сыныптарда оқушылардың білім алуға деген саналы көзқарасын арттыруда жоспарлы жұмыстар жүргізілді.


Білім берудің мемлекеттік стандарттарын орындауға және білім беру процесін жақсартуға бағытталған оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру

Мектеп - жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беретін, білім ордасы, бірнеше ғасырлар бойы жиналып сақталған ел мұрасын келешек ұрпақ игілігіне жеткізе алатын мәдени ошақ, ұлттық тәлім-тәрбие орталығы. Ұлттық мектеп тағдыры қай қилы заманда да, қай ұлттың болсын көзі ашық, көкірегі ояу, ұлтжандыазаматтарынтолғандырыпкелгенеңөзектімәселелердіңбірінесаналды.

2022-2023оқужылындағыжылдықбілімсапасыныңсалыстырмалы есебі

 Шағын аудан бойынша 0-18 жас аралығындағы балалар саны: 657

Мектепке дейінгі жастағы балалар саны: 188

Мектеп жасындағы балалар саны: 469

18 жасқа дейінгі жастар саны: 657

Мектеп шағын ауданында оқумен қамтылмаған бала жоқ.

Оқушылар контингентін қалыптастыру және оқушылар қозғалысы

2022-2023 оқу жылын  474 оқушымен бастадық. 1 сыныпқа 40 оқушы қабылданды.  10-сыныпқа 34оқушы қабылданып, оның ішінде қоғамдық –гуманитарлық бағыттағы  сыныпқа 14- оқушы, жаратылыстану-математика бағытындағы 10а-13, 10в-7  оқушы қабылданды.    Сынып бойынша :

1-4 сыныптарда  - 167

5-9 сыныптарда - 211

10-11 сыныптарда - 60

Мектепалды даярлық тобы (3) -  бала саны - 34

1-11 сынып бойынша 33 сынып  комплекті, даярлық тобы-3 сынып комплекті  

2022-2023 оқу жылын  449(483) оқушымен аяқтадық. 


2022-2023 оқу жылының  тоқсан бойынша  бастауыш,   орта  буын, 10-11 сынып  мемлекеттік бағдарламада берілген тақырыптар толығымен қамтылды. Сыныптардың әр тоқсан сайын салыстырмалы  көрсеткіштері бойынша  сыныптардың білім сапасында өсім  байқалады. 

2022-2023 оқу жылының жылдық білім сапасы – 62 %, үлгерім – 100%.  Жылдық қорытындыны өткен оқу жылымен салыстырмалы түрде қарағанда  білім сапасы 2%-ға көтерілді. Пән бойынша білім сапасының жоғарылуы байқалады. Бұл -мектеп мұғалімдерінің білім жетілдіру курстарынан өтуі, өзара сабаққа қатысуы, сабақты талдау, облыс, аудан көлемінде семинарларға қатысу нәтижесінде жеткен жетістік. Оқу жылының қорытындысы бойынша үлгермеуші оқушы жоқ.1оқушы  денсаулығына байланысты қорытылмады.  














9- сынып оқушыларының аттестаттау қорытындысы

Оқу жылының соңындағы оқушы саны- 39. 

   «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 14) тармақшасына, 2022-2023 оқу жылының аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2023жылғы 10 сәуіріндегі № 88 және Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының 2023 жылы 13сәуіріндегі «2022-2023 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу туралы» №208, ШҚО білім басқармасының «Күршім ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылдың 13 сәуіріндегі №30 бұйрығына сәйкес 9-сынып оқушыларына Негізгі орта мектепті бітіргендігі туралы аттестат берілді. Үздік аттестатқа –Есболқызы Елдана, Кенесханова Диана Айдынқызы, Токенова Айназ Мұратқызы, Базкенов Ислам Саттыұлы, Слямханова Алина Мақсатқызы, Омарқанова Аружан Берікқызы, Ризабекова Сабина Ерболатқызы ие болды.

      Мектеп бітіруші 26 түлекке 20 маусым күні салтанатты түрде «Мемлекеттік үлгідегі білім беру туралы құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығымен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы аттестат  тапсырылды. Мектеп түлектері –Мұратбекқызы Ұлту, Слямгалиева Еңлік, СMayлов Бексұлтан, Құмарғазы Айым, Сағадиев Диас, Толеубек Айым, Осипова Алина «Алтын белгі» иегері атанды. Мектеп бітіруші  Генцельман Станислав, Иншаков Артем «Үздік үлгідегі» аттестатқа  қол жеткізді

      2022-2023 оқу жылындамектеп түлектерінің жоғары оқу орнына түсу үшін тапсырылатын  Ұлттық бірыңғай тестілеудің  жаңа форматымен оқушыларды, пән мұғалімдері мен ата-аналарды таныстыру жұмыстары жүргізілді. Әр оқушының жеке педагогикалық-психологиялық-әлеуметтік картасы жасалынып, бұл картаға оқу жылында алынған сынама тестілеу нәтижелері тіркеліп, мониторинг жүргізілді. Мектеп бітіруші түлектерді   ҰБТ-ке   дайындық жұмысының жоспары төрт бөлімді қамтыды: 

  • Ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыс;
  • Оқушылармен жұмыс;
  • Педагогикалық ұжыммен жұмыс;
  • Ата-аналармен жұмыс. 


Барлық пәндер бойынша дайындық сабақтарының кестесі жасалынып бекітілді.  Оқу жылының басынан жаңа форматқа сәйкес тестілеу тапсырмалары бойынша пән мұғалімдері дайындық жұмыстарын жүргізді. Дайындық жұмыстарында сынама тестілеу тапсырмалары Ұлттық тестілеу орталығының тапсырмаларымен алынды. Қазақстан Республикасы   Білім және ғылым министрінің   02.05. 2017 жылғы № 204 бұйрығымен бекітілген «Ұлттық бірыңғай тестілеуді және кешенді тестілеуді өткізу қағидалары»  негізінде Ұлттық бірыңғай тестілеуге мектеп бітіруші  26 түлектің 21қатысты. 5 оқушы  мемлекеттік емтихан тапсырумен шектелді. 

Дарынды оқушылармен жұмыс

 Жастардың бойындағы ынталылық, ойлылық, дарындылық, талаптылық, білімділік сынды озық қасиеттерді насихаттап, көшпілікке таныту мақсатында өтетін пәндік олимпиада – ғылымның алғашқы басқышы, бала санасына ғылымның алғашқы ізденістерін қалыптастырып, болашақ ғалымдарды баулитын, ғылымға еркін бойлайтын жастар қосынын қалыптастыратын ең үлкен және ең тамаша бағдарламалық бәсеке. 

2022-2023 оқу жылында бастауыш сынып оқушыларының көрсеткен жетістіктері

       Биылғы оқу жылында бастауыш сынып оқушылары айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. «Балапан» атты 5-7 жас аралығындағы оқушыларға арналған облыстық интеллектуалдық олимпиадасынан 11 оқушы, «Пони» халықаралық конкурсынан 5 оқушы, «Асыл тас» облыстық интеллектуалдық конкурсынан 9 оқушы,   «Кенгуру-математика барлығы үшін» интеллектуалдық ойын-конкурынан  15 оқушы, «Ақбота» зияткерлік олимпиадасынан 14оқушы, «Тұлпар» облыстық интеллектуалдық конкурсынан 7 оқушы, «Малахит» облыстық интеллектуалдық конкурсынан 7 оқушы, «Russian медвежонок» республикалық конкурсынан 8 оқушы жеңіс тұғырынан көрінді. 

     «Даналар сөзі - ақылдың көзі» атты аудандық өнер байқауында 2 «б» сынып оқушысы Адылқан Нұрлат 3-орын иеленді. 

      «Зерде» аудандық олимпиадасының тарих өлкетану, этномәдениеттану сексиясы бойынша 1-орынды, облыс бойынша 3-орында 3–сынып оқушысы Рахман Александр иеленді. Осы конкурстың аудандық кезеңінде 2-сынып оқушысы Адылқан Нұрлат 3-орын алды.

     Қазакша күрестен Советбеков Е.М аудандық деңгейде 1 және 2 жүлделі орындарды иеленді. «Күз сыйы» облыстық шығармашылық конкурсында 2а сынып оқушысы Тілейбек Хамза 1-орынды иеленді. 

    «2015-2016 жылы туылған Жасөспірімдер арасындағы қазақ күресінен» өткен аудан аралық турнирдан Дәулет Темірлан 2-орын алды. Топқайың аулының құрметті азаматы, сыбызғышы балуан Шанақ Ауғанбаевтың туғанына жүз жыл толуына және балалар жылына орай өткізілген жасөспірімдер арасындағы қазақ күресінен ауданаралық біріншілігінде Дәулет Темірлан 3-орын иеленді.

     «Бала сұлтан» аудандық жігіт сұлтаны байқауының 2 «б» сынып оқушысы Адылқан Нұрлат 1-орын иегері атанды.

Математика пәнінен «Алтын сақа» аудандық кезеңінен 3-сынып оқушылары Қадылбекова Аружан 2-орын, Слямханов Мади 1-орын иеленсе, 4-сынып оқушысы Бақытбек Аялы 1-орын алып, облыстық кезеңге жолдама алды. «Алтын сақа» олимпиадасының облыстық-республикалық кезеңінен 3-сынып оқушысы Слямханов Мади жүлделі 3-орынды иеленді.

         Бастауыш сынып арасындағы пәндік олимпиаданың аудандық кезеңіне мектептен 12 оқушы қатысты, облыстық  кезеңіне 3 оқушы қатысып, жүлделі орын алды. «Балдырған» аудандық 3-4-сыныптарға арналған пәндік олимпиададан «орыс сыныбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні» бойынша 3-сынып оқушысы Нохрина Виктория 1-орын, 4-сынып оқушысы Ахметов Руслан «орыс сыныбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні» бойынша 2-орын, 3-сынып оқушысы Омарбекова Кәмшат «қазақ сыныбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен» 2-орын, 3-сынып оқушысы Қадылбекова Аружан «Жаратылыстану-дүниетану» бағыты бойынша 1-орын, 3-сынып оқушысы Слямханов Мади «қазақ сыныбындағы орыс тілі пәні» бойынша 2-орынды иеленді. «Балдырған» облыстық 3-4-сыныптарға арналған пәндік олимпиададан «орыс сыныбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні» бойынша 3-сынып оқушысы Нохрина Виктория -орын, 3-сынып оқушысы Қадылбекова Аружан « Жаратылыстану - дүниетану » бағыты бойынша 2-орын, 3-сынып оқушысы Слямханов Мади «қазақ сыныбындағы орыс тілі пәні» бойынша 3-орынды иеленді.

       5-6 сыныптар арасында пән бойынша олимпиадаға 6 оқушы қатысты. Облыстық кезеңіне 4 оқушы қатысып, жүлделі орын алды. Математика пәнінен Омарбек Ерік 3-орын (мұғалімі: Қамза Д.Б.), орыс тілі пәнінен Акчаганова Айзия 3-орын (мұғалімі: Амренова А.Б.), қазақ тілі пәнінен  Алпысбаев Әбілмансұр 2-орын (мұғалімі: Темиргалиева А.Е.), ағылшын тілі пәнінен Серіков Мади 3-орын (мұғалімі: Жумаканова М.К.) иеленді.

        7-8 сыныптар арасында жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық цикл бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының аудандық кезеңіне 17 оқушы қатысып, 14 оқушы жүлделі орын алды. Облыстық кезеңіне 4 оқушы қатысып, ағылшын тілі пәнінен Жалғасқызы Еңлік 3-орын (мұғалімі: Бельгубаева Г.Д.), орыс тілі пәнінен  Шамшура Данил 3-орын (мұғалімі:Темиргалиева А.Е.) иеленді. 

9-11 сыныптар арасындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне 25 оқушы қатысып, 18 оқушы жүлделі орын алды. Облыстық кезеңіне 8 оқушы қатысып, орыс тілі пәнінен Есболқызы  Елдана 3-орын (мұғалімі: Орынбаева А.Н.),  Қазақстан тарихы пәнінен Шуткина Алена 3-орын   (мұғалімі:Оканов А.К.), қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Мұратбекқызы Ұлту 3-орын (мұғалімі: Баймухамбетова Г.К.), ағылшын тілі  пәнінен   Ризабекова Сабина 3-орын (мұғалімі. Магауянова Г.Е.) иеленді. 

11-сынып оқушысы Осипова Алина Руслановна «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумына қатысып облыстық кезеңінде І орын, республикалық кезеңінде ІІ орын (мұғалімі Қарагаева Р.) алды.

Мектебіміздің мақтанышы, дарынды, үздік оқушымыз Мұратбекқызы Ұлту Астана қаласында өткен "Қазақстан жолы: жасампаз ел мұраты" атты семинарға аудан атынан  қатысып қайтты. Ұлту  республикалық «Жыл оқушысы» конкурсының облыстық кезеңіне қатысып, І орынға ие болды.

   Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, «Құрмет» орденінің иегері Қанипа Бітібаева атындағы республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысқан 10«б» сынып оқушылары Қайырлықызы Аяужан,              Болатхан Мөлдір жүлделі ІІІ орындарға ие (мұғалімдері: Слямова К.Т, БаймухамбетоваГ.К) болды.

        Облыстық "Өз өлкеңнің мамандық тұлғасынан сұхбат жүргізу" видеосюжеттер байқауына 6«а» сынып оқушысы Бекболатова Еркеназ қатысып, 2 орын иеленді. Жетекшісі: Ромбаева А. Ж.

        9 сынып арасында спорттық робототехника бойынша Robottime  облыстық чемпионатының аудандық кезеңіне 2 оқушы қатысып, жүлделі орын алды. 9 «б» сынып оқушылары Әшімханов А., Омарқанова А. 3 орын (мұғалімі: Танашанова А.Т.) иеленді. 

        Келесі оқу жылында да балаларды көптеген конкурстарға ,олимпиадаға қатыстыру жоспарлануда.


ІІ.   Әдістемелік жұмыстарға талдау

Педагогикалық кадрлармен жұмыс, мұғалімдердің біліктілігін арттыру және аттестациялау

Мұғалімдердің штаттағы жалпы саны-65 жоғары білімді-57 (90 %), сапалық құрамына келетін болсақ: педагог-зерттеуші- 12 (18 %), педагог-сарапшы -12 (18 %), педагог-модератор 19 ( 46%),  екінші санатты-1, жас мамандар – 9 (15 %)құрайды.   2022-2023оқу жылындағы магистр дәрежесі бар педагогтардың үлесі   3 % құрайды.

ҚазақстанРеспубликасыныңБілімжәнеғылымминистрінің2020жылғы11мамырдағы №192 бұйрығымен бекітілген «Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) қағидалары» ережесінесай2022-2023оқужылыныңмектепішілікбіліктіліксанатынберу(растау)жөніндегі комиссияотырысыныңхаттамасыныңшешімібойыншатамызда1педагог- модераторғабіліктіліксанатыберілді,АББ-не1педагог-модераторғақұжатұсынылды.  

Кадрлардыңбіліктілігінарттырудыңперспективалықжоспарыжасақталынған.2022-2023 оқу жылында барлығы 18 педагог біліктілік арттыру курсынан өтті. 

2022-2023 оқу жылында мектебімізде 9жас маман жұмыс атқарды. Оның үшеуінің еңбек өтілі 1жылға дейін, қалғаны еңбек өтілі 3жылға дейінгі мамандар. 3 жас  маманға   тәлімгер болып педагог–зерттеуші санатындағы мұғалімдер  бекітілді. Зәкешова Ақбота Қанатқызына тәжірибелі ұстаз Баймухамбетова Г.С., Рахимжанова Гаухар Жакупбековнаға  педагог-зерттеуші  Баймухамбетова Г.К., Орынбаева Ақмарал Нурлановнаға педагог-зерттеуші Жумажанова М.С. жетекшілік етеді.Тәлімгерлер өз жұмыстарын ҚР БҒМ-нің №160 бұйрыққа сәйкес жоспарлап, жүргізеді. Оқу жылының басында тәлімгерлер жас мамандардың   пәндері бойынша оқу бағдарламарымен таныстырып, түсіндірмелі жұмыстар жүргізді. Мектеп жазбаларын жүргізу (сынып журналдарымен жұмыс, күнтізбелік- тақырыптық жоспарлау және сабақ жоспарларын құру) сияқты  әдістемелік көмек көрсете отырып, жаңа технологиямен жұмыс етудегі оқыту міндеттерімен таныстырып өтті. Жас мамандармен «Қалың қалай, жас маман», «Жаңғыру жолындағы жас маман» тақырыбында коучингтер жүргізілді.   

Шығармашылық топтардың жетекшілерітағайындалады.

«Идеall» шығармашылық тобының жетекшісі А.Е.Темиргалиева.

 2- шығармашылық топ жетекшісі М.К.Жумаканова.

«Aurum»шығармашылық тобының жетекшісі М.С.Жумажанова.

4-шығармашылық топ жетекшісі Б.Е.Қабдрахманова.

5-шығармашылық топ жетекшісі Г.К.Мухамеджанова.

Олар жалпыбасқарушылықфункцияныатқарады. Онымен бірге жұмыс жасайтын тұрақты ұйымдастырушы құрамы болады.   Олар жоспарланған жұмыс түріне қарай ерікті түрде қатысады немесе ұйымдастырушы топтың өтінішіне байланысты қандай да практикумдар өткізеді.

      Биылғы оқу жылында шығармашылық топ мұғалімдері мектептегі білім беруді жаңарту жағдайында мұғалімдердің кәсіби шеберлік деңгейін ұдайы арттыру, мектептің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді дамыту мақсатын қойды.  

      Барлық мұғалімдер өз қызметін келесі бағыттар бойынша жүргізді:

- шығармашылық өзін-өзі көрсетуді ынталандыру, педагогтардың кәсіби әлеуетін ашу.

- білім берудің жаңа мазмұнын қалыптастыру.

- оқу процесін ақпараттандыру.

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің Мемлекеттік жалпы білім беру стандартын іске асыру жөніндегі іс-шаралар:

  -мұғалімдердің ғылыми-әдістемелік және эксперименттік іс-әрекеті;

 - оқытушылардың студенттермен бірлескен жобалық-зерттеу қызметі;

 - мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру жөніндегі іс-шаралар;

 -түрлі деңгейдегі олимпиадаларға, зияткерлік сайыстарға дайындық бойынша дарынды оқушылармен бірлескен іс-шаралар.

  Шығармашылық топ  отырыстарында мұғалімдер жоспар бойынша оқытудағы өзекті тақырыптарды талқылады. Мысалы, «Заманауи сабақ – кәсіби өсудің жеке стратегиясы», «Мұғалім мен оқушылардың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін білім беру кеңістігін құру», «Оқушылардың оқу-шығармашылық ынтасын арттыруға АКТ-ның әсері», «Жетістіктер мен оқытудағы шешімін таппаған мәселелер.  Шығармашылық топ жұмысының нәтижелерін талдау, проблемаларды анықтау және оларды түзету жолдары». Осы тақырыптарды талқылау барысында мұғалімдер теориялық бөліммен таныстырды, тәжірибеде мысалдар көрсетті, тәжірибе алмасты, материалдармен бөлісті. Шығармашылық топ отырыстарында  
 - 2022-2023 оқу жылының әдістемелік нұсқау хатпен таныстыру;
 - педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау ережелерімен таныстыру;
 - оқыту және тәрбиелеу нәтижелерін мониторингілеу;
 - ӘБ жұмысы;
 - педагогикалық технологияларды қолдану әдісі арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру;
 - онлайн оқу технологияларымен жұмыс жасау;

-жаңа платформаларды меңгеріп өз сабақтарында қолдана алу;
 - дарынды балалар жұмысының қорытындысы сияқты мәселелер қарастырылды.
      Шығармашылық топтардың жұмысын саралай келе, мектеп мұғалімдері  әр оқушының бейімділігіне, қызығушылығына, қабілетіне сәйкес оның сұранысын қанағаттандыратын заманауи коммуникативті оқыту жүйесін құру жолында жұмыс істеп жатқанын айта кеткен жөн. 

Қорытынды: Шығармашылық    топтардың  2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспары орындалып,  жұмысы «қанағаттанарлық» деп бағаланды. 

Келесі оқу жылына ұсыныстар:

  1. Өз білімін  жетілдіру және өзара сабаққа қатысу арқылы педагогикалық дағдыларды жетілдіруді жалғастыру.

2.  Жаңашыл педагогтардың озық педагогикалық тәжірибесін пайдалану.

3. Барлық мұғалімдер өз жұмысында АКТны пайдаланып, интерактивті технологияларды белсенді түрде қолдануы керек.

4. Жобалау және зерттеу жұмыстарын қолдану.

5. Дарынды балалармен жұмыс істеуге көбірек көңіл бөлу.

6. Оқушылардың пәндер бойынша жетістіктерін бақылау.



2022-2023 оқу жылындағы тәрбие жұмысын талдау

Мектептегі тәрбие жұмысының мақсаты: "Spiritual Excitement" бағдарламасын іске асыру жағдайында тәрбие мен оқытудың жаңа құндылықтарын, қазіргі әлеуметтік-мәдени маңыздылығын ескере отырып, тәрбие мазмұнының моделін түсіну.

  1.   2022-2023 оқу жылындағы тәрбие жұмысы жеке тұлғаны тәрбиелеудің тұжырымдамалық негіздері шеңберінде іске асырылды, оның негізгі идеясы Абайдың "Толық адам"рухани мұрасында бейнеленген үйлесімді дамыған адамның ұлттық бейнесі болып танылады. Білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойылды: "Spiritual Excitement" бағдарламасының қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі бағыттары контексінде өсіп келе жатқан адамның жеке тұлға және субъект ретінде, тұлға және тұлға ретінде даму процесін басқаруды білдіретін мақсатты тәрбиені жүзеге асыру. Осы оқу жылында мектептің тәрбие жұмысы келесі жобалар бойынша жүргізілді:


  1. «Отбасы-ортамектеп»,
  2. «Оқуғақұштармектеп»,
  3. «Еңбек–елдіңмұраты»,
  4. «Ертежастанэкологиялықмәдениет»,
  5. «Қоғамғақызмет»,
  6. «Психологиялық қызмет және мектептегі татуласу қызметтерін ұйымдастыру», Осы жобаларды іске асыру білім алушылардың тәрбиелік, өмірлік кеңістігінің әлеуетін кеңейтуге, жеке тұлғаның өзекті қажеттіліктері мен қабілеттерін іске асыруға мүмкіндік береді.

               2022-2023 оқу жылында мектепте тәрбие жұмысы 8 бағыт бойынша жүргізілді: 

1-бағыты: Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие.

2-бағыт:Рухани-адамгершілік тәрбие 

3-бағыты: Ұлттық тәрбие

4-бағыт : Отбасылық тәрбие. Ұлттық сәйкестік

5-бағыт:Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие.

6-бағыт:Көпмәдениеттік  және көркем-эстетикалық тәрбие.

7-бағыт: Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу

8-бағыт: Дене тәрбиесі салауатты өмір салтын

1-Бағыты: Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие. Прагматизм.

Мақсаты: Отанға ұтымды және эмоционалдық қарым-қатынасы, мемлекет пен қоғамның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңсыздыққа қарсы тұратын, балалар мен жастар ортасында қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұруға дайын заңдарын меңгеру және сақтау қажеттілігі  бар патриот пен азаматты қалыптастыру. 

Жоспарға сәйкес бірінші бағыт бойынша балаларда патриотизмді дамытуға бағытталған жыл сайынғы мектеп іс-шаралары өткізілді. 

30 тамызда Конституция күніне орай келесі іс-шаралар өткізілді:"Ата Заңым - Айбыным" атты 10А сыныбымен тәрбие сағат және Парламенті мен Жас Ұлан ұйымы мүшелері 5 сыныптар арасында "Ата Заңды сақтау-міндетіміз" іс-шара өткізілді. 
 Оқу жылында сынып сағаттары патриоттық тақырыптар өткізілді
.1 қыркүйегінде 1-11 сыныптардың сынып жетекшілері «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» Республикалық бірыңғай сынып сағатын өткізді. 

    "25-қазан Республика күні" мерекесіне орай "Менің Отаным - Қазақстан" тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді, "Атамекен", "Қыран елім-Қазақстаным", "Моя Родина-Республика Казахстан" тақырыптарына оқушылар арасында диктант жазды, «Отаным - бақыт отбасы» атты салтанатты сапжиын ұйымдастырылды.

  16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 2-7 оқушыларымен "Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік!" атты тәрбие сағаттары өтті. Мақсаты: Еліміздің тарихын оқушыларға таныстыру,желтоқсан оқиғасы туралы шындыққа көз жеткізу, елін,жерін қорғауға тәрбиелеу. Тәуелсіздік күніне орай 2-9 сыныптар арасында "Менің елім", "Отан", "Тәуелсіз Қазақстан", "Менің Отаным-Қазақстан", "Туған жер-тұғырың" тақырыптарында диктант жұмыстары жазылды. Мектеп Парламенті мен "Жас Ұлан" ұйымы бірлесе отырып, «16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні» атты әдеби танымдық кеш ұйымдастырады, патриоттық ән байқауы5-7 сыныптар арасында Амзе Ж. өткізді.Тәуелсіздiк мерекесіне орай "Тәуелсіздік - бәрiнен қымбат" атты Республикалык бiрыңғай "Жас Ұлан","Жас Қыран" балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушыларды қабылдау салтанатты сапжиыны өтті.
      Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күніне орай «Ауғанның отты жалыны» атты ерлік сабағы 10б сыныбында өтті.Арнайы қонақ ретінде ауған соғысы ардагері Жанбекиров Алтай қатысты.Іс шараны өткізген: Өзін-өзі басқару ұйымының мүшесіҚайырлықызы Аяужан жәнеАӘТД пәні мұғалімі Рамазанов Талғат Пайзолдаұлы.  

    5-сыныптарында "Ауғанстан жолдарымен"атты интернационал-жауынгерлермен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге ардагер жауынгерлер: Джамбакиров Алтай Шайзатұлы мен Мұсабаев Кенжехан Гапарович қатысты. Өткізген тарих пәнінің мұғалімі: Қабдрахманова Б.Е.

     "Ауғанстан ақиқаты" 7а-7б сыныптарда ашық тәрбие сабақ өтті.
 Тәрбие сағаттың мақсаты: Оқушыларға Ауғанстан соғысы туралы мәлімет беру және келешекте әскери, азаматтық борышын адал өтеуге, өз халқына, өз еліне адал қызмет етуге тәрбиелеу. Өткізген сынып жетекшілері: Жунусова Г.А. және Амзе Ж. 

     7мамыр - Отан қорғаушылар күніне және 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күніне арналған сынып "Туған жер - тұғырың" атты сағаттары өткізілді. 

тәрбиелеу.Ұйымдастырушылар: мектеп кітапханашылары

1941 - 1945 жылғы Ұлы Отан Соғысында неміс басқыншыларын талқандауда Қазақстан халқының Mayданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін паш еткен отты жылдары туған жырларды жаттау арқылы жас ұрпақты отансүйгіштікке, ел жандылыққа тәрбиелеу мақсатында 8-10 сынып оқушылары арасында мектепішілік "Майданда туған жырлар" атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.. Сайыс 8 "а" сынып жетекшісі Теміргалиева А. Е.-ның ұйымдастыруымен өткізілді. Осы мерекеге орай 5-6 сынып оқушыларымен бірлесіп "Әлем балалары соғысқа қарсы" асфальтқа сурет салу ұйымдастырылды. Ұйымдастырушы: 5 "в" сынып жетекшісі Рахымжанова Г.Ж. 

Мектеп өзін-өзі басқару және «Жас қыран», «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер қозғалысының жұмысының мектеп тәлімгерінің  2022-2023 оқу жылында атқарған жұмыстары туралы есебі


2022-2023оқу жылында 1-11-сыныптарында 443 оқушы білім алуда. «Жас ұлан» ұйымында 271, «Жас қыран» ұйымында 172 оқушы. Мектеп Ұланбасы  9 «А» сыныбының оқушысы Есболқызы Елдана.

 «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына  биылғы жылы 12 жыл, 7 – бағыт бойынша жұмыс жасайды.

Мектебімізде Мектеп Ұланбасы 9 а сынып оқушысы Есболқызы Елдана, Мектеп Парламентінің президенті  Умутбаев Арғын 11 а сынып оқушысы өзін-өзі басқару ұйымы оқушыларымен  ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді. 

Мектеп директорының бекіткен жоспары бойынша төмендегі жұмыстарды атқарды.  «Білімге ұмытылу, еңбексүйгіштік және Отаншылдық» атты алғашқы қоңырау салтанатты сапжиыны ұйымдастырылды. 

1 Қыркүйек Қазақстанның барлық мектептерінде «Жалпы құқықтық білім беру» атты 10-11 сыныптармен  Қүршім аудандық полиция бөлімінің  аға тергеушісі  1. «Қылмыстық жауаптылықтың жасы»,   2. «Есірткі қылмысының алдын алу» тақырыбында лекция өткізілді. Сонымен қатар мектеп инспекторларымен бірлесіп оқушылармен кездесулер өткізіліп отырады.Ұстаздар мерекесіне орай ,өзін-өзі басқару ұйымының оқушыларымен «Дублерлар күні» өтті. Мұғалімдерге видео ролик түрінде құттықтау жолданды, әр мерекеге күндері 8а,б,в безендірулер ұйымдастырылды. 

        15 Қыркүйек Қазақстандағы отбасы күніне орай Жас Ұлан белсенділері «Отбасы құндылықтары» челленджге қатысты.Мектеп активтерімен оқушылардың санитарлық жағдайыды сақтауларына,сырт киімдеріне  рейд      жасалынды.Аптасына 1 рет отырыс өткізіліп,оқушылармен атқарылатын жұмыстар жоспарланып тұрады.Ұйым мүшелері апта бойы кезекшілік атқарып,сабақтан кешіккен,форма сақтамаған оқушылармен  жекелей жұмыстар жүргізеді. 

          Мектепішілік «Күз ханшайымы» 9-11 сыныптар арасында сайыс ұйымдастырылып, «Жас Ұлан» ұйымының белсендісі 8 «А» сынып оқушысы Фархатқызы Аяужан аудандык  «Күз ханшайымы 2022» сайысына қатысып 2 орын,  аудандық «Таңшолпан-2022» байқауына 6 «Б»сынып оқушысы Ерназқызы Инабат 2 орын иеленді.

        Мектебіміздің 3-11 сынып оқушылары,сынып жетекшілерімен ардагер,зейнеткер 27 ұстаздарын,кіші қызметкерлерін құттықтап, кездесулер, бейнероликтер  ұйымдастырылды.

        Мектеп парламенті, «Жас Ұлан» ұйымының белсенділері ауданға 9,11 сынып оқушыларымен мектебіміздің түлегі актер Болсаев Ринатпен кездесу өтті.Оқушылар әр аптаның бейсенбі күндері  «Еңбек –елдің мұраты » жобасы аясында мектеп ауласын тазалауға қатысты. Әр мерекеде өнерлі оқушылар концерттік номерлер  ұйымдастырылды.  Құстарға қамқорлық, Отбасы күні, әр түрлі тақырыпта суреттер сайысына қатысып марапатталды. Өткізілген іс-шаралар мектептің инстаграм,фейсбук парақшаларына жүктеліп отырады. Аудандық кітапхана,Балалар Шығармашылық Үйі,Аудандық Мәдениет үйімен оқушылардың бос уақыттары ұйымдастырылды. Мектеп парламенті мен Жас Ұлан   белсенділерінің ұйымдастырумен   Облыстық «Ұстазым менің ұстазым» атты бейнеролик сайысына мектеп Ұланбасы Есболқызы Елдана қатысты.

       2022-23 оқу жылында 12-13 қазан аралығында «Қазақстан жолы:Жасампаз ел мұраты» атты семинар тренингке аудан мектептері атынан  мектебіміздің мақтанышы, белсенді және дарынды, үздік оқушымыз Мұратбекқызы Ұлту катысып қайтса, Бекболатова Еркеназ  20 Қазан - 8 Қараша аралығында Ақмола облысы Щучье қаласында «Балдәурен»ұлттық білім беру сауықтыру орталығына мектептегі өзін-өзі басқару ұйымдарының көшбасшылары мен дебатерлердің Республикалық слетына жолдама алып, қатысты. Аудандық КВН-да «Гагарин балдары» командасы 1 орын иеленді. Жаңа жылдық шырша кесте бойынша ұйымдастырылды.Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күніне орай «Ауғанның отты жалыны» атты ерлік сабағы өтті.Арнайы қонақ ретінде ауған соғысы ардагері Жанбекиров Алтай қатысты.Сабақ патриотизм мақсатында өтті. Іс шараны Өзін-өзі басқару ұйымының мүшесі Қайырлықызы Аяужан ұйымдастырды. 

«Жас Ұлан» ұйымының өнерпаздары ата-аналарға арналған «Өнеге отбасынан басталады» тренинг барысында, 7 «Б» сынып әншілері Бақытбекқызы Аяулым,Аныбекова Саяжан өнер көрсетіп, гүл таратты. Мектеп өзін-өзі баасқару ұйымының белсенділері «Күй күмбірі»республикалық домбырашылар челленджіне қатысты.7, 8, 9 сыныптар арасында  Исторический Калейдоскоп «Мой Казахстан» интеллектуалды ойын ұйымдастырылды,мектеп өзін-өзі басқару ұйымының мүшесі Арина Золотавина өткіздіЖас Ұлан ұйымының оқушылары «Алғыс айту» күніне арнап қабырға газетін шығарды. Мектепшілік «Наурыз-2023»мерекесі мектеп алдында киіз үйде, 8 топқа кесте жасалып, жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

        «Күршім аруы -2023»байқауында Ғалымбек Томерис 1 орын , «Биле, биле-2023»байқауында жеке би номенация бойынша 9 «А»сынып оқушысы , мектеп Ұланбасы Есболқызы Елдана 2 орын,топ би номинациясы бойынша «Көзайым»бишілер тобы «Өнерлі» номинациясымен марапатталды.

       Мектеп парламентінің президенті Умутбаев Арғын аудандық слетке қатысып, мектепте атқарылып жатқан өзін-өзі басқару ұйымының жұмысымен бөлісіп,сайыстарға қатысып, бір күндік марқакөл көліне демалуға жолдама алды.

          Сейілханова Шұғыла республикалық  Мұқағали Мақатаевтың жастар арасында дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған 1 Халықаралық «Мұздама,жылы жүрегім!»атты байқауға қатысып 1 дәрежелі дипломмен марапатталды.

          Мектептің 63 жыл туған күніне орай «Өзін-өзі басқару ұйымы» оқушылары «Мектебім мақтанышым!» атты открыткалар сайысын 10 «Б» сынып оқушысы Қайырылықызы Аяужан 5-8 сыныптар арасында өткізсе, 10 «Б» Сейлханова Шұғыла «Мектебім мақтанышым!» атты оқушылардың өздері шығарған өлеңдерінен көркем оқу сайысын ұйымдастырды. Өнерлі оқушылармен 9 «А» сынып оқушысы, Жас Ұлан ұйымының белсенді мүшесі Слямханова Алинаның ұйымдастыруыменен «Мектебім мақтанышым!»атты концерттік бағдарлама ата-аналарға,мектеп ұжымына тарту етті. 10 «А»кадет сыныбының сарбазы Никитенко Рафаэль Юрьевич аудандық «Жігіт сұлтаны-2023»байқауына қатысып «Бас жүлде»иеленді.  15 мамыр «Отбасы»күніне орай мектеп өзін-өзі басқару ұйымы белсенділері бейнеролик,сурет көрмесін ұйымдастырды. Парламент президенті Арғын Умытбаев ұйымдастыруымен түлектермен мектеп алаңына көшеттер отырғызды.

Қорытынды: мектебіміздің «Өзін-өзі басқару ұйымы» «Жас Ұлан» ұйымы жемісті жұмыс атқарып келеді. Нәтижесінде оқушылар арасында коммуникативті, заман талабын сай көшбасшылар оза шығып жатыр. Біздер тәлімгерлердің міндеті мен мақсаты осы.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жұмыс

31 шілде 2015 жылғы 03-1-4/2910 бұйрығы негізінде «Білім туралы» Заңының 8- бабы 2-тармақшасына сәйкес ақша жинауға жол бермеу мақсатында «Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ата-аналарынан ақшалай қаражат жинауға тыйым салу туралы» бұйрығымен таныстырылып, арнайы бұрыш жасалды.

      Мектепте   құқық бұзушылықтардың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі облыстық жоспарды іске асыру мақсатына бағытталған жұмыс жүргізілуде: 

  Қыркүйек айында сыбайлас жемқорлыққа байланысты жұмыс жоспары жасалып, бекітілді.

     Мектептің 1-қабатында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында оқушылар мен ата-аналарға арналған мектептегі теріс әрекеттер, ұрлау және күшпен ақша алу жағдайларын кездестіру кезінде оқушылар өз ескертулерін жасап, өтініштерін хат жазу арқылы білдіретін арнайы «Сенім жәшігі» ілінген. Бұл жәшікке келіп түскен өтініштер мен хаттар апта соңында мектеп әкімшілігі және мектеп инспекторының қатысуымен алынып, жұмыс жүрізіліп, қаралады. Сонымен қатар, сенім телефондары жазылып, көрсетілген.

    Білім беру ұйымдарында ата-аналардан ақша жинау туралы фактілерінің орын алуын болдырмау мақсатында мұғалімдермен, сынып жетекшілермен үнемі жиналыстар өткізіліп, түсінік жұмыстары жүргізіліп тұрады.Қамқоршылық кеңесте мектеп директоры жоспар бойынша істелінген жұмыстарға,мектептің  бюджеттік қорының жұмсалуы туралы есеп береді. Барлық   өткізілген іс –шаралар туралы ақпарат мектептің сайтында уақтылы жарияланып отырады.

        Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағдарламасына сәйкес рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбие аясында мектепте «Адал ұрпақ» клубы жұмыс істейді жетекшісі А.Ромбаева.


«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жылдық есебі

«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының негізгі мақсаты: рухани адамгершілік және азаматтық – патриоттық тәрбиелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту, оқушылардың заң талаптарына сақтауға ынтасын қалыптастыру.

Осыған орай жоспар бойынша барлық іс-шаралар атқарылды. Сыныптарда сынып басшылары тағайындалды,мектепте «Парасатты азамат» бұрышы қайтадан өзгертілді, 5-10 сынып аралығында «Адал ұрпақ» клубының мүшелері тағайындалды, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубыныңміндеттері туралы дөңгелек үстелдер өткізілді. Жауапты мұғалімдер өздеріне тиесілі іс-шараларды уакытымен өткізіп отырды.

«Адал ұрпақ» клубында 18 оқушы, тәлімгер, бар. «Адалдық дүкені»  атты оқушыларды қоғамдағы сенім атмосферасын құру және өзін адал адам ретінде мүмкіндік беру мақсатында сату алаңы өткізілді.

«Мұхтар мұрасы – парасаттылық бастауы» тақырыбында 6-8 сыныптарға онлайн-бейнедәріс арқылы Мұхтар Омарханұлының шығармашылығы арқылы жастарға жақсы біліммен қатар әділдік, парасаттылық және сенім құндылықтарының маңыздылығы түсіндірілді. Өткізген: Танашанова Асель, Ромбаева Алмагуль.

9 желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні  «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбы аясында 5-8 сыныптар арасында суреттер байқауы ұйымдастырылды. Ә бір оқушының жүрегінен шыққан адалдық жолы туралы салынған оқушылардың арасыннан марапаттарда белгілі болды. Оларға арнайы Мадақтама -Грамоталар таратылды.

https://www.instagram.com/p/CmhGLXjL38n/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==

9-11 сынып оқушылары арасында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес- көптің ісі» атты видеобайқауға 10 «а», «б» сынып оқушылары белсенділік танытты. https://www.instagram.com/p/CmhGLXjL38n/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA== Әр сыныптың видеоларына баға беріліп, номинация бойынша марапаттар берілді. 1-11 сыныптар арсында «Адал болу адамға не үшін қажет?», «Жемқорлық- ғасыр дерті», «Сыбайлас жемқорлық және сыбайлас жемқорлықтың салдары» атты сынып сағаттары өткізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүгінгі күн талабы аясында «Сыбайлас жемқорлыққа біз қарсымыз» атты 6 сыныптар арсында сурет байқауы ұйымдастырылды. 

"Адалдық дүкені" жобасының мақсаты қоғамдағы сенім атмосферасын құру,оқушыларға өзін лайықты және адал адам ретінде анықтауға мүмкіндік беру. Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т. б адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету мақсатында 6-9 сынып оқушылармен "Қанипа Бітібаеваның мұрасы - ізгіліктің бастауы" тақырыбында адалдық сағаты өткізілді. Өткізген: сынып жетекшілері Ромбаева А. Ж., Танашанова А."Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз"атты 6 сыныптар арасында сурет сайысы ұйымдастырылды. Аудандық «Парасатты отбасы» байқауында Ромбаевтар отбасысы қатысып, жүлделі І орынға ие болды. Оқу жылының басында жоспарланған іс-шаралардың барлығы уақтылы өткізілді.

"Жас сарбаз"әскери патриоттық клубының 2022-2023 оқу жылының есебі


               Біздің мақсатымыз : Отанға деген сүйіспеншілігі мен оқушылардың азаматтығын қалыптастыру.                    Міндетіміз: Жас отан қорғаушыларды әскери борышын өтеуге ҚР ҚК қызмет етуге даярлау. Отансүйгіштік,адамгершілік,білімге құштарлық,батыл рухты тұлғаларды қалыптастыру. Белгілі қазақ елінің батыр тұлғалардың ерлік жолдарын үлгі тұту. 10-11 сынып оқушылары мен Әскери-патриоттық тәрбиелеудегі құндылықтар, Әскерге психологиялық дайындық тақырыптарында клуб мүшелері мен сабақ өткізілді."Жас сарбаз"клубының жетекшісі Рамазанов Т.П жыл көлемінде Шекара әскери бөлімнің офицерлерімен кездесуі, Күршім полиция қызметкерлері және Өрт сөндіру бөлімінің мамандары мен мамандық бойынша оқу орындарына түсу туралы кездесулер өткізілді.10-11сынып звод командирлерімен бірге "Қайсар" әскери патриоттық эстофетасы Иван Панфиловтың 130 жылдығына орай және Панфилов дивизиясының батырларына арналған "Ешкім де ұмытылMayды,ештеңе де ұмытылMayды" клуб мүшелері интерактивті сабаққа қатысып, өздеріне мол тарихи мағлұмат алды.2023 жылдың 1 наурыз  "Азаматтық қорғаныс "күніне орай клуб мүшелерімен Жер сілкінісі жағдайында мектеп ғимаратынан шығу жағдайлары мен шығу жолдары практикалық жаттығулар жасалды. 


10 «а» Жас сарбаз сыныбының жылдық есебі

Қыркүйек айында мектебімізде дәстүрлі «Күз ханшайымы» мектепішілік сайысы өтті. Бұл сайысқа сыныбымыздан Қадерова Қарақат қатысып екінші орыннан көрінсе, Тілейбек Айша «Қар барысын бірге сақтайық» атты сурет салу конкурсында жүлделі 1-орынға ие болды.Ұйымдастырушылар мақтау қағазымен марапаттады және сыйлыққа ұялы телефон сыйлады.«Күз сыйы» атты облыстық сурет салу байқауына қатысқан оқушыларымыз Тілейбек Айша 1-орын, Тоқа Шынар 2-орынға ие болды. Байқауға дайындаған технология пәні мұғалімі Амзе Жангүл. Өскемен қаласында өткен «Қауіпсіздік мектебі-2022» сайысына 10 «а» Жас сарбаз сыныбының оқушыларынан құралған команда қатысып, «Алғырлар» номинациясына ие болды.  Желтоқсан айында Өскемен қаласында өткен облыстық ҚР Тәуелсіздік күніне орай жеңіл атлетикадан  өткен   жарыста Мәулімхан Рабиға 1-орынға ие болды. Күршім ауданы бойынша 9-11 сынып оқушылары қыздары арасында өткен 3 шақырым қашықтықтағы шаңғы жарысында Жанболатова Жансая 1-орын, Мәулімхан Рабиға 3-орыннан көрінді. Жарысқа дайындаған дене шынықтыру пәні мұғалімі Жунусова Г.А   Қаңтар айында 10-11 Жас сарбаз сыныптары арасында әскери-патриоттық сайыс ұйымдастырылды. Әр командада 5 оқушыдан барлығы 20 оқушы қатысты. Сайыс өте тартысты өтті. Оқушылар барын салып өз өнерлерін ортаға салды. Ұйымдастырған: Қайролла Ү.Х, Ақтекенов Е.С. Ақпан айында №3 гимназияда Күршім ауылы мектептері арасында Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына байланысты әскери – спорттық сайыс ұйымдастырылды. Бұл сайыста №3 гимназия командасы 1-орын, №1 мектеп командасы 2-орын, №4 мектеп командасы 3-орынға ие болды.Ұйымдастырған БӘД пәні мұғалімдері.  Осы айда Өскемен қаласында жеңіл атлетикадан өткен облыстық сайыста Мәулімхан Рабиға 1-орын, Жанболатова Жансая 3-ші орынға ие болды.  Құйған ауылында өткен шаңғы жарысына оқушымыз Жанболатова Жансая қатысып, 2-орынға ие болды. Сәуір айының 26 күні аудандық мәдениет үйінде «Жігіт сұлтаны – 2023» аудандық байқауына мектебіміздің атынан Никитенко Рафаэль қатысып, бас жүлдені жеңіп алды. Мәдениет және спорт саласының басшысы  Дүйсенғазин С. мақтау қағазымен марапаттап, қазақтың қара домбырасын сыйға тартты. Дайындаған: сынып жетекшісі Қайролла Ү.Х мектебіміздің мұғалімдері Жунусова Г.А, Амзе Ж. Мамыр айында аудан мектептері арасында «Қайсар – 2023» әскери – спорттық сайысы өтті. Бұл сайысқа ауданның 10 мектебінің командалары қатысқан болатын. 40 оқушы қатысқан бұл тартысты додада №1 мектептің Жас сарбаз сыныбының оқушылары қатысқан команда 1-орынды жеңіп алды. Айта кетсек олар: Табысбек Шалқар 1-орын, Никитенко Рафаэль 2-орын, Сәдуов Алихан 3-орын. Оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды және 2535 әскери бөлімінің қызметкерлері демеуші ретінде сыйға тартқан Жасыл береттерге ие болды. Дайындаған: Қайролла Ү.Х

9 мамыр Жеңіс күнінде мектеп мұғалімдері ескерткіштерге гүл шоқтарын қойды, 10 «а» Жас сарбаз сыныбының оқушысы Мәулімхан Рабиға ел алдына шығып құттықтау сөз сөйледі.19 мамыр күні Сарытау стадионында жеңіл атлетикадан жазғы спартакиада өтті. Бұл сайысқа да қатысқан оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ Табысбек Шалқар 3000 м жүгіруден 1-орын, Никитенко Рафаэль 400 м жүгіруден 1-орын, Мәулімхан Рабиға 400 м жүгіруден 2-орын, Жанболатова Жансая 2000 м жүгіруден 2-орын. ҰОС ардагері С. Тоқаев атындағы қол күресінен өткен турнирде 60 кг салмақ дәрежесінде Кеңесханов Айбол 2-орынға ие болды.

Құқықтық тәрбие

      Оқу жылы барысында мектепте оқушылар, педагогтар және ата-аналар үшін құқықтық насихаттауды жүзеге асыру мақсатты түрде жүргізілді. Құқықтық бағыттың мақсаты жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының алдын алу, сондай-ақ оқушылардың азаматтық белсенділігін тәрбиелеу және оқушылардың жеке басын дамыту болып табылады.

      Құқықтық тәрбие міндеттері:

-балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру;

-олардың тәрбиесінің, жауапкершілігінің және әлеуметтік белсенділігінің жоғары деңгейін қалыптастыру;

-тұлғаның әлеуметтік құзыреттілігін дамыту.

      Тәрбие нәтижелеріне қол жеткізу үшін жұмысқа мектеп психологтары, әлеуметтік педагог, аға тәлімгер, полиция, ТЖМ және өрт қауіпсіздігі органдарының өкілдері тартылды, олар сынып сағаттары мен сыныптан тыс іс-шараларды өткізуге көмектесті.

Бекітілген жоспарға сәйкес іс-шаралар өткізілді:

- 1-қыркүйек Қазақстанның барлық мектептерінде "Жалпы құқықтық білім беру" өткізілді. Біздің мектепте 10-11 сынып аралығында Күршім аудандық полиция бөлімінің аға тергеушісі Mayор Е.Ақтанов лекторий өткізді. Ол келесі тақырыптар бойынша дәрістер оқыды:
 1. Қылмыстық жауаптылықтың жасы.
 2. Есірткі қылмысының алдын алу.
 3. Зорлық-зомбылықтың болып қалмау және өз құқықтарын қорғау үшін қайда жүгінуге болады.

 - 24 қараша күні Күршім АПБ КПБ жедел уәкілі полиция капитаны Самат Есиркепов, Күршім АПБ ЖПКБ КТИжУПИ полиция лейтенанты Алмас Айдарканов 8-11 сынып оқушылары арасында «Жасөспірімдер арасындағы бопсалау және қорқыту», «Нашақорлық, шылым шегу және ішімдік ішу», «Тыйым салынған заттарды алып жүру және сақтау», «Ұрлық» және құндылықтарды жоғалту тақырыптарында түсіндірме әңгіме жүргізді. 

 -22 желтоқсан күні аудан мектептерінің мұғалімдері кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлармен бірлесіп «Жасөспірім» рейдтік іс-шарасын өткізді.

- «Бала құқығы – адам құқығы» республикалық айлық қараша айында өтті. Мақсаты: Оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағұлмат беру арқылы өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, тәртіпті тұлға болып өсуін тәрбиелеу. Айлық аясында келесі іс-шаралар өтті: «Балалардың құқықтарымен мүдделерін қорғау»,7 сыныптар арасында "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" атты психологиялық тренинг өтті, "Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсы" онкүндік аясында 1-4 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді. 15-қараша күні әлеуметтік педагог Г.К. Жаксыбаева 4 сынып оқушылармен "Таныс емес адамдармен қарым-қатынастың өкінішпен аяқталуы" туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Таныс емес адамдармен кездескен кезде келеңсіз жағдайға тап болмау үшін өздерін қалай ұстау туралы видео көрсетіп оқушылармен талқылады."Құқығым бар" тақырыбында дәріс сабақ өтті. Мақсаты:Оқушылардың құқықтары мен міндеттері туралы Өткізген: тарих пәні мұғалімі Қ.Т. Қанағатова. «Балалар нені армандайды?» тақырыбында 6-7 сыныптар арасында жас блогерлердің байқауы ұйымдастырылып, қорытынды шығарылды. І орын - 6 «А» сынып Бекболатова Еркеназ; ІІ орын - 7 «А» сынып Тюлегенова Карина; 7 «Б» сынып Слямбеков Нурсултан; ІІІ орын – 6 «Б» сынып Серіққызы Нурай; 7 «В» сынып Жандарбек Жұлдыз; Ұйымдастырушы: Ж.Ш. Айтмбетова. 

  -"Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн" акциясын өткізу аясында мектеп директорының ТЖ жөніндегі орынбасары, мектептің әлеуметтік педагогы мен психологы 5-10 сынып оқушыларымен түсіндірме әңгіме жүргізді және кафе бойынша рейд жасап, түсіндірме әңгіме өткізді. Рейд кезінде бұзушылықтар анықталған жоқ.

Мектепте 9 сыныптар арасында "Заң және біз" үйірмесіжүргізіледі, жетекшісі А.А. Базарбаева. Үйірменің жоспары бойынша келесі іс-шаралар өткізілді:

1. Қазақстан Республикасы Конституциясының күніне орай 

«Елдің асыл тірегі -Ата заң» білім сағаты

2.Тәрбие сағаты.«Оқушының құқықтары мен міндеттері»

3."Салауатты өмір салты - ғасыр ұраны" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

4.Тренинг сабағы «Адам. Жеке тұлға. Азамат.»

5.Тәрбие сағаты тақырыбы: «Біз дені сау өмірді таңдаймыз» 

       6.Тақырыбы: Жастар ортасында  топтардың құрып, теріс жолға түсуі, қоршаған ортаға әсері

      7. Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторымен кездесу.

Жасөспірімдерге қылмыстық жауапкершілік қай жастан басталатыны және қылмыс жасағаны үшін қандай жазалар қолданылатыны түсіндірілді. Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі Инспектор көшеде, қоғамдық орындарда, көпшілік демалатын орындарда тәртіп ережелерін сақтауға, коменданттық сағатты сақтауды ұмытпауға кеңес берді.

Мектепте алдын алу кеңесінің жұмысының жылдық есебі

         Мектепте алдын алу кеңесінің жұмысы ұйымдастырылдыоның мақсаты кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, қиын әлеуметтік, отбасылық, педагогикалық және өзге де жағдайларға тап болған балаларға, жасөспірімдерге және (немесе) олардың отбасыларына уақтылы және білікті көмек көрсету болды.

Алдын алу Кеңесінің отырысы айына 1 рет өтті.Отырыстарда төмендегі жоспарлы мәселелер қаралды:

- мектеп тәртібін бұзудың, сабақты босатудың, үлгермеудің алдын алу;

- ата-аналар мен қамқоршылардың өз міндеттерін орындауы;

- кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияда есепке қою және есептен шығару;

- мектепішілік есепке қою және мектепішілік есептен шығару;

- сынып жетекшілері мен пән мұғалімдерінің сұрауы бойынша оқушылардың істерін қарау.

- мектеп оқушыларының құқыққа қарсы мінез-құлқының алдын алу, Темекі шегу мен маскүнемдіктің, уытты және есірткі заттарды тұтынудың алдын алу, жарақаттанудың, ата-аналар мен оқушылардың өнегесіз мінез-құлқының алдын алу, ата-аналардың тәрбиелік ұстанымын жандандыру.

- түнгі уақыттағы рейдтер.

    Мектепте кәмелетке толмағандардың білім алуына бақылау жүзеге асырылады. Аудандық есепте ИДН-3 оқушы, мектеп есебінде-11 оқушы, олармен жыл бойы психологиялық-педагогикалық жұмыс жүргізіледі.

    Кәмелетке толмағандармен жеке-профилактикалық жұмысты құқық қорғау органдарының өкілдерін тарту арқылы мектеп әкімшілігі жүргізді.

    Сынып жетекшілері бұл бағытта оқушылармен және олардың ата-аналарымен жұмыс жүргізеді.

    Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп психологтары, білім бөлімінің мамандары және КЖТІЖ инспекторлары түнгі рейдтерге жыл ағымда кесте бойынша шығыпты, ойын сауық орталықтарын, дүкендерді аралады.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жұмысқа көп ...... бөлінеді,себебі мектептегі есепте тұрмысы нашар отбасылар-21, есепке қою себебі: балалардың оқуына, бос уақытына жауапсыз ішетін ата-аналар.Жыл бойы бұл отбасылармен үнемі профилактикалық жұмыстар жүргізілді; әңгімелер, рейдтер, үнемі бақылау.

 Сынып жетекшілері оқу жылы бойы «Қауіпсіздік ережелері: мектепте, үйде, көшеде, аулада, су жанында, жолда, көлікте» тақырыптық сынып сағаттарын өткізді. «Жедел қызмет телефондары». Буллинг және кибербуллинг тақырыптарына көп көңіл бөлінді.

Біздің мектеп аудандық полициямен тығыз байланыста,олар мектепке келіп, оқушыларға дәріс оқиды:

  - Балалар жол-көлік жарақатының алдын алу бойынша жұмыс  мектептек «Жас Сақшы» клубы жұмысың атқарады жетекшісі: Нукушев К. Сынып: 8«в»

“Жас сақшы” үйірмесі оқушылармен мен жүргізілетін сабақтан тыс жұмыстың ең әсерлі, тәрбиелік мәні бар түрі. Жақсы ұйымдастырылған “Жас сақшы” үйірмесі оқушыларды ұжымдық жұмыстарға қызығушылықтарын арттыра түседі. Өзінің ғана емес өзгелердің өміріне жауапты екендігін түсінуге көмектеседі.

Ал “Жас сақшы” мүшелері жетекшіге көмекші болып табылады. Үйірмеде сабақтан тыс жұмысты жоспарлау сабақ аптасына 2 сағаттан барлығы 20 сағат өтеді.

    Үйірме қатысушылары қоршаған ортаға бейқам қараMayтын, кез-келген мәселеден шешім таба білетін оқушыларға арналған десек те болады. “Жас сақшы” үйірмесіне неғұрлым күрделі мәселелерге арнап баяндамалар жасалады. Атап айтқанда адам өмірін, қоршаған ортаны қорғау туралы байланысты.

     Үйірменің негізгі мақсаты оқушылардың күнделікті өмірде кездесетін қауіпсіздіктерді өз білімімен шешу; тәжірибелік білімін тереңдету, теориялық білімін тәжірибеде ұштастыру, үйірме жұмысының қорытынды нәтижесін көрсету.

Жалпы білім беретін мектептерге арналған "Жол қозғалысы ережелері" оқу бағдарламасына сәйкес, 1-8 сыныптарында тәрбие сағаттары өтті. Мақсаты:1. Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру.

 2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен жүре білуге үйрету.

 3. Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу. Өз бетімен жұмыс жасай білуге дағдыландыру.
 Қыркүйек айында «Қауіпсіз мектеп ортасы» жалпыреспубликалық акциясы өткізілді. Полиция қызметкерлері А.Сапарғалиев пен А. Айдарқановтың жол жүру ережелерін сақтауы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқушылар күнделіктеріне "Қауіпсіз жол" картасын соңғы бетте салды. Сәуір айында «Мен және менің полицейім» атты акция аясында 9 «а» жас сарбаз сыныбының оқушылары мен Күршім АПБ полиция капитаны Н.Сабырбекова және мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Сапарғалиеваның қатысуымен «Жол белгілері маңызды, үлкен, кіші білуі керек парызы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

    Мамыр айында Күршім АПБ ӘПБ инспекторы полиция капитаны А. Серікпаев кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор полиция лейтенанты А. Айдарханов  9 «А» Жас сарбаз сыныбының оқушыларымен бірлесіп «Абайлаңыз балалар» акциясы аясында жүргізушілерге жадынама таратты.


Мектепте балалар жарақатының алдын алу, мектепте, үйде, жолдарда, өрт, жер сілкінісі, су тасқыны және т. б. кезінде қалай жүргізу керектігі бойынша жұмыстар үнемі жүргізіледі: 

 -29 қыркүйекте Күршім ауданы Күршім ауылының өрт сөндіру бөлімінде Ашық есік күні ұйымдастырылды 5 "в", 4 "в" сынып оқушылары қатысты. Балалар өрт сөндіру депосына барды, онда бөлімше командирі азаматтық қорғау аға сержанты Е.К. Сайпыш бөлім бойынша экскурсия жүргізіп, алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдану тәртібін көрсетті. Мектеп оқушылары қуанып, сұрақтар қойып, қызығушылықпен тыңдады. Балалар өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.  

-7 "А", 7 "Б" сыныптармен күзгі демалыс күндері "Жас құтқарушы" отырысы өткізілді. Отырыс барысында Күршім өрт сөндіру бөлімінің мамандары қауіпсіздік шараларын алдын алу және түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
 Клуб жетекшісі: Т.П. Рамазанов. 

-Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері жаңа жылдық шырша орнату және пиротехникалық заттарды қолдану ережелері бойынша профилактикалық іс-шара жүргізді.

- 2023 жылдың 1 наурыз күні №1 орта мектебінде І ауысымда Азаматтық қорғаныс бойынша мектептің оқушыларымен және мұғалімдерге, қызметкерлерге арналған оқу-жаттығу өткізілді. Жер сілкінісі жағдайында мектеп ғимаратынан шығу жағдайлары мен шығу жолдары практикалық жаттығу барысында оқушы және мұғалімдер,қызметкерлермен пысықталды.
 Іс - шараға 30 мұғалім, 206 оқушы, 25 ұжым қызметкерлері дер кезінде шығып үлгерді. 

-"Қауіпсіз терезе" акция аясында сынып сағаттары өткізілді.

Сынып жетекшілері демалыс кезінде, мектеп сабақтары кезінде үнемі қауіпсіздік жұмыстарын жүргізеді. Әр сыныпта қауіпсіздік журналы бар.


2 Рухани-адамгершілік тәрбиеадамгершілік бейнесі, адамгершілік сана; құндылық сезімдері мен қасиеттері-гуманизм, ар-ождан,ар-намыс,парыз,сенім,жауапкершілік,серіктестік,мейірімділік, ұят, қағидаттық, мейірімділік, ынтымақтастық, ұлттық келісімнің құндылығы, басқа халықтардың мәдениетін, дәстүрлері мен тілін құрметтеу және құрметтеу; өмірге этикалық жауапты көзқарасты қалыптастырады.

Бұл бағыттың басты мақсаты: жауапты шешімдер қабылдауға және кез-келген өмірлік жағдайда адамгершілік мінез-құлық танытуға қабілетті адамгершілік адамды тәрбиелеу.

Рухани-адамгершілік тәрбиесінде жалпыадамзаттық қасиеттерді дамытуға бағытталған іс-шаралар өткізілді:


- Қыркүйектің бірінші күні білім беру ұйымдарында білім күніне арналған салтанатты жиын өтеді.

-"Менің мектебім - ең керемет мектеп!" атты түлектерден құттықтау акциясы. Акция аясында: Мәженова Назгүл Есенқызы, 2008 жылдың түлегі, "Алтын белгі" иегер, дәрігер терапевт-ревматолог, Қоғамдық кеңес төрайымы Гульнар Касымгазыновна Кожахметова, актер Алмас Шаяхметов пен актер, жүргізуші және біздің түлек Ринат Болсае, біздің ата-аналары және біздің мектепте жұмыс істеген мұғалімдері: Сулейменова Индира Даулеткановна - орыс тілі пәні мұғалімі, Токпаева Эльвира Бикеновна - физика пәні мұғалімі, Иманжанова Гульмира Акрамкановна - орыс тілі пәні мұғалімі, Дюсеймбина Галия - бастауыш сынып мұғалімі  республикалық онлайн-акциясына қатысып, бұрынғы әріптестерді, оқушылар мен ата-аналарды оқу жылының басталуымен құттықтады. 

 - Мұғалімдер күніне орай 8-11 сынып оқушылары мерекелік концерт дайындады. Ұстаздар үшін ойындар, түрлі билер, әндер дайындалып, күннің соңында барлығын тәтті тосын сый күтіп тұрды.
 Жауаптылар: 11-сыныптың сынып жетекшілері Е.С. Ақтекенов, Н.Шәріпқан, О.В.Якушева. 

-Республика күні мен балалар жылы қарсаңында мектебіміздегі "Ай қонағы" айдары ерекше өтті. Қонақ болып мектебіміздің түлегі, актёр Болсаев Ринат Болатханұлы келді. Кездесуге 10-11 сынып оқушылары қатысты. Кездесу барысында "Актёр болу қиын ба?", "Сіздің сүйікті рөліңіз? ", "Бала Ринат қандай болды?" сынды сұрақтарға жауап берілді. 

-23 желтоқсанда 1-сыныптарда дәстүрлі «Қош бол, әліппе» ертеңгіліктер өткізілді.

- Алғыс айту парызым атты онкүндік жоспары бойынша келесі іс-шаралар өтткізілді:10б сынып оқушылары "Арамыздағы қаһарманы" атты бейнеролик арамыздағы батырларға арнап Бауржан Темирлан жасады және "Ерлігімен елеулі" сұхбат Заңгина Ж. және Қайылырқызы А. алды; «Мың алғыс!» «День благодарности», «Алғыс-сөздің асылы» атты сынып сағаттары өтті.Мақсаты: оқушыларға алғыс, ризашылық, жақсы тілектер туралы түсінік беру, адамгершілігі мол ұрпақ тәрбиелеу.  "Алтын жүрек"  челендж Жас Ұлан және Парламент мүшелері Маулимхан Рабиға және Жанболатова Жансая жасады.Алғыс айту күніне орай"Алғыс айту – үлкен сый!", "Күнімізді алғыс айтудан бастайық","Благодарность - большая награда!", "Начнем день с благодарности"атты шығарма жазу байқауы 5-9 сыныптар арасында ұйымдастырылды. "Сіздерді жақсы көремін – Әке, Ана!" атты фото көрме 0-1 сынытар жасады. Жауапты: Сыдыкова Э. " Жақсылық жасап үйренейік" атты тақырыпта бастауыш сынып оқушылары ертегі желісінен көрініс көрсетті. Тәрбиелік мәні: балалардың бойына адами құндылықтарды сіңіру. 

"Жақсылыққа тағзым" атты мейірімділік эстафета. Ұйымдастырылған мектеп Парламенті: Сейлханова Ш., Кенесханова Д., Серікқызы К., Ерболов Ш.
 
 

-Дәстүрлі түрде 12 сәуірде мектептің туған күні өтеді, онда мектептің өзін-өзі басқару көшбасшылары белсенді қатысады және түрлі іс-шаралар өткізеді. Мектептің туған күніне арналған "Менің мектебім" сұхбаты.
 Дайындаған: Оралтаева Дильназ. 

"Менің мектебім" атты оқушылардың өз шығармашылықтарынан көркем оқу сайысы ұйымдастырылды.  Дайындаған: Сейлханова Шұғыла. 

"Менің мектебім" атты 5-7 сынып оқушыларының арасында мерекелік открыткалар сайысы ұйымдастырылды.
 Дайындаған: Қайырылықызы Аяужан

    Мектептің туған күніне арналған "Мектебім мақтанышым" атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды . Әр сыныптан өнерлі оқушылар қатысты. Концерт көрермендердің көңілінен шықты.
 Дайындаған: Слямханова Алина және белсенді оқушылар. 

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күнімен тұспа -тұс "Ю. А. Гагарин атындағы N 1 Күршім орта мектебі" КММ-де "Бақытты балалық шақ " тақырыбымен 2022-23 оқу жылының аяқталуына байланысты және 11сыныптар үшін салтанатты жиын өткізілді. Жиынға Күршім ауданы әкімінің орынбасары Умутбаева Р.Д. Күршім ауданы білім бөлімінің әдіскері А.С.Джакуперова қатысты. Биылғы оқу жылында Ю. А. Гагарин атындағы N 1 Күршім орта мектебі" КММ-сі үшін сәттілікке толы жыл болды. Оқу жылын 483 оқушы тәмамдап, 110 оқушы үздіктер қатарынан көрінді. 11сыныпты 26 жас түлек аяқтап, 7 оқушы "Алтын белгіден" үміткерлер қатарында, 2 оқушы үздік аттестат қатарынан көрінді.

- Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған келесі іс-шараларр өтті:

-2 "В" сыныбында "Бақытты балалық шақ" атты фото акциясы өтті. Акцияның мақсаты: балалардың бақытты, қуанышты жүздерін фотосуреттерге түсіру. 

-Бақытты балалық шақ» атты 8-11 сынып ұлдары арасында волейболдан жарыс өтті. Жарысты өткізген: Толеуханов М.М.  

- «Әр түрлі ұлттардың балалары! Болашақ сіздің қолыңызда!» шығармашылық флешмоб өтті.Флешмоб мақсаты – білім алушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын, отбасылық дәстүрлерін сақтау, балалар шығармашылығын дәріптеу.

-5-7 сыныптар арасындагы кіші футболдан турнир өтті. Өткізген: дене шынықтыру пәні мұғалімдері Толеуханов М.М., Жексембаев Ж., Шұқұнов А. 

-1-2 сыныптарда "Бақытты балалық шақ", "Детство - самая счастливая пора", "Бақытты балалар - бақытты ел" тақырыбында сынып сағаттары өтті. 

-Аудандық " Бала сұлтан-2023" сайысына қатысып , І- орынға иеленген 2б сынып оқушысы Адылхан Нұрлатт алды.Жетекшісі Қизамадиева Б.   

-31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай 9-11 сынып оқушыларымен тәрбие сағаттар өткізілді.

 -  АКЦИЯЛАР. Қарттар күніне арналған дәстүрлі "Қамқорлық акциясы" акциясында  3-11 сынып оқушылары 27 зейнеткер ұстаздардың үйлеріне барып, кұттыктап, сыйлықтар табыстады. "Отбасы күніне" арналған іс-шарада қайырылымдылық акциясы аясында отбасына көмек көрсетілді. Халықаралық балалар кітабы күніне орай "Кітапқа екінші өмір сыйла" атты санитарлық күн өткізілді. 7а, 7б сынып оқушылары мектеп кітапханасында ескіріп қалған кітаптарға екінші өмір сыйлайған. 
 9 мамыр- Ұлы Жеңic күнiне орай "Ер есімі - ел есінде" ескерткішiн абаттандыру. Жауапты: 10 "А" кадет сыныбы. 9 сынып оқушылары Тыл еңбек ардагерімен кездесу өтті. Кездесу барысында тыл еңбек ардагері СагитжоMarchова Гульжазира апаның шаңырағына барып, сырлы сұхбат өткізді. Ардагер апа өзінің басынан өткен өмір жолына шолу жасап, тарихта қалған кездерін еске алды. Жасөспірім ұрпаққа тілегін айтты. 



Медиация мектеп қызметінің жұмысы

Мектеп - бұл кейде әртүрлі адамдармен тіл табысуға тура келетін бүкіл әлем. Сондықтан мектептегі жанжалды жағдайлар сирек емес. Бұл қақтығыстарды шешу үшін мектептің медиация қызметі бар. Оның негізгі міндеті-жанжалдасушы тараптарға көмекке келу, сындарлы диалог пен өзара түсіністік атмосферасын құру. Мектепте медиация қызметі ұйымдастырылды, онда оқу жылы ішінде келесі шешуші даулар өткізілді:

"Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің тапсырысы бойынша "Ең үздік медиатор мектебі" республикалық байқауының аудандық кезеңі қашықтық форматта. Осы байқауда 9 "А" сынып оқушысы Есболқызы Елдана облыстық кезеңге жолдама алып облыстық кезеңінде 3-орын иеленді. 


Ұлы атақты адамдардың атаулы күндеріне орай  іс-шаралар

 5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі және "Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл" деген ұлғайтып сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Осы атаулы күнге орай мектебіміздің қазақ, орыс, ағылшын тілі пәндер мұғалімдері құттықтау бейнеролигін ұсынды. 

А. Байтұрсынұлының 150 жылдығы мен тілдер күні мерекесіне арналған салтанатты шеру өткізілді. Өткізген: Г. Рахимжанова, А. Орынбаева, Г. Магауянова. 

7-қыркүйек күні Тілдер мерекесі мен Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойына орай мектебіміздің ағылшын тілі пәні мұғалімдері М.К.Жумаканова, Д.Ә. Уалиханова, орыс тілі пәні мұғалімі К.М.Уанбаева, қазақ тілі пәні мұғалімі А.Е.Темиргалиеваның ұйымдастыруымен 9-11 сыныптар арасында «Ақыл battle» сайысы өткізілді. 

  Белгілі халық жазушы, қоғам қайраткері, әйгілі бас редактор Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына орай оқушылардың қатысуымен мектеп кітапханасында жазушыны еске алдық.
 Мақсаты: Оқушыларға еліміздің танымал қаламгерінің өмірбаяны мен шығармашылығын дәріптеу. Орындаған: кітапханашылар, 10 "Б" сыныбы, 8 "Б" сыныбы 

 «Баспасөздің баһадүрі Шерхан Мұртазаның өмірбаяны». Мақсаты: Ш.Мұртазаның өмірі, Шығармашылығы туралы тереңірек түсінік беру. Қазақ халқының ашаршылық жылдарындағы қайғылы кезеңдері мен тарихи бастаған кешкен қасіретін таныту, оқушылардың өз бетімен ізденіп оқу ,шығармашылық дағдыларын қалыптастыру. Өткізген: Кушерова А.С.

   Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай 3 және 2-сыныптарда сыныптан тыс іс-шара өткізілді, оқушылар жазушының шығармашылығымен танысты, «Жетім» шығармасын тізбектей оқып, шығарма туралы өз пікірлерімен бөлісті.

  «Қаз дауысты Қазыбек бидің 355 жылдығына орай онлайн “Даналар сөзі – ақылдың көзі” атты шешендік өнер байқауына оқушылары қатысты.

 Сұлтан Бейбарыс 800 жылына орай тәрбие сағаттары өткізілді.

 «Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама оқиғасы» бейнешолу.Өткізген: тарих пәні мұғалімі Базарбаева А.А.
 
 

«Жас толқын» кітапханашылар клубының атқарған

 іс-шараларының   2022-2023 оқу жылығы есебі

 Жас ұрпақтың назарын кітапқа аудару, кітап оқуға қызығушылығын, оқу сауаттылығын, оқу белсенділігін арттыру, көркем шығармаларды насихаттау,сонымен бірге өскелең ұрпақтың бойында жоғары азаматтық және рухани адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, оқушыларды әдеби кітаптарды оқуға насихаттау арқылы кітап оқуға сүйіспеншілігін арттыру мақсатында «Оқуға құштар мектеп, оқуға құштар ұлт» жобасы аясында көптеген іс-шаралар өткізілді. Әр шараның өтуіне клуб мүшелері белсенді жұмыстар атқарды.

         «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткен «Мектеп буккроссингі: бірге оқимыз» облыстық байқауына белсене қатысып, мектебіміздің атынан екінші дәрежелі дипломмен марапатқа ие болдық.  

      «Кітапқа екінші өмір сыйла» қайырымдылық акция аясында «Мектеп кітапханасына - кітап сыйла» шарасы өткізілді. 1-11 сынып оқушылары мен сынып жетекшілері, пән мұғалімдері кітапханамызға қызықты кітаптар сыйлады. 

     Мерейтой иелерінің көркем шығармалары бойынша кітап көрмелері (ақын – жазушыларға),  виртуалды кітап көрме, бейнероликтер, әдеби кештер, әдеби қонақ бөлмелер өткізілді. Соның ішінде, Ш.Мұртазаның туғанына 90 жыл, М.Әуезовтың туғанына 125 жыл кітап көрмесі, жазушы бенефисі, Ә.Нұршайықовқа 100 жыл кітап көрмесі, бейнеролик, Мұрат Әуәзовтың   80-ге толғанына кітап көрмесі, т.б. жасалды. 

     Республика күніне орай «Республикам менің» мәнерлеп өлең оқу челленджін өткізуде сынып жетекшілер мен пән мұғалімдерін жұмылдыра отырып, оқушылардың челленджге қатысулары  ұйымдастырылды. Сонымен қатар, дәл осындай «Сыныппен бірге оқимыз», «Балалар өлең оқиды», «Отбасымызбен бірге оқимыз», «Анам мен әкем бізге кітап оқиды» атты оқулар, байқаулар жақсы деңгейде өткізілді.  

       «Менің сүйікті ертегілерім мен ертегі кейіпкерлерім» тақырыбында 3 а, б, в сыныптарымен квест ойыны өткізілді. Жас оқырмандарымыз оқыған кітаптары бойынша өз білімдерін көрсетті.

        2 сәуір Халықаралық балалар кітабы күні, 23 сәуір Дүниежүзілік кітап күні кітап көрмелері, тәрбие сағаттары сынып жетекшілермен бірігіп өткізілді. 1-1 сыныптарға кітапханада экскурсия жасалды. Кітапхананың шығу тарихы, ережелері толық түсіндірілді. Сонымен қатар, бүлінген кітаптарды жандандырып, жаңалау мақсатында «Санитарлық күн» өткізілді.

          Оқу жылы соңына қарай ең үздік оқырман оқушыны анықтау мақсатында «Үздік оқырман 2023» байқауын ұйымдастыруда ат салысып, шараны өткізу барысы жасалды. Байқау екі кезеңнен тұрды: эссе жазу, тест тапсыру.   Оқырман оқушыларды білім деңгейіне қарай бағалап, оларға марапаттар берілді.

         «Білім көзі-кітапта» жазғы демалыста оқитын қызықты кітаптар тізімін оқушыларға ұсыну мақсатында, оқуға ұсынылатын кітаптар тізімін бейнеролик арқылы баяндап жасалынды.

         «Жас толқын» клуб мүшелер жылда өзгеріп отырады. Сайланған клуб мүшелері жыл сайын берілген мектепішілік жоспар және Министрліктен келген тапсырмалар бойынша іс-шараларды жүйелі түрде белсенді өткізіп тұрады. Іс-шараларды өткізуде оқушылар, сынып жетекшілердің   қатысуларымен өткізіледі.


3.Бағыты: ұлттық тәрбие

Мақсаты:жеке тұлғаны жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағыттау, ана мен мемлекеттік тілге, қазақ халқының мәдениетіне, Қазақстан Республикасының этностары мен этностық топтарына құрмет көрсету.

Ұлттық сәйкестік

  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерін насихаттау барысында жыл бойы түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, жоспар құрылды.

Жоспарға сай әр буындарда рәміздерге байланысты әр дүйсенбі сайын оқушылар   Қазақстан Республикасының әнұранын орындайды.

 Мектеп әкімшілігі  кабинеттерінде мемлекеттік рәміздердің болуын, орналастыру тәртібін қыркүйек айында тексерді. Қыран елiм - Қазақстаным !" Патриоттық акциясы, мемлекеттік Гимнды жаппай орындау. «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты челленджі өтті. 15 қараша - Ұлтық валюта-теңге күніне арналған сынып сағаттары өткізілді, өзін-өзі басқару ұйымының белсенді мүшелері 3-4 сынып оқушылардан ұлттық валюта туралы сауалнама жүргізді.Мақсаты: Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныстыра отырып, Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру қолдану аясын жете білуменен байланыстыру; балалардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту.

   Spiritual Excitement бағдарламасының жоспарына сәйкес "Батыр бабалар" суреттер сайысына қатысушы 8а-сынып оқушысы Ғалымбек Томерис
 жетекшісі: Амзе Жангул.

  Spiritual Excitement бағдарламасының жоспарына сәйкес "Ауылымды мадақтайтын" атты акциясы өтті. 

   Қасиетті қазақ жеріне Ұлыстың Ұлы күні – әз Наурыз да сағындырып, сарғайтып жетті, міне! Жыл өткен сайын Наурыз мейрамы елімізді мекендеген бүкіл халықтың, ұлт пен ұлыстың сағынып күтетін ортақ мерекесіне айналып, жаңа мазмұнмен, жарасымды сән-салтанатымен түрлене түсуде. Күн мен түннің теңеліп, жан-дүниені тірілткен, шаруаның бір малы екеу болып, арқа-басы кеңіп, аққа аузы тиген, қытымыр қыстың ызғарынан құтылып, алдағы шуақты күндерден үміттендірген Наурыз мерекесі ежелден халықтық мереке. Назарларыңызға "Қош келдің,Наурыз" тақырыбында балалар қолымен жасалған бұйымдарды ұсынамыз.Көрмеге 0-4 сыныптар қатысты. 

«Көрісу күні» челленджі. Көрісу күні өзара сыйластықты, адамдардың бір-біріне деген жақсы қарым-қатынасын, үлкендерге деген құрметті білдіреді. Бұл мереке жас ұрпаққа мейірімділік, мейірімділік, достық, қадір-қасиет, құрмет сияқты қасиеттерді тәрбиелеуге арналған. Ол жаңару мен қайта туылуды бейнелейтін терең мағынаға толы. 

   5"a",5"б",5"в" сынып оқушыларының "Наурыз мейрамына" арналған "Қаражорға" флешмобы. "Ұлық бақты болсын,төрт түлік ақты болсын", 

"Күй күмбірі" республикалық домбырашылар челленджі Наурыз мерекесі құтты болсын!Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі күніне орай 1-11 сыныптар арасында "Наурыз-жыл басы" атты іс-шара өтті.

    Мектебімізде 1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай "Бір шаңырақ астында" құттықтау челленджі өткізілді. Мақсаты: Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу. Біздің елімізде тұрып жатқан басқа да халықтардың озық мәдениетін, өзіндік үлгі - өнегесін оқушылардың бойына сіңііру. Дайындаған: 9 "Б" сынып оқушылары Мектебімізде 1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай "Біздің еліміздің халқы - достық пен мықты!" атты фестиваль 1-4 сыныптар арасында өтті. Жауапты: Г.Қ.Мухамеджанова. 

3-4 сыныптарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған "Рәміздерім елімнің - бойтұмары жерімнің", "Знай и уважай государственные символы" тақырыбында сынып сағаттары өтті. Мақсаты: балалардың бойында Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне, еліміздің тарихи өткені мен халықтарының дәстүрлеріне құрметпен және құрметпен қарауға тәрбиелеу.

4 Бағыты: Отбасылық тәрбие. Ұлттық сәйкестік мектептегі отбасылық тәрбиенің мақсаты келесі құндылықтарды қалыптастыру болып табылады: отбасы мүшелеріне құрмет көрсету құндылығы; отбасына табыну; толық отбасылық денсаулық сақтау құндылығы; туыстарға адалдық; отбасылық дәстүрлер; әдет–ғұрыптарға құрметпен қарау;қасиетті материализм; сезім құндылығы-махаббат, адалдық, достық.

     Оқушылардың отбасыларымен негізгі жұмыс Ата-аналармен тығыз байланыста болатын сынып жетекшісіне жүктеледі: ата-аналар жиналыстарын, жеке әңгімелер өткізеді, ақпарат көзі болып табылады. Құқықтық тәрбилеуде және құқықбұзушылықтың алдын алу мәдениетін соның ішінде сыбайластық жемқорлық қалыптастырудағы отбасының рөлі туралы сынып ата-аналар жиналыстарында сынып жетекшілері жеткізеді, олар күзгі, қысқы, көктемгі барлық демалыстар ата-аналармен тығыз жұмыс істеді. Жинлыстар жаңа форматта өтеді.

Оқу жылы бойы ата-аналар мен педагогтар келесі жұмыстар жасады:

  1. 11-қыркүйек отбасы күніне орай"Бақытты отбасы " сурет салу байқауы Амзе Ж. Ұйымдастырды, психологтар «Менің отбасым» атты сауалнама 7 «А» сынып оқушыларынан алды, оқушыларға «Отбасы құндылықтары» туралы мағлұмат берілді, бастауыш сыныпртар "Менің отбасым - бақытты сәттер" фотоколлаж жасады , 3а сыныбында «Отбасы-бақыт мекені» ашық тәрбие сағат өтті. Жетекшісі: Г.О.Рамазанова. 11-қыркүйек отбасы күніне орай «Отбасы-тәрбие көзі» атты 5 "а" сыныбында тәрбие сағат өтті. 
     Сынып жетекшісі: Б.Е.Қабдрахманова. "Отбасы құндылықтары" атты бейне-сауалнама Мектеп Парламент мүшелері өткізді. 12 қыркүйек күні Отбасы күніне арналған "Әкем, анам және мен" атты отбасылық эстафеталық сайыс 4-6 сыныптар арасында өтті. Қатысушылар белсенді және қызыға қатысты. Сайыс мәресіне жетіп, 1-орынды 4 "Б" сыныбы, 2-орынды 4 "В" сыныбы, 3-орынды 4 "А" сыныбы иеленіп, мақтау қағаздарымен марапатталды.
  2. 10 ақпанда ата-аналарға арналған "Балалар мен ата-аналар қарым-қатынасындағы коучингтік тәсіл. Саналы ата-ана болу". Семинар теориялық және практикалық бөлімнен тұрды, отбасындағы балаларды тәрбиелеу мәселелері қозғалды. Өткізген: ДТЖО Сапаргалиева А.З. және аналар клубының жетекшісі Гановичева В. А.
  3.  Ата-аналар мен мұғалімдердің қатысуымен 5-6 сыныптар арасында "Біз бірге күштіміз" отбасылық эстафета сайысы өткізілді. Барлық қатысушылар мен көрермендер позитивтілікке ие болды. Жауапты: Мажибаев Е. М., Рамазанов Т. П., Жунусова Г. А.
  4.  Халықаралық әйелдер күніне орай "Ана - өмір шуағы" атты челленджі өтті. Оқушыларымыз өздеріне ұнаған ана жайлы өлеңдер, нақыл сөздер, арнаулар оқыды.
  5. Шығармашылық топ айлығы аясында мұғалімдер Г. С. Ақшабаева, С. К. Қосаева және мектеп психологтары А. Әнуарханқызы және А. Қабен ата-аналарға « Өнеге отбасынан басталады» атты коучинг өткізді.
  6. 7.11.2022 жылы "Ю.А.Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебі" КММ-де аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Есманбек Адаевич, аудандық білім бөлімінің әдіскері Айзада Солтановна, аудандық әйелдер ұйымының төрайымы Ляззат Сагындыковнаның қатысуымен «Бақытты ана - бақытты бала - бақытты ел» және «Отбасындағы зорлық- зомбылыққа жол бермейік» тақырыбы аясында "Ата –
     ана мен бала арасындағы сенімді сыйластықты, бірф- біріне деген сезімді нығайту, мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу мақсатында" ата-аналарға арналған дөңгелек үстел өткізілді. Жиналыс барысында көптеген сұрақтарға жауаптар алынды. "Ашық айтамын" жаттығуы арқылы ата-аналар өз пікірлерін және ұсыныстарын жазып сенім жәшігіне қалдырды. Өткізген: әкелер мен аналар мектеп клубының жетекшілері Е.С. Актекенов, Б.Е. Кизамадиева және мектеп психологтары А.Ж. Ромбаева, М.Б. Зияшова. 
  7. 26.04.2023 жылы «Ю.А.Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебі» КММ –де «Ана мен әже ісі- бізге өнеге» тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Мақсаты: Мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыру, отбасындағы әже мен ананың бала тәрбиесіндегі рөлін таныту, жеке тұлғаны дамытудағы ортақ ықпалдастық жолдарын көрсету. Семинарға аудан мектептерінің директор жанындағы тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары , мектептің «ана және әжелер» мектебі қатысты, сонымен қатар оқушылар концерттік бағдарламамен көңілді тембилдинг ұйымдастырды. Күршім ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы Қасымбаева А., білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Слямханова Қ.Т., ауданның қоғамдық кеңестің төрайымы Қожахметова Г.К. өз пікірлерімен бөлісті. Семинар соңында білім бөлімінің әдіскері Джакуперова А.С. талдау сөзімен аяқтады. 
  8. 15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай мектебімізде отбасы күніне орай келесі  "Отбасы құндылықтары” атты сынып сағаттары өтті.8 –ші сынып оқушыларының ата-аналарымен «Балалар мәселесі: ата-аналар көзқарасымен» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесу семинарында заманауи отбасы үшін де, білім беру жүйесінде де өзекті мәселе - баламен ата-ана қатынастарын реттеу және жеткіншектерді тәрбиелеу туралы сөз қозғалды. Жасөспірімдік кезеңнің ерекшеліктері және қазіргі қоғамда белең алып тұрған баланы теріс бағытқа апарар түрлі жолдар, оларға түспеудің алдын алу шаралары туралы айтылды. Ата-аналар белсене қатысып, өтілген кездесудің олар үшін тиімді болғанын айтып, өзіндік жағымды пікілерін білдірді. Жауапты: мектеп психологтарыА. Ануарханқызы, А. Қабен. 

Биылғы жылы мектеп ата-аңалармен жұмысты жүргізген «Отбасы-орта мектеп» жобасына сәйкес. «Ата мектебі», «Әже мектебі»,«Ана мектебі»,«Жеңге мектебі», «Аға мектебі» ұлдар клубы және«Қызғалдақтар» қыздар клубы жұмыс істеді.

«Аналар мектебі» клубы жетекшілерінің  2022 - 2023 оқу жылында атқарған жұмыстарының жылдық қорытынды

ЕСЕБІ  

Клубтың  мақсаты : мектебіміздің аналарын білім шаңырағының мәдени-қоғамдық өміріне тарта отырып, оқушылар мен ата-ана арасында қарым-қатынас орнату, оқушыларды отбасылық құндылықтарды қастерлей білуге үйрету.Аналармен дөңгелек үстелдер,шеберлік сабақтары,өнеге сағаттары,сыр сандықтар өткізу.

Міндеттері:

- Тәрбие процесін ұйымдастыруда және басқаруда мектепке көмек көрсету;

- Отбасылық тәрбиенің жақсы жақтарын насихаттау;

Нәтижесі: ана мен бала арасында тығыз қарым-қатынас орнайды,аналарымыз мектеп өміріне белсене араласады.

   2022-2023 оқу жылында «Аналар мектебі» клубы өзінің кезекті жұмысын бастады. Жыл басында жұмыс жоспары құрылып бекітілді және жетекшілері Кизамадиева Б.Е,Гановичева В.А тағайындалып, төмендегі жоспар бойынша іс-шаралар өз уақытында өтті.

«Аналар мектебі» клубының жұмыс жоспары

Бүгінде «Аналар мектебі» клубы жұмысы ұрпақтар сабақтастығын, ұлттық дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды нығайту және сақтауға өзіндік үлесін қосып келеді. Шынымен де, үй мен түздің тізгінін тең ұстап, қазанын қайнатып, баласын ойната жүріп, еңбектің бел ортасынан табылатын әйелдердің тындырымды іс-әрекеттері көпке үлгі болып отыр. Жыл көлемінде әйелдердің еңбекқорлығы, қоғамдағы жаңашыл қадамдары, ұрпақ тәрбиесіндегі алар орны жайлы біршама іс-шаралар жүргізілді. Айтып өтетін болсақ 2022 жылдың 17 қарашасында аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Есманбек Адаевич, аудандық білім бөлімінің әдіскері Айзада Солтановна, аудандық әйелдер ұйымының төрайымы Ляззат Сагындыковнаның және мектеп аналарының қатысуымен «Бақытты ана-бақытты бала- бақытты ел» және «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол бермейік» тақырыптары аясында  ата-ана мен бала арасындағы сенімді сыйластықты, бір-біріне деген сезімді нығайту,мектеп,ата-ана,ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді,саналы тәрбиелі,салауатты ұрпақ тәрбиелеу мақсатында ата-аналарға арналған дөңгелек үстел өтті. Отырыс барысында көптеген сұрақтарға жауаптар алынды. «Ашық айтамын» жаттығуы арқылы ата-аналар өз пікірлерін және ұсыныстарын жазып сенім жәшігіне қалдырды. 

2023 жылдың 10 ақпанында мектеп аналарымен біріккен «Коучинговый подход в детско-родительских отношениях.Осознанное родительство» тақырыбында семинар-практикум өтті.Семинар теориялық және практикалық бөліктер арқылы балаларды отбасында тәрбиелеу жолдары сұрақтары қозғалды.

                   2023 жылдың 26 сәуірінде «Ю.А Гагарин атындағы  №1 Күршім орта мектебі» КММ-де «Ана мен әже ісі-бізге өнеге» тақырыбында аудандық семинар өтті. Мақсаты: мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыру, отбасындағы әже мен ананың бала тәрбиесіндегі рөлін таныту,жеке тұлғаны дамытудағы ортақ ықпалдастық жолдарын көрсету.



Семинарға аудан мектептерінің директор жанындағы тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектептің «ана және әжелер» мектебі қатысты, сонымен қатар оқушылар концерттік бағдарламамен көңілді тембилдинг ұйымдастырды. Күршім ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы Қасымбаева А,білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Слямханова Қ.Т, ауданның қоғамдық кеңестің төрайымы Қожахметова Г.К өз пікірлерімен бөлісті.Семинар соңында білім бөлімінің әдіскері Джакуперова А.С талдау сөзімен аяқтап,оң баға берді. Ата-аналармен жұмыстар келесі жылы да өз жалғасын таппақшы.


«Парасат » әжелер клубы жұмысының жылдық есебі

     «Парасат » әжелер клубы тоқсанына   2 рет , жылына 8 сағатқа бөлініп, жыл көлемінде төмендегідей жұмыстар атқарылды. «Парасат әжелер» мектебінің  бірінші отырысы барысында мүшелерін сайлап, жұмыс жоспарын бекітті. Жетекшілері: К.Жампейсова, Г.Рамазанова

«Ата мектебі» Жетекші: Қайролла Ү.Х.

       «Ата мектебі» клубы   тоқсанына   1 рет , жылына 4 сағатқа бөлініп , жыл көлемінде төмендегідей жұмыстар атқарылды.

        Ата мектебінің  бірінші отырысы барысында мүшелерін сайлап, жұмыс жоспарын бекітті. Жыл ағымда әжелер мен аталар мектебі бірлесіп  келесі іс-шаралар өткізді:Қарттар күні мерекесіне арналған «Қарттарым - асыл қазынам» атты мерекелік іс-шара 7 "а", 7 "б", 7 "в" сыныбы өткізді. Мақсаты: Оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата- бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт-дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу. Іс-шараға Мусабаев Қ.С., Кайлюбаева К.Т., Монақпаева Л.М. ардагерлеріміз шақырылды. Қонақтарымызды мектеп директоры Е.Мажибаев, мектеп тәлімгері Айтмбетова Ж.Ш., сынып жетекшілер Ж.Амзе, Г.А.Жунусова, А.Касаинова құттықтап, жылы сөздер айтты. Ақпанның 28 мектебіміздің "Аталар және әжелер"клубының қарттарын 1-наурыз "Алғыс айту"күніне орай: "Алғысымыз шексіз ақ жаулықты әжелер мен ақ сақалды аталар " атты сұхбат айдарына басқосуға құрметті қонақ етіп шақырдық.Сұхбат "Ашық сұрақтар"; "Мақал сөздің мәйегі"; "Ситуациялық сұрақтар" атты кезеңдерді құрап, келген қариялармен қызу әңгіме өрбіді.Ән мен күй, биге ұласты.Қазыналы қариялар бата беріп, алғыс күніне арнап шығарған өлең шумақтары мен "ауылдың алты ауызын да"арнады.Қонақтарға шексіз алғысымызды білдіріп, жақсы ізгі-тілекпен шығарып салдық.Жауапты мұғалімдер:Рамазанова Г.О., Қайролла Ү.Х., Жампейісова Қ.М. 26 сәуір «Әже –әулеттің ұйытқысы» атты коучинг  «Ана мен әже ісі- бізге өнеге» тақырыбында аудандық семинарда  өткізілді. Мақсаты: Бала тәрбиесін халқымыздың озық дәстүрлері негізінде жүргізу және оны бүгінгі заманның жетістіктерімен ұштастыру.

«Аға мектебі»жобасы бойынша «Достар алаңы» ұлдар клубының жұмысы  Ұлдар    клубының жетекшілері: А. Т. Шұқұнов және Ж. Кенжегалиев.

    Мақсаты: Ғасырлар бойы жалғасын тауып келе жатқан, топ бастайтын, отбасы тәрбиенің қайнар көзі екендігін санамызда жаңғырту. Үш тұлға: ата-ана, бала, ұстаз арасындағы ашық әңгіме арқылы ұлттық қазақы тәрбиемізді оқушы санасына сіңіру.

      Жыл бойы өткізген іс-шаралар:

    -«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дөңгелек үстел;
     - «
Мектеп формасын сақтау» әңгімелесу;

     - Сәнді, ұқыпты киіне білу» ұлдардың сырты келбетіне назар аударуға ақыл – кеңес беру;

      -ұлдардың тәртібін, жүріс – тұрысын, мінез – құлықтарының қалыптасуына ықпал етіп отыру;

     -Зиянды заттардан аулақ болу жөнінде пікір алмасу

     -Мектептің ішкі, сыртқы ережелерін бұлжытпай сақтап отыру.

«Қызғылдақтар» клубының атқарған жұмыстары туралы есебі.

      Мектеп директорының 2022-2023 оқу жылындағы Қыздар ұйымының іс – шаралар жоспары жасаталды. Ұйымның жетекшілері Уанбаева К.М., Қасаинова А.Т..Мақсаты: Қыз баланың қоғамның белсенді мүшесі екенін ұғынуға, адал достықты түсінуге, өнерге, мәдениетке, өткен тарихымызды  білуге, оны қадірлеуге отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Мейірімділік пен қамқорлық қасиеттерін, ізеттіліктерін қалыптастыру. Қыз бала алдында қоғамның ,елдің, ұлттың болашағы және үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын ұғындыру. Әдеп пен сыпайылылық, инабаттылық, тазалық пен адамгершілік нәрімен сусындату. Үлкенді сыйлайтын, кішіге қамқор бола білетін, білікті, білімді, жан – жақты жетілген қыз баланы тәрбиелеу.

    «Қызғалдақтар» қыздар ұйымы мына жеті негізге сүйене отырып жұмыс жасайды.

Қыз баланы ақ жолға бастайтын жеті жетекші бар:

Адамның басшысы – ақыл

Жетекшісі – талап

Жолаушысы – ой

Жолдасы – кәсіп                                                            

Қорғаны – сабыр

Қорғаушысы – мінез

Сынаушысы –халық осы қасиеттерді бойына сіңіре білген, қалыптастыра білген адам – тәрбиелі адам болып есептеледі.

   Бір жыл ішінде қыздар клубында келесі іс-шаралар өткізілді:

-«Қыз бала-ұлттың ұяты, халықтың шырайы»-атты 8 «А» сынып оқушыларының қыздарына дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: қыз баланы ұқыптылыққа, тазалыққа, үлкенді және достарын сыйлауға , мектепте өзін-өзі ұстауға, қыздардың мінез тұрақтылығын қалыптастыра отырып инабаттылыққа, әдептілікке, ізет пен мәдениеттілікке тәрбиелеу .

 -5-7-ші сыныптар арасында «Түсік түсіру, ерте жүктілік және жыныстық инфекциялар салдарлары» тақырыбында қыздарға түсіндіру сабағы өткізілді. Өткізген:Күршім аудандық ауруханасының әйелдер қарау бөлімінің акушеркасы Бакыт Советқызы және мектеп медбикесі Л. Қусайнова. Ұйымдастырған: мектеп психологтары мен қыздар клубы. 

 -15 мамыр отбасы күніне орай "Жанұядағы қыз баланың орны"атты "Қызғалдақтар "қыздар клубы ic-шара өткiздi. Мақсаты: қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық сияқты жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу; қазақ халқының әдет-ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіруӨткізген: Касаинова А.Т.,Уанбаева К.М., Бельгубаева Г.Д. 

 -«Жанжал жағдайында өзін қалай ұстау керек» тақырыбында 10"Б" сынып оқушыларымен жүргізілген сынып сағаты. Өткізген:Сынып жетекшісі Рамазанов Т.П. және мектеп парламенті 

5 бағыт. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие.

    Өзін-өзі кәсіби саналы қалыптастыру мақсатында, экономикалық ойлау қабілетін дамыту және экологиялық мәдениетті тұлғаны жыл сайын мектеп деңгейіне мониторинг жүргізілуде экологиялық, экономикалық және еңбек тәрбиесінде оқушылардың сенбіліктерге тұрақты қатысуы көрсетеді.

Мектептегі кәсіптікбағдар беру жұмысы.

Балалардың әлеуметтік бейімделуі, оларды ересек өмірге дайындау бойынша мектептегі жұмыс бағыттарының бірі оқушыларды кәсіптік бағдарлау болып табылады. «Еңбек – елдің мұраты» жобасы аясында мектеп дәстүрі бойынша "Таза бейсенбі" 4-10 сынып оқушылары мен сынып жетекшілерімен өткізілді.

Мұғалім мамандығының маңыздылығын көрсету үшін қыркүйектің 28 жұлдызында "Дублерлер күні" өткізілді. Сабақтар  кестесі бойынша өтті. Оқушылар арасында қолөнер, көрме конкурстарын жоспар бойынша мектепте  өткізіледі. Мектепте  қызығушылықты оятатын шығармашылық үйірмелер бар «Умелые руки» үйірмесі, жетекшісі К.К. Нукушев және «Қолөнер» үйірмесі, жетекшісі Ж.Амзе.

    «Умелые руки» үйірмесінің 2022-2023 оқу жылындағы жетістіктері:  «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам-2023» инновациялық идея аудандық кезеңі «Космонавтика және аэрокосмос техникасы саласындағы модельер» номинация      - мадақтама 

1 орын; «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам-2023» инновациялық идея аудандық кезеңі «Жылу энергетиқасы, электр энергетикасы, баламалы энергетика саласындағы модельдер»-2 орын; «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам-2023» инновациялық идея аудандық кезеңі «Әскери техника саласындағы техникалық құрастыру»-3 орын

Кәсіптік бағдар бойынша   атқарылған іс-шаралардың жылдық өздік есебі

        Оқу жылының басында кәсіптік бағдар беру бойынша жұмыс жоспары құрылып бекітілді. Кәсіптік қабілеттерін зерттеу аясында 11 сынып оқушылардың бағыттылығы мақсатында Е.А.Климовтың «Дифференциалды-диогностикалық сауалнама» әдістемесі арқылы сауалнама жүргізілді. Тест қорытындысы бойынша әр салаға  өзінің бойындағы қасиеттері жақын екендігі жайында оқушыларға айтып түсіндірілді. 

       Кәсіптік бағдар беру және ұлттық бірыңғай тестке дайындалу бойынша 11-сыныппен психолог Зияшева Макпал Балғынбекқызы  тренинг өткізді.

Кәсіптік бағдар бойынша «Сіздің кәсіби мансабыңыз»,«Мамандықтар әлемінде»,

«Түлекке көмек» тақырыбында әр түрлі кеңестер берілді.

       «Оқуға қайда бару керек»тақырыбында 9-11 сыныптар арасында отырыстар өткізілді.

       «Жасөспірімдерді мамандық таңдау және өзін-өзі анықтау процесінде ата-аналардың ролі» тақырыбында 11 сынып ата-аналарына жиналыс өткізілді. Оқушының бойындағы үрейді бақылау және де көптеген қолдаулар қажет екендігі айтылып түсіндірілді. 

      Мектеп оқушыларына арнап Күршім ауданы , Күршім ауылының өрт сөндіру бөлімі «Ашық есік» күнін ұйымдастырды.

      Оқушыларға мамандықтың түрлері және адам өміріндегі маңызы туралы түсінік қалыптастыру мақсатында 9-11 сынып оқушылар арасында «Кім боламын?» атты тренинг өткізілді. «Сенің ерекше қабілетің» атты тренингтен басталып ,миға шабуыл ретінде көптеген сұрақтарға жауаптар алынды. Бұл тренингтен өздеріне көптеген мамандық иелері туралы жәнеде олардың жасап отырған кәсібі жайында көптеген ақпараттар алды.

      Сынып жетекшісінің қолдауымен мамандықтар әлемі жайында  танымдық ой өрісін кеңейту мақсатында 7 сынып оқушылар арасында «Не?Қайда?Қашан?» атты интелектуалды сайыс өткізілді. Екі топта керемет белсене қатысты, қатысушылар өз білімдерін ойларын жеткізе алды. Әр топты бағалау мақсатында мадақтамалармен табысталды.

      Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы жоспары бойынша «Мамандығым-болашағым» жобасын іске асыру жөніндегі Жол картасын орындау мақсатында Күршім білім бөлімінің ұйымдастыруымен 8-11 сынып оқушылары арасында 2 ЖОО-ны, 9 колледж өкілдерінен кәсіптік бағдар беру жүргізілді. Оқушылар оқу орындарының мамандықтары бойынша оқуға түсу туралы толық ақпараттар алды.  

      Кәсіптік бағдар беру бойынша 11 сынып оқушыларына  Алматы техникалық университеті зумм платформасы арқылы ашық есік күнін өткізді.

      Жастар ресурстық орталығы «Жұмыспен қамту» ММ-нің директоры Р.Нұрланұлының, экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Мұқанованың қатысуымен  11 сынып оқушыларына арнап дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел мақсаты   жастарды «Дипломмен ауылға» мемелекеттік бағдарламамен таныстыру .

      Оқушы бойында мамандық таңдауға деген жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында бастауыш буын оқушылары арасында   «Менің болашақ мамандығым» атты сурет байқауы ұйымдастырылды.

      Мамандық таңдауда бағыт бағдар беру мақсатында оқу орындарының өкілдері және студенттерімен кездесу ұйымдастырылды.ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының үшінші курс курсанты Кадырова Камила Тлеукановна өзінің мамандығы және оқу орны туралы көптеген ақпараттар айтып,оқушылардың қызығушылығын арттырды.Бұл мамандық бойынша өз еркімен оқуға түсем деген оқушыларда пікірін айтты.

      Әр түрлі оқу орындарынан алынған ақпараттар оқушыларға  таратылып толығымен таныстырылып отырды. 

      Оқушылардың кәсіби бейімділік қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Мамандықтар әлемінде» тақырыбы бойынша орта буын оқушылары арасында кәсіпитерді қорғау сайысы өткізілді.

      Оқушылардың қай кәсіпке қызығушылығы басым екендігін білу мақсатында А.Голомшоктың «Қызығушылық картасы» әдістемесі арқылы 9-11 сынып оқушыларына сауалнама жүргізілді.

      9 сынып оқушыларының кәсіби жоспарын ,мамандық таңдау мотивтері мен кәсіби бағыттылығының қалыптасу деңгейін анықтау мақсатында «Оптант» сауалнамасы жүргізілді. Сауалнаманың нәтижесінде оқушылардың көбінің кәсіби жоспары бар,белгілі бір мамандық түрін таңдап отыр, мамандықты алдын алу жолдарын қарастырған,дұрыс таңдау жасағанына сенімділіктері жоғары.

     «Мамандықты дұрыс таңдау болашақтағы жетістіктің кепілі» мақсатында 10-11 сынып оқушыларына арнап ҚР-нің Төтенше жағдайлар министрлігі Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясынан кәсіптік бағдар бойынша ақпараттар таратылды. Бұл мамандық бойынша өз таңдауын жасаған оқушыда болды.

       «Дұрыс таңдалған мамандық болашақтың жарқын кепілі» мақсатында 11 қазақ-орыс сынып оқушыларына арнап  ІІМ Қостанай академиясының қызметкерлері кәсіби бағдар беру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бұл мамандық бойынша өз таңдауын жасаған көптеген оқушылар болды.

      «Мамандықтар әлемінде» тақырыбы бойынша орта буын сынып оқушыларына арнап сынып сағаттары өткізілді.

       Мамандық таңдауға байланысты жекеленген оқушыларға психологиялық кеңестер беріледі. 

       9-11 сынып оқушыларына жоғары оқу орындары мен колледждер туралы ақпараттар берілді . 

      Жоғары оқу орындары мен колледждердегі ашық есік күніне онлайн қатысу ұйымдастырылды.

      Әлеуметтік желі арқылы көптеген ақпараттар беріліп отырылды.7-8 сынып оқушыларынан алдын ала бағыт беру аясында диогностика алынды.«Менің болашақ мамандығым» атты шығармашылық сайыс өткізілді. «Сенің таңдауың қандай?» тақырыбы бойынша «Өскемен көпсалалы технология колледжі» КММ сі және «С. Аманжолов атындағы ШҚМУ» АҚ жоғары колледжі 9-сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар бойынша жұмыстар жүргізді. Мамандық таңдау бойынша жеке кеңестер берілді. Орындаған: Ромбаева А.Ж.

Экологиялық тәрбие

     Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру бойынша жұмыс тиімділігінің негізгі өлшемі олардың экологиялық санасы мен мінез-құлқының бірлігі болып табылады. Бағдарлама оқушыларды экологиялық тәрбиелеу бойынша сабақтан тыс жұмыстардың барлық ұйымдастырушыларына арналады. Ол аталған бағыттағы балалармен жұмыс жасаудың мүмкін болатын нысандарының тізімін қамтиды.

Жыл бойы келесі іс-шаралар өткізілді:

-Экология бойынша сынып сағаттарын сынып жетекшілері айына бір рет өткізді.

-13 қазан күні "Жаңа Қазақстан. Таза Табиғат" экологиялық акция аясында мектеп ауласында тазалық күні ұйымдастырылды. 4 - 10 сыныптар белсене қатысты.Мақсаты: Окушыларды табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу. 

-25 қазан - Республика күніне орай «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» экологиялық акциясы 11-сыныптар арасында өткізілді. Мақсаты: оқушыларға табиғатты қорғау, айналаны таза ұстауға тәрбиелеу. Жауаптылар: Қосаева. С, Шәріпқан.Н 

-"Қар барысын бірге сақтайық!" атты аудандық сурет байқауның қорытындысы шығарылды. Байқау ұйымдастырушы «Марқакөл мемлекеттік табиги қорғы» РММ. Бұл байқауда 10 "А" сынып оқушысы Тлейбек Айша 1-орынға ие болып, дипломмен марапатталып, оған сыйлық ретінде ұялы телефон табысталды. 4-сынып оқушыларыда белсенді қатысып, мақтау хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. 

-Арал теңізі - Қызылорда облысында,Тұран ойпатының шөлді белдігінде орналасқан.Арал теңізінің экологиялық жағдайы Қазақстанның жылдар бойы шешілмей келе жатқан өзекті мәселесі болып келеді. Арал теңізінің казіргі жағдайын түсіне отыра "Арал теңізінің экологиялық мәселелері" тақырыбына оқушылар шағын хабарлама дайындады, «Арал теңізі» тақырыбына арналған суреттер салды. Өткізген география пәні мұғалімі: Оразаева Д.

-"Туған өлкем" жобасын жүзеге асыру жоспары аясында "Жасыл ел" экологияласына байланысты қоршаған орта, көгалдандыру жұмыстарына орай "Эко-болашақ" абаттандыру жұмыстары жүргізілді. 9-11сынып оқушылары гүл отырғызып, суғарды. Мақсаты: туған өлкенің табиғатын абаттандыру, көгалдандыру және гүлдерге күтім жасау.

-"Жасыл мекен" челленджі көктемде көшет отырғызу арқылы қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауды дәріптеумен қатар, еңбекқорлыққа баулу, айналаны көгалдандыруға, абаттандыруға бастама болып табылады. Осы шараға орай мектеп түлектері мектеп жанына көшеттер отырғызды.
 - Марқакөл қорығымен ұйымдастырылған "Саябақтар шеруі" акциясына біздің мектептің оқушылары белсенді қатысты."Жер - ортақ үйіміз"атты сурет конкурсынан оқушыларымыз белсенді қатысты.

1 орын- Вахитова Камила

2 орын - Адылхан Эльмира

3 орын - Иншакова Александра иеленді.

20 оқушы барлық акцияларға белсенді қатысып оқушыларымыз Алғыс хат пен және шағын сыйлықтармен марапатталды.

Өткізген: география пән мұғалімі Оразаева Д.


6.  Бағыты: көпмәдениеттік және көркем-эстетикалық тәрбие.

Мақсаты: жалпы мәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, жеке тұлғаның өнер мен шынайылыққа эстетикалық объектілерді қабылдауға, меңгеруге, бағалауға дайындығын дамыту, білім беру ұйымдарында көпмәдени орта құру.

Эволюциялық және сананың ашықтығы

  Көпмәдениеттік  және көркем-эстетикалық тәрбие бағыт бойынша келесі іс-шаралар өткізілді:

-тақырыптық «Кітап көрмелері»  және фоей, акт залында безендіру жасады;

-5-7 сынып оқушылары арасында "Қош келдің, Алтын күз!» атты күз сайысы өткізілді.
 Ұйымдастырған: 6 «а» сынып жетекшісі Ромбаева А.Ж.

-14 қазан айында 2-4-сыныптар арасында "Берекелі, мерекелі алтын күз!" атты іс-шара өтті. Балалар өз өнерлерін көрсетті.Жауапты: К.С.Амренова және А.Т.Маженова бастауыш сынып мұғалімдері. 

-Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған "Самға жұлдыз - 2022" атты байқауына қатысып, Бадильбек Б. мен Рауанқызы К. 1б оқушылары "Көркем көзайым" номинация бойынша марапатталды.

Жетекшісі: Жанибекова М. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған "Самға жұлдыз - 2022" атты байқауына қатысып, Майылханова А. мен Сейфулла А. 3а оқушылары "Көркем көзайым" номинация бойынша марапатталды.Жетекшісі: Рамазанова 

-"Жаңа жылға мектепті безендірейік" акциясы. Біздің мектептің оқушылары өз кабинеттерін, дәліздерін, терезелерін және әрине әдемі шыршаларды безендірумен үлкен қуанышпен айналысады. "Қысқы қиял" шығармашылық жұмыстарынан көрме өткізілді.Жауапты: Ж. Амзе, сынып жетекшілер.

Барлық сыныптарда "ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ЖАҢА ЖЫЛЫ ЖАРҚЫРА" атты жаңа жылдық таңертеңгілік өтті.

-27 желтоқсан күні Жастар ресурстық орталығында мектеп бітіруші түлектерге арналған "Сәлем жаңа жыл-2023" атты жаңа жылдық кеш өтті. Кеште біздің мектебіміздің түлектері дайындаған концерттік номерлер жүлделі орынға ие болды:Флешмоб 1-орынМузыкалық сәлем, Сәдуақасов Алижанның орындауында 2-орын одан бөлек, Мұратбекқызы Ұлту кеш барысында ойын ұйымдастырып, ынталандыру сыйлығына ие болды. 

Мектеп парламентінің ұлдары қыздарға арналған мерекелік би іс-шарасын өткізді. 



«Балалар және театр» ағартушылық жобасы

Өскелең ұрпақты театр өнері әлеміне тарту мақсатында мектепте «Балалар және театр» ағартушылық жобасы жүзеге асырылды. Биылғы жылы жобасы аясында «Қуыршақтар ойнайды» қуыршақ театры жетекшісі   Жанибекова М 4-сынып оқушылармен өткізді және «Театр студиясы» жұмыс атқарады.

«Қуыршақ» театрының жылдық есебі

Мектеп жасындағы жасөспірім  баланы  тәрбиелеу  мен  дамыту  ісіне  байланысты  мақсаттарды  шешуде  театр  ерекше  рөл  атқарады. Театр  әр  балаға  қуаныш , ұмтылмас  әсер сыйлайды, оның  көркемдік  талғамын, еліктеуі  мен  қиялын  дамытады.

   Әдетте  адамның  жеке  басының  қасиеттері  он жасқа  дейін  қалыптасады  екен.  Сондықтанда  да баланың  жан-жақты  қалыптасуы  үшін  мектеп  жасындағы бүлдіршіндердің бойына  жақсы,  жағымды  қасиеттерді  сіңіре  білу  керек.  Бала әр нәрсеге  құмар, қызыққыш,  ол  өзінің айналасында  болып  жатқан  өзгерісті,  тамаша  құбылыстарды  сеізінуге  тырысады. Оның  жан жақты  дамып,  жеке  тұлға  болып  тәрбиеленуіне,  тілінің  дамыуын  театрландырылған  ойындар  арқылы  жетілдіруге  болады.  Ал, біздің балалар «Үш торай», «Түлкі мен тырна»  қойылымын тамашалады.

Бұл театрға бастауыш 4- сынып оқушылары алынды. Кіші сыныптар көрермен болды. Ата-аналардың көмегімен кейіпкерлерді тоқыма арқылы жасалып қолданылды. Арасында көлеңке театрын да қойылымға кірістіріп көрдік. Барлығы балалардың көңілінен шыға білді.

 Жыл көлемінде театрың атқарған жұмыс орасан зор. Ертегілер мен қатар мысалдардан көрініс қойды. «Сауысқан мен түлкі», «Екі дос», «Жамандық пен жақсылық», «Ұр тоқпақ», «Жақсы дос» т.б. көріністер қойылды. 

Мектебімізде «Театр студиясы» есебі

     Мектебімізде «Театр студиясы» жұмыс атқарады. Оқушылар әртүрлі тақырыптар бойынша шағын бейнероликтер түсіреді, бастауыш сынып оқушылары арасында ертегі желісінен көріністерінен сайыстар өткізілді. "Таланттар әлемі» атты актёрлік (пародия) шеберлігі  жас таланттарды анықтау мақсатында, «Алло, таланттарды іздейміз» атты мерекелік іс-шара өткізілді, оқушылар өз өнерлерін ортаға салды. Көңілді тапқырлар тобы жұмыс атақарады. Жайдарман-2022 КТК "Бақытты балалық шақ" сайыс атты 8-11 сыныптар арасында мектептің өз-өзі басқару ұйымы, мектеп парламент белсенділері ұйымдастырды. Негізгі мақсаты:The presidentтің Жолдауында 2022 жыл «Балалар жылы» деп жариялануына орай, өскелең ұрпақты біріктіру, жарқын талант иелерін, қызықты шығармашылық жұмыстарды жарыққа шығару; балалардың шығармашылық, интеллектуалдық мүмкіндіктерін дамыту, мемлекеттік тілдің қолдау аясын кеңейту; балалардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру және дарынды жастармен жұмысты жандандыру, өскелең ұрпаққа жол ашу мақсатында. Сондай-ақ, командалардың шығармашылығын арттыруына, тәжірибе алмастыруына жағдай жасау, мектепте «Жайдарман-2022» қозғалысын өркендету. Аудандық «Жайдарман - 2022» сайысына мектебіміздің «Гагарин балалары» командасы, капитан командасы Садуақасов Алижан қатысып, «Бас жүлде» иеленді.Жетекшілері: А.Т. Шұқұнов, А. Қ. Бөжен.

        Мектепте "Көзайым" бишілер үйірмесі Темиралиева А.Е. жүргізеді. Оған «Жас Ұлан» уйымнан балалар кіреді. Қызыдармен, ұлдар челлендждерге, мектептін іс-шараға, флешмобтарға қатысады. Аудандық "Биле, биле - 2023" бишілер байқауында 10-15 жас аралығындағы "Жеке би" номинациясы бойынша ІІ-орын жеңімпазы атанған Есболқызы Елдана иелірген және "Жақсы өнер" номинациясы бойынша "Көзайым" тобы марапатталды.

           Көркем-эстетикалық тәрбие саласында жыл ағымда «Тарихтан тағылым» мұражай сабақтары, виртуалды мұражайларға, тарихи-қиял  орындарға, аудандық мұражайға экскурсиялар және сынып сағаттар өткізіледі сынып жетекшілермен, тарих, география пәні мұғалімдермен.

  1.«Терең білім, еңбекқорлық және Отаншылдық қасиет» тақырыбында ұйымдастырылған «Менің саяхатым» атты бірыңғай сынып сағаты.Мақсаты: Оқушылармен бірге аудандық мұражайға барып туған жерінің тарихы, мәдениетімен танысу, құрметті азаматтарды тану, білімге ұмтылу, отаншылдық, еңбексүйгіштік құндылықтарды талқылау. Сынып: 8 "А", жетекшісі : А.Е.Темиргалиева

   2."Архив және болашақ ұрпақ" жобасы аясында 9 "А" сыныбында "Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар" атты тақырыпта презентация көрсетіліп, викториналық ойын өткізілді. 21 қыркүйекте бүкіл ел бойынша мемлекеттік архивтердің іс-шаралары аясында 3 "А" сынып оқушылары аудандық мұражайға барды, 4 "б" және 5 "б" сынып оқушылары Қазақстанның белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлерінің өмірі және қызметімен танысу үшін "Қ.Тұраров атындағы мәдениет үйіне" барды.Мақсаты: ата-баба тарихын еске алу, салт-дәстүрді насихаттау.Өткізген: тарих пәні мұғалімі Қ.Т. Қанағатова, Таукен А.К., Амзе Жангүл. Аудандық «Тарихи шежірем. Менің тегімнің тарихы» тақырыбына өткен байқауда 10 "Б" сынып оқушысы Зангина Жанель жеңімпаз атанып, Облыстық кезеңге жолдама алды.Жетекшісі: тарих пәні мұғалімі Базарбаева А.

             Пайымдауды,талдауды және сыни тұрғыдан ойлауды,командада жұмыс істеу дағдысын дамытуды, оқытушыларға құрметпен қарауды, өз көзқарастарын және пайымдауларын белсенді қорғауды ескеретін «Оқушылардың дебаттық қозғалысы» «Ұшқын ой алаңы» жалпыұлттық мәдени - білім беру жобасын іске асыру. 

2022-23 оқу жылында дебат клубында атқарылған жұмыстар

2022-23 оқу жылында дебат клубының мүшелері 8 оқушыдан құралды. 

Олар: Есболқызы Елдана, Бакулин Семен, Қабен Алихан, Қайсаров Уалихан, Шуткина Алена, Карымченова Камила, Руснак Артем, Сузанский Александр.

Оқу жылы барысында клубқа жаңадан келген оқушылармен арнайы танысу кеші ұйымдастырылып, клуб ережесімен, мақсат міндеттерімен, қауіпсіздік ережесімен, клубішілік және қалалық іс-шаралар жоспарымен таныстырылып, арнайы қауіпсіздік ережесі дәптеріне қол қойылды.

Жыл басында клуб мүшелері өз арасында өзіндік дауыс беру арқылы клуб мүшелері тағайындалды. 

      Жыл көлемінде   дебат үйірмесінде оқушылармен   тақырыптық – күнтізбелік жоспарға сәйкес теориялық және практикалық жұмыстар атқарылды.

Пікір-сайыс деген не? Пікір сайыстыру принциптері, пікір-сайыс стильдері,  пікір сайыстыру қабілеті тақырыптарында түсінік берілді. 

Қарар, қарардың түрлері, жақсы қарар жазу тәртібі,  қарар үлгілері таныстырылып, дебат мүшелері практикада қарар шығарды, қарарға сараптама жасады, қарарға арнап критерий шығарып, оған сараптама жасауды үйренді. 

Аргументтер, ақыл шабуылы, ақыл шабуылының тәртібімен танысты, аргумент құрастырды. Сондай-ақ критерий мен аргумент арасындағы байланысты өзара пікір-сайыс арасында жүзеге асырды. 

Зерттеу мен дәлелдеуді, мәлімет жинауды, мамандармен сұхбатты, компьютерлік зерттеулер түрлерін жетік менгерді. 

Дәлелердің түрлерімен танысты. Күәлік, фактілер, статистикалық мәліметтер, шолулар мен мысалдармен жұмыс жасауды үйренді. 

Жақтау кейсімен танысты. Жақтау кейсінің құрылымын жасап үйренді және дебат мүшелеріне  жақтау кейсінің үлгісі көрсетілді. 

Даттау кейсімен танысты. Даттау кейсінің құрылымын жасап үйренді,  Даттау кейсінің үлгілерімен жұмыс жасап, пікір-сайыс кезінде қолданды. 

Терістеу уақыты, терістеудің 3 деңгейі,  терістеу стратегиялары,  терістеуді терістеу туралы толық ақпарат берілді. 

Дебат кезіндегі басты мәселе риторика өнерін  зерттеу, лингвистикалық және сөйлеу дағдыларын жетілдіру, сахналық дағдыларды пысықтау бойынша үлкен жұмыс атқарылды. 

Дебат мүшелерімен ойлау икемділігін дамытуға арналған жаттығулар жасалды, мимиканы дамытуға арналған тапсырмалар орындады, психологиялық өзін-өзі бақылау дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар көптеп орындалды.

2022-23 оқу жылында дебат клубының жетекшісі ретінде Күршім ауданы Құйған орта мектебінде өткен семинарға қатысып, «Лиганы дайындаудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында өз іс-тәжірибеммен бөлістім. «Дебаттар: бұқаралық пікірсайыс жүргізу теориясы мен тәжірибесі негіздері» тақырыбындағы аудандық семинар-практикумда өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, белсене қатысқаны үшін білім бөлімінің  сертификатымен марапттталдым.

Жыл көлемінде оқушылармен қарқынды жұмыс істеу өз жемісі берді.

Республикалық ұлттық дебаттық турнирінің аудандық кезеңінде белсенділік танытқан "Ю.А.Гагарин атындағы №1 Күршім ОМ" КММ 9 сынып оқушысы Есболқызы Елдана "Үздік спикер" номинациясымен марапатталады

Республика күніне орай мектеп оқушылары арасында өткізілген "Мен өз елімнің азаматымын" атты облыстық пікірсайыс турнирінде белсенді қатысқаны үшін Шуткина Алена марапатталады "

Республика күніне орай мектеп оқушылары арасында өткізілген "Мен өз елімнің азаматымын" атты облыстық пікірсайыс турнирінде "Best образ" номинациясында Шуткина Алена мараптталады."

Республика күніне орай мектеп оқушылары арасында өткізілген "Мен өз елімнің азаматымын" атты облыстық пікірсайыс турнирінде белсенді қатысқаны үшін Карымченова Камила марапатталады на мараптталады."

            Дебат клубының жұмысына келесі оқу жылына да жоспар құрылып, қарқында түрде жұмыс атқарылады. 

7. Бағыты: Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу. Интеллектуальное воспитание, воспитание информационной культуры.

Мақсаты: әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетті дамытуды қамтамасыз ететін мотивациялық кеңістіктік  қалыптастыру

Білімнің салтанат құруы.

    Ақпараттық мәдениет-бұл жалпыадамзаттық руханият басым болып табылатын ақпаратты алу, беру, сақтау және пайдалану саласындағы адам тіршілігінің сапалы сипаттамасы.Оқушыларда әр түрлі көздерден қажетті ақпаратты ала білу, оқу және өзін-өзі білім беру үрдісінде туындайтын өзінің ақпараттық қажеттіліктерін тиімді қанағаттандыру қабілеті қалыптасуы тиіс. Әр сынып сағаты, әңгімелесулер оқушыларға ақпарат береді.

    Қазіргі уақытта негізгі ақпарат көзі Интернет болып табылады, сондықтан әлеуметтік желілерді қауіпсіз пайдалану туралы ақпараттандыруға көп көңіл бөлінеді, сынып жетекшілері балалармен және олардың ата-аналарымен «Қауіпсіз интернет» тақырыбына үнемі әңгімелер өткізеді.

Ақпан айында жыл сайынғы «Қазақстандағы сағат коды» (3-10 сыныптар) акциясы өтті , оны информатика мұғалімдері өткізді.9 сәуір күні 7 "А" сыныбында 4 сәуір халық аралық интернет күніне орай "Қауіпсіз интернет" тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізілді.Өткізген: Информатика пәні мұғалімі Джамбакирова А.С.

    Мектепте «Робототехника» үйірмесі жүргізіледі, жетекшісі: А.Танашанова. Мақсаты:Робототехника курсын үйрету қазіргі заман талабына сай бәсекеге қабілетті, қарқынмен дамып келе жатқан қоғамда кәсіби маман болып қалыптасуына бағыт беру. «Робототехника» үйірменің 2022-2023 оқу жылындағы жетістіктері:

  1.  Спорттық робототехника бойынша «ROBOTTIME»  Облыстық чемпионатының аудандық кезеңінде «Кегельринг» номинациясы бойынша Алпысов Ернар 3 орын 
  2. Спорттық робототехника бойынша «ROBOTTIME»  Облыстық чемпионатының аудандық кезеңінде «Arduino-да» бағдарламалау  номинациясы бойынша Ержан Амир 3 орын және Төлеген Ерасыл 3 орын алды
  3. Спорттық робототехника бойынша «ROBOTTIME»  Облыстық чемпионатының аудандық кезеңінде «Түзу сызықтың бойымен» бағдарламалау  номинациясы бойынша Әшімханов Абзал 3 орын
  4. Спорттық робототехника бойынша «ROBOTTIME»  Облыстық чемпионатының аудандық кезеңінде «Сумо» бағдарламалау   номинациясы бойынша Омарқанова Аружан 3 орын
  5. 3D модельдеу және бағдарламалау бойынша «SKILLS FOR GEEKS» Облыстық чемпионатының аудандық кезеңінде Arduino-да бағдарламалау бағыты бойынша Сағадиев Диас 3 орын алды

Зияткерлік тәрбие лингвистикалық, музыкалық, логикалық-математикалық, кеңістіктік, дене шынықтыру-кинестетикалық,тұлғааралық,тұлғааралық интеллектті дамытуға бағытталуы керек, сондықтан мектепте келесі іс-шаралар өткізіледі: 

Көңiлдi калейдоскоп» интеллектуалдық сайыс 8 сыныптар арасында өтті.
 Ұйымдастырушы: Мектеп Парламент өзін-өзі басқару ұйымының белсенді мүшесі Қайрылықызы Аяужан. 

-"Рухани Жаңғыру" бағдарламасы аясында робототехника бойынша жұмыстар көрмесі ұйымдастырылды. Жетекшісі: Танашанова А. Т. 

- 5-6 сыныптар арасында"Кітапта қонақта"әзіл-сықақ викторинасы интеллектуалды сайыс ұйымдастырылды. Оқушылар қызыға белсене қатысты,сайыс соңында мақтау қағаздарымен марапатталды.Ұймдастырушылар: Жас Ұлан ұйымының белсенді мүшелері Слямханова Алина,Оралтаева Дильназ.

-7,8,9 сыныптар арасында Исторический калейдоскоп «Мой Казахстан» интеллектуалды ойын ұйымдастырылды. Ұйымдастырушы: Мектеп өзін-өзі басқару ұйымының мүшесі Арина Золотавина өткізді.

   Сондай-ақ, бұл бағытта «Математика әлемі» Закешова А, "Логика және қызықты мтематика","Қиын есептерді шешу"Қрамбаева Б., “Funny English” Қахарман Қ, орыс тілінен,  физика және т. б.пәндер бойынша үйірме жұмыстары жүргізілуде.

  30 мамырда әр ауысым үшін "Жетістіктер шеруі" салтанатты жиыны өтті. Жиында оқу үздіктері - 110 оқушы, республикалық, облыстық, аудандық ғылыми, шығармашылық және спорттық байқаулардың жүлдегерлері - 110 оқушы, сондай-ақ мектеп Парламентінің ең белсенді мүшелері -30 оқушы мақтау қағаздарымен марапатталды. Сап жиында мектеп туралы әндер шырқалды, мектеп би тобы спорттық және үнділік билерді орындады. 


8) Дене тәрбиесі салауатты өмір салтын,  дене шынықтыру мен спортты, дене шынықтыруды, өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың құндылығын қалыптастырады.

Мектеп қызметінің денсаулық сақтау бағыты «Денсаулық мектебі» бағдарламасын іске асыру барысында жүзеге асырылады.

Мақсаты: оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту, оқушылардың салауатты өмір салтына деген көзқарасын қалыптастыру үшін ең қолайлы жағдайлар жасау болды.

Жасөспірімдердің салауатты өмір салтын сақтау қажеттілігі, денсаулық  жағдайы мен ерекшелігі туралы білімдерін, денсаулықтың дене, психологиялық, әлеуметтік және рухани байлықтармен біртұтастығы және денсаулықты сақтау әдістері туралы түсініктерін қалыптастыру мақсатында мектебімізде әр түрлі іс-шаралар жоспарланып, жүйелі түрде өткізіледі. Балаларды қорғау ісі денсаулықты қорғау жұмысымен тығыз байланысты. Денсаулықты жақсарту жұмысына дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері, мектеп фельдшері   Кусаинова Лазат  көп көңіл бөледі. Жоспар бойынша нарколог, эпидемиолог дәрігерлермен, салауатты өмір салты орталығының  мамандарымен лекциялар өткізіледі. Осы мамандар оқушылармен денсаулық сақтау жөнінде лекциялар өткізіп, консультациялық жұмыстар жүргізеді.

- «НАРКОБЕКЕТ»/ «НАРКОПОСТ» клубы жұмыс атқарды, жетекшісі: Шәріпқан Н.

2021-2022 оқу жылында "Наркост" клубы бірқатар жұмыс атқарды. Әр апта сайын іс- шаралар  сынып жетекшілермен, мектеп психологтарымен, полиция инспекторларымен бірге атқарылады. Ол атқарылған іс -шаралар мектеп инстаграмм парақшасына шығарылады.

Мектеп медбикесі күнделікті тамақтың дайындалуын, сапасын тексеріп отырады. ШҚО.ТҚҚ Департаментінің Күршім аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы жылына екі рет мектептің тазалығын тексеріп, тағам өнімдерінің сапасын зерттеп отырады. Барлығы санитарлық нормаға сай. Мектеп медбике Кусаинова Л. сынып жетекшілермен бірлесіп жыл ағымда келесі іс-шаралар өткізді

  1.  «Тазалық денсаулық кепілі» 5-7 сынып әңгіме 
  2. «Вирусты гепатиттердің алдын-алу жолодары»  5-7 сынып әңгіме 
  3.  «Ішек-құрт ауруының алдын алу» 1-4 сынып әңгіме
  4.  «Ас адамның арқауы» 4-5 сынып әңгіме
  5. «Тұмау ауруы таралу жолдары» 8-10 сынып әңгіме
  6.  «Жасөспірімдер қыздар арасында тазалығы» 8-9  сынып әңгіме, кеңес 
  7. Сынып жетекшілер, ата-аналармен 12-18 жас аралығындағы оқушыларға вакцина егудің қауіпсіздігі мен қажеттілігі жайында «Балаларды вакцинациялау» туралы түсіндірме әңгіме өткізілді. слайд
  8. «Кене энцефалиті» 1-5 сынып әңгіме 
  9. «Жүрек ауырғанда алғашқы көмек» 5 сынып сағаты
  10. « Қызылша ауруының белгілері,жұғу  жолдары » 1-4  сынып әңгіме
  11. «Сау жүрек –белсенді өмір» 2-4  сынып сағаты
  12. «АИТВ  жүғу жолдары»   10-11 сынып оқушылар әңгіме  
  13. «Біз салауатты өмір салты үшін»  5-6  сынып   әңгіме 
  14.  «Темекі шегу, алкоголизм, нашақорлық ЖИТС» - 8- 9 сынып әңгіме слайд.
  15. «Нашақорлық және оның салдары, емдеу мәселелері» 8-9 сынып әңгіме 
  16. «Құтыру ауруы өліммен аяқталатын ауру» 8 сынып әңгіме
  17. «Туберкулез ауруы қалай жүғады және алдын- алу» 5-8 сынып слайд 
  18. «Туберкулез деген не?» 7-8 сынып диктант
  19. «Зиянды әдеттен аулақ болайық»  8-9 сынып әңгіме слайд
  20. «Нашақорлыққа жол бермеу!» 8-10 сынып әңгіме слайд
  21. «Бурцулез ауруының алдыналудын іс шаралары» 8 сынып әңгіме 
  22. «Темекінің әсері» 6-7 сынып әңгіме слайд
  23. «Внимание сезон клещей» 0-6 сынып әңгіме 
  24. «Күн соққысы» 0-11 сынып әңгіме

Мектепте әртүрлі секцияларды жүргізетін бес дене шынықтыру мұғалімі жұмыс істейді. Олар келесі жыл бойы келесі жұмыстар атқарылған.

     17.09.2022-Бобровка, Шахвалатов Рустам, Мұратбекқызы Ұлту қалаларында әуесқойлар арасында Бобровка ауылдық округінің ашық кубогына қатысу.

01.- 02.10.2022 - жазғы The presidentтік көпсайыстан Шығыс Қазақстан облысының чемпионатына қатысу. Өскемен қ. 11а сынып - Советов А., Сенбі Т., 10А сынып-Табысбек Ш., Жанболатова ж., Мәуліхан Р., 10б сынып-Бауыржан Т.

06.10.2022-«Күршім ауданының білім саласындағы өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге қосқан зор үлесі  мен жеткен жетістіктері үшін» Күршім ауданы бойынша білім бөлімінен МАДАҚТАМА ҚАҒАЗЫ № 0166

05-07.10.2022 - "Дарын" лагері базасында "қауіпсіздік мектебі-2022" облыстық жарыстарына қатысу, Үлбі тауы.                                          

10.11.2022- мектепішілік  ереже бойынша 10а сыныбында ашық сабақ өткіздім. Тақырыбы: “Гандбол ойынның техникасы мен тактикасын жетілдіру. 24.11.2022-  Күршім №3 мектеп гимназиясында гимназия оқушыларымен баскетбол ойынынан жолдастық кездесу өтті. Кездесу 50: 8 нәтижесімен аяқталды, команда жеңіске жетті. 27.11.2022-   мектепішілік  ереже бойынша мұғалімдер арасында ”Быть здоровым, жить активно -это стильно, позитивно!” ашық көңілді старт сайысы өтті

26.11.2022-  Өскемен қаласында жеңіл атлетикадан өткен көпсайысқа қатысты: 11а Маутқан Е., 10а Мәулімхан Р., Жанболатова Ж., 8а Фархатқызы А.

17.12.2022-  Ю.А.Гагарин атындағы №1 Күршім орта меткебінің түлектері мен дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырған ҚР «Тәуелсіздік күні» мерекесі құрметіне орай аудан мекемелері арасында баскетбол ойынынан жарыс өткіздік.Нәтижесінде  I-II орын мектеп түлектері, III орын мектеп оқушылары алды

18.12.2022- Күршім ауданы бойынша «Шаңғы» жарысы өтті. Нәтижесі: Жунусова Г.А. дене шынықтыру пәні мұғалімі I орын, 11а сын. Шахвалатов Р. I орын, Сәдуақасов А. III орын, Мұратбекқызы Ұ. III орын, 10а сын. Жанболатова Ж. II орын, 5а сын. Аныбекова А. II орын, Ермекқызы Диана III орын

24.01.2023- 8в сыныбында химия пәнінен өткен ашық сабаққа қатыстым. Жауапты: химия пәні мұғалімі Шарипхан Н.

01-02.02.2023- ШҚО қысқы The presidentтік көпсайысқа   (полиатлон) қатысып жүлделі    I орынға ие болдым. Көпсайыста- мылтық ату, денені түсіріп- көтеру, шағы 3 км. жүгіру болды. 

Көпсайысқа 11а сын.- Мұратбекқызы Ұ., 10а сын.- Жанболатова Ж., 8б сын.- Жанболатов Ж., 5а сын.- Слямбек Ш. қатысты.



3.02.2023- өткен ШҚО ашық жеңіл атлетика чемпионатында 10а сын.- 1500м. жүгіруден Мәулімхан Р. I орын,  ядро лақтырудан Жанболатова Ж. III орын, 7б сын.- Тилейбек Х. I орын



08.02. 2023 -  Құйған ауылдық округында  аудандық шаңғы жарысы өтті. Мектептің  ұстаздары, қамту қызметкерлері және оқушылары белсене қатысты. Сол жарыста бірнеше адам жүлделі орындарға ие болып көрермен сыйлықтарын кішкентай қатысушыларымыз алды. Олар: ересектер арасында- дене шынықтыру пәні мұғалімі Жунусова Г.А.  I орын, қамту қызметкері Тоқтарбаева Г.С. I орын, Қахарман Қ. I орын, Қрамбаева Б. II орын; оқушылар арасында- 10а сынып оқушысы Жанболатова Ж.   II орын, 8а сынып оқушысы Жанболатов Ж. III орын, 6 а сынып оқушысы Сәлімбек Ш. II орын

09.02.2023-  «Маяк» спортзалында №4 орта мектебінің оқушыларымен баскетбол ойынынан жолдастық кездесу өтті. Кездесу 48:16 нәтижесімен аяқталды, команда жеңіске жетті. 

03.03.2023- Төсқайың ауылдық округында өткен  Б.К.Саткеневқа арналған шаңғы жарысында Г.А.Жунусова I орын, 6а сынып оқушысы Сәлімбек Ш. III орынға ие болды.

14-16.04 2023- Өскемен қаласында  Шығыс Қазақстан облысының жеңіл атлетикадан ашық чемпионаты өтті.

2008-2009 жылғы: 1500м жүгіру II орын Камилов Алихан

2006-2007 жылғы: 1500м  жүгіру II орын Советов Айқын

2006-2007 жылғы қыздар арасында 1500м I орын Мәулімхан Рабиға

2008-2009 жылғы ұлдар арасында 3000м қашықтықта II орын Камилов Алихан, III орын Жанболатов Жігер

2006-2007 жылғы қыздар арасында ядро лақтыру II орын Жанболатова Жансая

2008-2009 жылғы ядро ұлдар II орын Жанболатов Жігер

Ұлдар арасында 2006-2007жылғы диск лақтырудан II орын Мауткан Ерасыл

Қыздар арасында 2006-2007ж найза лақтырудан II орын  Жанболатова Жансая 

Командалық эстафета 2008-2009 жылғы ұлдар III орын алды


20.04.2023-  «1 Мамыр- Қазақстан халықтарының бірлігі күні»мерекесі қарсаңында оқушы ұлдар арасында аудандық баскетбол жарысы өткізілді. Мектептен ұлдар командасы қатысып  I орынға ие болды. «Үздік ойыншы»атағына 11а сынып оқушысы Сәдуақасов Алижан ие болды.

«Теннис» және «Қол күрес» үйірмелері, жетекші: Шұқұнов А.Т. Үйірме аптасына 2-реттен сейсенбі, сәрсенбі күндері өтіп отырды. Үйірмеге 15 оқушы өздерінің қызығушылықтарымен қатысты. Үйірмеге келген оқушыларға ең алдымен қауіпсіздік ережесімен таныстырып, содан кейін теннис спортының маңыздылығымен әдіс-тәсілдерін, техникаларын көрсетіп үйретті.

   2022-2023 оқу жылында қол күрес үйірмесі жоспар бойынша сағаты толық өтті. Үйірме жоспар бойынша аптасына 2 рет жазылған. Бірінші жарты жылда оқушылар мен ата-аналардың келісімі бойынша аптасына 5 рет өтіп отырды. Ал екінші жарты оқу жылында дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері өтті. Үйірмеге 15 оқушы қатысты. Оқушылар оқу жылдың басында қауіпсіздік ережелерімен таныстырылып өтті.

Жылдың басында, яғни 24.09.2022 жылы «Жеткіншектер, жасөспірімдер арасында қол күресінен Өскемен қаласының ашық чемпионатында» 50кг салмақ дәрежесінде 2-орын алғаны үшін Ризабекова Сабина марапатталады, 9б сынып оқушысы.


03.05.2023 жылы Күршім ауылында өткен турнир «ҰОС ардагері С.Тоқаев атындағы қол күресінен өткен жарыста» Ю.А.Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебінің оқушылары қатысып жүлдері орындар  мадақтама граматасы мен медальдар алды.

45кг салмақ дәрежесінде 2-орын алған Руснак Артем 7в сынып оқушысы, 50кг салмақ дәрежесінде 2-орын алған Шахвалатов Рүстем 11а сынып оқушысы, 60кг салмақ дәрежесінде 2-орын алған Кеңесханов Айбол 10а сынып оқушысы, 50кг салмақ дәрежесінде 2-орын алған Ризабекова Сабина 9б сынып оқушысы, осы салмақта 3-орын алған Тұрсынбекова Наргиз 8а сынып оқушысы, 60кг салмақ дәрежесінде 3-орын алған Сейілханова Шұғыла 10б сынып оқушысы, +60кг салмақ дәрежесінде 3-орын алған Болатхан Мөлдір 10б сынып оқушысы.

15-17.05.2023 жылы аралығында Риддер қаласында өткен «2004 жылғы және одан кіші спортшылар арасында қол күресінен (жеке қолдар) Шығыс Қазақстан облысының Чемпионатында» Ю.А.Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебінің оқушылары қатысып жүлдері орындар   мадақтама граматасы мен медальдар алды.

50кг салмақ дәрежесінде оң қолдан 2-орын алған Ризабекова Сабина 9б сынып оқушысы, 50кг салмақ дәрежесінде сол қолдан 3-орын алған Қанаятұлы Салих 10б сынып оқушысы, 60кг салмақ дәрежесінде оң қолдан 3-орын алған Бауыржан Темірлан 10б сынып оқушысы.19.05.2023-  Күршім ауданы бойынша ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ САЙ жеңіл атлетикадан Күршім ауылында «Сартау» стадионында үлкен дода өтті. Күршім ауылдық округының намысын мектептен оқушылар мен ұстаздар қатысып жүлделі орындарға ие болды.   Сайыстың 6 түрінің 3 қатысып қорытынды шығарылды. Нәтижесінде:  Жунусова Г.А. I орын, 10а сынып оқушылары Мәулімхан Р., Жанболатова Ж. I- II орынды бірдей ұпаймен бөлісті, Никитенко Р. III орын, Табысбек Ш. I орын, 10б сынып оқушысыБауыржанұлы Т. II орын, 8 а сынып оқушысы Камилов А. II орынға ие болды.

    2021-2022 оқу жылында футбол секциясы жоспар бойынша сағаты толық өтті. Жетекші: Ж.Жексенбаев. Секция жоспар бойынша аптасына 2 рет жазылған. Оқушылар мен ата-аналардың келісімі бойынша аптасына 3 рет өтіп отырды. Бірінші жарты жылда Дүйсенбі,сейсенбі , бейсенбі күндері өтті, ал екінші жарты оқу жылында дүйсенбі, бейсенбі , сенбі күндері өтті.

Секцияға 17 оқушы қатысты. Оқушылар оқу жылдың басында қауіпсіздік ережелерімен таныстырылып өтті.

Денсаулық күнніне орай , мектеп ішілік оқушылар арасында 9-11 сыныптар арасында : Кіші-футболдан  өтті

1-Орын 11 А сыныбы

2-Орын 9 Б сыныбы

3-Орын 10 А сыныбы 

ҚР Тәуелсіздігінің30 жылдығына орай   2008-2010 жылғы баллалар арасында   Күршім ауданы бойынша Кіші футболдан жарыс өтты оқушылар 3-Орынға ие болды. Кеңес Одағының батыры В.В.Бунтовских атындағы мектеп оқушылар арасындағы кіші футболдан жарыс өтті. 2-Орынға ие болды.

            


Қамқоршылық кеңес және оның қызметін ұйымдастыру


 Қамқоршылық кеңестің мақсаттары:

-білім беру ұйымдарына жәрдемдесу, бекітілген жарғылық функцияларды орындау;

-білім беру ұйымының білім алушылары мен педагогтары үшін қажетті жағдайлар жасау;

-білім беру ұйымдарына қаржылық қолдау көрсету, материалдық- техникалық базаны нығайту;

-білім беру ұйымын одан әрі дамытуға жәрдемдесу.

Қамқоршылық кеңестің қызметі «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленген жүргізіледі. Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының әкімшілігімен, ата-аналар комитетімен, жергілікті атқарушы органдармен, мүдделі мемлекеттік органдармен және өзге де жеке және/немесе заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды.

   2023 жылдың қаңтарында Қамқоршылар кеңесінің жаңа құрамы қайта сайланды. Мектептің ата-аналары, қоғам өкілдері және еңбек ардагерлері қайда кіреді. Жұмыс жоспары жасалды. Бірінші жартыжылдықта Қамқоршылар кеңесі келесі іс-шараларды өткізді.   Наурыз мерекесі қарсаңында "Мейірімділік керуені" акциясына орай Күршім ауылының "Іскер әйелдер қауымы" Ю.А.Гагарин атындағы №1Күршім орта мектебіндегі аз қамтылған 6 отбасына азық-түлік қоржындарын табыстады. Акция барысында әрбір қатысушының қосқан үлесі зор,үнемі көмекке дайын екенін көрсетті. А. Уанбаев Наурыз мерекесіне арналған баннерді безендіру үшін сыйға тартты. Алмагүл "Жүректен жүрекке" акциясында баланың тілегін орындап, сымсыз құлаққап сыйлады. Кеңестің шешімімен 5-8, 10 сынып оқушыларына арналған жазғы практика, сондай-ақ келесі оқу жылына арналған мектеп формасы бекітілді.Қамқоршыларкеңес материалдық көмек көрсетуге арналған балалардың тізімін бекітті.Мектептің туған күніне орай Кеңес мүшелері футбол доптары мен сурет сыйлады.




Сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі.

    Оқу жылы ішінде мектепте "тәрбие жүйесінде сынып жетекшісінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру"тақырыбында сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі жұмыс істеді. Жоспар бойынша сынып жетекшілерінің отырыстары өткізілді. «Сынып жетекшісінің ата аналармен жұмысын жетілдіру» тақырыбында сынып жетекшілерінің ӘБ семинар өткізілді. Отырыста сынып жетекшілері А. Е. Темірғалиева «Ата-аналар мен сынып жетекшінің бірлескен «іс-әрекетін ұйымдастыру технологиясы» және М. Ж. Жәнібекова "Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарымен жұмыс" туралы тәжірибесімен бөлісті. Педагогтар ата-аналармен жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстар енгізді."Педагогтардың психоэмоционалдық күйзелісінің алдын алу" атты тренинг өтті.Өткізген: мектеп психологы М.Б. Зияшова. Оқу жылы бойы мұғалімдер ашық сынып сағаттарын, сыныптан тыс іс-шараларды өткізді, әрбір сынып жетекшісі айына 2 іс-шараға қатысты, бір жылда қатысқан іс-шаралардың жалпы саны 20 құрады. 

Қорытынды

   Мектептің тәрбие жүйесін жетілдіру мақсатында:

- оқушылардың өзін-өзі басқару органдарының рөлін арттыру мақсатында мектеп Парламентінің жұмысын жүйелеу;

- "Үздік оқушы ұжымы","Жыл оқушысы","Жылдың сынып жетекшісі" конкурсына қатысу бойынша сынып ұжымдарының жұмысын жүйелеу.


2023-2024 оқу жылына арналған мақсаттар:

- Оқушылардың жеке ерекшеліктерін дамыту арқылы ұжымдарды біріктіру.

- Білім берудің екінші кезеңінде оқушылардың табысты бейімделуін қамтамасыз ету.

- Жауапкершілікті,мінез-құлық және қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу.

- Сабақта және сабақтан тыс уақытта баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

- Ынтымақтастық, табандылық,жеке еңбек және еңбек арқылы балаларды жетістікке бағыттау.


2023-2024 оқу жылына арналған сынып жұмысының тәрбиелік міндеттері:

- Бір-біріне тілектестік қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру;

- құқық бұзушылық,ерте жүктілік,суицид бойынша алдын алу жұмыстарын кең көлемде жүргізу;

- өзін-өзі басқару,ұжымды біріктіру бойынша жұмыс;

- оқушылардың жеке ерекшеліктерін дамыту арқылы ұжымды біріктіруді жалғастыру;

- жауапкершілікті,мінез-құлық мәдениетін және қарым-қатынасты тәрбиелеу;

- гимназия өміріне балалардың белсенді қатысуы үшін жағдай жасау;

- әр тұлғаның шығармашылық дамуына жағдай жасау;

- сөйлеу мәдениеті бойынша жұмыс;

- балалардың оқу іс-әрекетіне оң көзқарасын қалыптастыруды жалғастыру;

- пән мұғалімдерімен жұмыс түрлерін әртараптандыру;

- оқушылардың адамгершілік өзін-өзі бағалауын дамыту,оларды интроспекцияға үйрету.


2023-2024 оқу жылына арналған тапсырмалар

• Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау жөніндегішараларды қамтамасыз ету;

• Көптілді білім берудің негізі ретінде мемлекеттік тілдің басымдығын арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыру;

• Әр оқушымен,сынып жетекшілерімен және пән мұғалімдерімен аналитикалық жұмыс үшін педагогикалық мониторингті жетілдіру;

• Қабілетті балаларды анықтау бойынша педагогтердің жұмысын жүйелеу;

• Педагогтердің педагогикалық тәжірибесін жинақтау және жинақтау бойынша жұмысты жандандыру;

• Әр түрлі бағыттар бойынша аудандық,облыстық,республикалық конкурстарға қатысу бойынша педагогтердің жұмысын жандандыру;

•"Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясының құндылықтары негізінде білім берудің тәрбиелік әлеуетін арттыру.

2023 жылдың сәуір айында ШҚО басқармасының «Алтай қаласындағыПМПК тексеруі ауданға келіп,қабылдау жүргізді. Мектепішілік педагогикалық консилиум негізінде   4 оқушыдағы  динамиканың жақсаруына байланысты,ПМПК тексерілуіне арнайы мінездеме жазып, комиссия қарауына жолданды.Нәтижесінде 2 оқушымыз есептен алынып тасталынып, 2 оқушыға жеңідетілген диагноз қойылды.Басқа жаңа оқушыларды сынып жетекші мен мұғалімдер тарапынанұсынылған оқушыларғапедагогикалық-психологиялық мінездеме жазылып, қабылдаудан өтті. Нәтижесінде 5 оқушыға   ПМПК кеңесінің қорытындысы   беріліп, есепке алынды.

Психологиялық –педагогикалық консилиум жоспарындағы шаралар белгіленген мерзімінде жылдық жоспарға сәйкес өткізілді. Инклюзивті білім беруде мектеп дефектологы,психологы, әлеуметтік  педагогы, медбикесі ,мектеп әкімшілігі ,сынып жетекшілері бірлесіп  жұмыс атқарды.Инклюзивті сыныптарда әдістемелік көмек көрсетіліп, сонымен қатар оқушылар жыл көлемінде мамандар бақылауында болды. 

   Түзету-дамыту сыныбында білім алатын оқушылармен жылдық жұмыс жоспары бекітілді және жұмыс жоспарға сәйкес жүргізілді және қойылған диагноздары бойынша сабақ өтілді.Балаларға әр аптасына 2 рет жеке сабақтар өтілді.Оқушылармен жыл бойы түзету жұмыстары жүргізіліп, ойын тапсырмалар .жаттығулар арқылы ойлау, есте сақтау қабілеттері ,саусақ жаттығулары арқылы ұсақ қол   моторикасы  дамып, оқу  әрекетінде сабаққа   қызығушылығын арттыру жұмыстары жасалды.Оқушылардың жеке ерекшеліктеріне және оның дамуын анықтау арқылы қолайлы жағдай қалыптастырылды. Педагог-дефектолог сабақ өту бағдарламасын түсіндіріп,жұмыс барысында ата-аналармен ,пән мұғалімдерімен .сынып жетекшілері , психологтармен тығыз байланыста жасалынады.

  Әр ай сайын ата-аналармен кездесу ұйымдастырылып, кеңес беріліп оқушылармен үйде қандай жұмыс жасау керектігі жайлы ұсыныс айтылды.

 2023 жылдың ақпан айының 21-інде «Н.Островский атындағы №4Күршім орта мектебінде» «Инклюзивті білім беру аясында оқушыларды психоэмоционалды дайындау « атты семинар- практикумге педагог-ассистент Н.Кудабаев пен мектеп дефектологы А.Рахимжанова барып қатысты.Семинар-практикумге мектеп әкімшілігі, мектеп психологтары, дефектологтары, әлеуметтік педагогтары мен бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.Семинар –практикум  инклюзивті білім берудегі негізгі ережелерден ауытқыMay, инклюзивті білім берудің мақсатын толығымен қамтыды. Семинарға  қатысқан педагогтар өз қоржындарына инклюзивті білім берудегі әр түрлі әдістемелік көмектерді алып қайтты.

2023 жылдың наурыз айында  «JULDYZAI»   XVIII Республикалық балалар шығармашылық фестифалінемектебімізден  3 инклюзивті оқушы қатысты.Аудандық  іріктеу кезеңінде   қаралып, 1   оқушымыз  вокал номинациясы бойынша 2 орын, 2 оқушымыз хореография номинациясы бойынша 2 орынды алып, арнайы мақтау қағазымен марапатталды.





2023  жылы 1-маусым –Халықаралық  балаларды  қорғау   күніне  арналған бүкілқазақстандық  акция  аясында   Ю.А Гагарин атындағы  №1 Күршім орта мектебінде  мүмкіндігі  шектеулі   балалармен  «Бақытты балалық шақ» тақырыбында  іс-шара  өткізілді.   Іс-шараны мектеп дефектолог      А.А Рахимжанова  мен  мектеп   психологы  А.Ануарбекқызы ұйымдастырды.

Іс-шара барысында балалармен  «Бақытты   балалық  шақ дегенді қалай  түсінесің ? »   деген сұрақ  төңірегінде    көзқарастары  сұралды. Әр бала өзінің  пікірін   еркін  айта  білді. Оқушылармен  танымдық , коммуникативтік тренинг  жаттығулары жүргізілді. Іс-шара соңында  белсене қатысқандары үшін  оқушылар арнайы сертификаттармен марапатталды.

 «Ю.А. Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебіндегі психологиялық  қызмет   жұмысының талдауы

2022–2023 оқу жылы психологиялық қызмет бойынша атқарылатын міндеттері:

  1. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық үдерісінің даму деңгейін зерттеу және қамтамасыз ету;
  2. Ата-анамен қарым-қатынасты арттыра отырып, «тәуекел» топтағы оқушылармен жұмыс жүргізу;
  3. Пән мұғалімдері мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты нығайту;
  4. Шеттетілген балалармен  жұмыс жүргізу,  психологиялық жағымды климат орнату;
  5. 1,5-сынып оқушыларының бейімделуін диагностикалау, әлеуметтік-психологиялық тренингтік жаттығулар жүргізу;
  6. 9- сынып оқушыларының  кәсіби таңдауын психологиялық қолдау;
  7. Психокоррекциялық жұмыс бағыттарын жандандыру;
  8. Мұғалімнің тұлғалық өзіндік дамуын, ішкі ресурстарын ашу, мотивациялық сферасының дамуы бойынша педагогикалық ұжыммен жұмысты жандандыру.

2022–2023 оқу жылында Ю.А. Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебінде психологиялық қызмет жұмыстары келесі бағыттар бойынша жүргізілді: диагностикалық, профилактикалық, консультациялық, түзету –дамыту іс –әрекеті. 

Психодиагностика психолог қызметінде негізгі орын алады. Бұл қызмет күрделі істі, әрі үлкен жауапкершілікті талап етеді. Ол маманнан кәсіби шебер, іскерлікті қажет етеді. Білім алушылармен жеке психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүргізуге ата-аналардың жазбаша  келісімі жыл басында алынды. Психологтың мектеп директорымен бекітілген жылдық жұмыс жоспарына сәйкес оқушылармен жүргізілген психодиагностикалық бағыттың жұмыстарына төмендегідей көрсеткіштік бағалау жасалынады:

1.Оқу жылы басында мектепалды даярлық және 1-сыныптардың мектепте оқуға дайындығын, психикалық дамуы анықталды. Онда:

Ойлау ерекшеліктерін анықтауға арналған әдістемелер қолданылды. Зерттеу барысында келесі нәтижелер анықталды:


Зерттеу нәтижесі бойынша қорытынды жасалынып, танымдық үрдістерінің даму деңгейі төмен көрсеткен балалар анықталып, оқу жылы барысында олардың деңгейін жоғарылату және олардың  ата –аналарымен жұмыс жүргізу бойынша  сынып тәрбиешілеріне психологиялық ұсыныстар мен кеңестер берілді.          Сонымен қатар әлеуметтік аз қамтылған балалардың отбасын анықтау мақсатында - сыныптың әлеуметтік - психологиялық және оқушының жеке басын зерттеу үшін психологиялық   карталары толтырылды.

1 сынып оқушыларының бейімделу деңгейін анықтау, дезадаптация себебін байқау, оларды жою бойынша түзету жұмыстарын жүргізу мақсатында 1- сынып оқушыларының мектепте оқуға дайындық деңгейлері зерттелінді.

Осылайша мектепке келген әр баланың психикалық даму деңгейлері анықталып, эмпирикалық мәліметтер нәтижесі педагогикалық консилиумда пән мұғалімдеріне таныстырылып, төмен деңгей көрсетілген оқушылардың   мектепте оқуға жақсы бейімделіп кетуіне психолог тарапынан ұсыныстар беріледі. Төмен деңгейлі балалардың   қосымша жеке бас ерекшеліктеріне тереңірек зерттеу, әңгімелесу т.с.с жұмыс түрлерін жүргізе отырып, психолог- мұғалім –ата анамен жүйелі байланыс жасалды. Жыл көлемінде осындай психологиялық сүйемелдеу арқылы төмен деңгейлі оқушылардың оқуға қабілеттілігіне оң әсер ету жұмыстары жасалып келді. Мамандандырылған көмекке қажет оқушыларды анықтап, педагогикалық-психологиялық мінездемелер беріліп, ПМПК-ға оқушылар жіберілді.


5 «А» сыныбының «Мектепке қарым – қатынас » сауалнамасының қорытындысы:

1.Қай пән ерекше ұнайды ?

1.Математика - 9 оқушы 75%

2.Қазақ тілі - 5 оқушы 41,7%

3.Ағылшын - 3 оқушы 25%

4.Дене шынықтыру -1  оқушы 8,3%

5.Информатика - 1 оқушы8,3%

2.Қай пән сен үшін қиын  ?

1.Ағылшн  тілі  - 9 оқушы 25%

2.Жаратылыстану - 5 оқушы16,7%

3.Математика - 3 оқушы25%

4.Қазақ әдебиеті -1  оқушы 16,7%

5.Қазақ тілі - 1 оқушы 8,3%

6.Орыс тілі -1 оқушы 8,3%

3.Қай пәннен   үй тапсырмасын орындау қиын ?

1.Қазақстан тарихы   - 3 оқушы 25%

2.Дүниежүзі тарихы - 1 оқушы 8,3%

3.Математика - 3 оқушы 8,3%

4. Қазақ тілі -1  оқушы 8,3%

5. Ағылшн   тілі  - 4 оқушы 33,3%

6.- Жаратылыстану 1 оқушы 8,3%

4. Өзіне ұнайтын мұғалім кім ?

1. Дана Болатбекқызы   - 5 оқушы 41,7%

2. Ардақ Ердауытовна  - 8 оқушы 66,7%

5. Басқа мектепке ауысқың келеді ме ?

1. Иә - 2 оқушы 16,7%            

2. Жоқ - 10 оқушы 83,3%




Жүргізілген зерттеудің нәтижесі бойынша  әкімшілік, пән мұғалімдер, сынып жетекшілері, ата-аналарға таныстырылды. Оқушыларға жеке ағартушылық, кеңес беру жұмыстары жүргізілді Оқушылардың жалпы бейімделу деңгейі қалыпты, бейімделу төмен оқушылармен жұмыс жасауда  кеңестер берілді.

5-11 сыныптар аралығында Google формада ватсап желісі арқылы мектеп ішіндегі, сынып ішіндегі зорлық –зомбылықты, тәртіпсіздікті, құқық бұзушылыққа қатысты оқушылардың көзқарасын анықтау мақсатында   «Зорлық – зомбылық туралы мен не ойлаймын?»атты    сауалнама жүргізді, оған  182 оқушы қатысты. Сауалнама нәтижесіне сүйеніп оқушылардың зорлық-зомбылық жайлы, қай жерде оған адам тап болуы мүмкін және ондай жағдайда не істеу керектігі туралы  түсініктері дұрыс қалыптасқан, ата-аналарымен   жақсы-қарым қатынаста, әлеуметтік желілерде дұрыс отыру әдебін біледі. Мектепте үлкен сыныптардың кішілерге қандайда бір күш көрсету жағдайлары бар деп ойлайсыңба? деген сұраққа 100 % оқушы «ЖОҚ» деп жауап берді. Балалар арасында психоэмоционалды да, физикалық та зорлық – зомбылық көрсету байқалMayды. Яғни, жағымды қолайлы ортада білім алып отыр деп айтуға болады.

    Мектептегі булинг пен кибербуллингтің адын алу мақсатында 6-сынытарға буллингті алдын алу бойынша профилатикалық сабақ өткізлді. 

«Менің сыныбы буллингке қарсы» тақырыбында 9 сынып оқушыларымен психологиялық сағат өткізілді. Онда балалар арасында буллинг мәселесіне назар аударту, әлеуметтік құбылысқа қарсы тұра алу иммунтетін қалыптастыру басы мақсат болды. Оқушыларға буллинг дегеніз не, түрлері, белгілері мен сипатары қандай болады, құрбандары кімдер және ондай жағдайға ұшырап қалғанда әрекет ету алгоритмдері мен кеңестер берілді. Өткізген: педагог-психолог А.Қабен.

Қазанның 17 күні мектебімізде 11-сыныптардың ата-аналар жиналысы өтті.
 Күн тәртібіндегі мәселе:
 1. Мектеп бітіруші түлектердің қорытынды аттестаттау мен ҰБТ дайындық мәселесі.
 2. Пән мұғалімдері мен ата-аналардың жеке сұхбаты.
 Жиналыстың мақсаты мен оқушылардың қорытынды аттестаттауы бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г. К. Баймухамбетова таныстырып өтті. Мектеп директоры Е. Мажибаев өткен оқу жылындағы мектеп түлектерінің жетістіктері жайлы айтып өтіп, биылғы жылғы түлектерге ата-аналар тарапынан қолдау қажет екендігін баса айтты.
 

11 "Б" сынып жетекшісі Шәріпқан Нұргүл ҰБТ өткізу нұсқаулығын слайд түрінде көрсетті. Ата-аналарға ҰБТ-ға байланысты жадынама таратылып берілді.
 Мектеп психологтары А. Ромбаева мен М. Зияшева ата-аналармен тест, тренингтік жаттығулар өткізіп, емтихан, тест алдында балаларының көңіл-күйлерінің жағдайы стрестің алдын алу бойынша ақыл-кеңестерін берді.
 2-мәселе бойынша ата-аналар пән мұғалімімен топта және жекелей сұхбат құрып, оқушылардың күнделікті сабаққа, тестке дайындығы туралы ақпарат беріп, алдағы мақсаттар туралы ақылдасты.

1 қараша күні «Педагогтардың психоэмоционалдық күйзелісін алдын алу» атты тренингтік жаттығулар өткізілді. 





«Бақытты ана-бақытты бала-бақытты ел» және «Отбасындағы зорлық зомбылыққа жол бермейік» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Мақсаты: балаларға қатыгездікпен қарау мәселесі бойынша ата-аналарды ақпараттандыру, жәбірлеуді болдыртпайтын және оның алдын алуда ата-ананың міндетін түсіндіру. Ата-ана мен бала арасындағы сенімді сыйластықты, бір-біріне деген сезімді нығайту. Ата – ана -отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері екенін ескеріп, мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу. 

17.11.2022 жылы аудандық  ақсақалдар алқасының төрағасы Есманбек Адаевич, аудандық білім бөлімінің әдіскері Айзада Солтановна, аудандық әйелдер ұйымының төрайымы  Ляззат Сагындыковнаның қатысуымен «Бақытты ана-бақытты бала-бақытты ел» және «Отбасындағы зорлық зомбылыққа жол бермейік» тақырыбы аясында «Ата – ана мен бала арасындағы  сенімді сыйластықты,  бір-біріне деген сезімді нығайту, мектеп, ата- ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу мақсатында» ата-аналарға арналған дөңгелек үстел өткізілді. Жиналыс барысында көптеген сұрақтарға жауаптар алынды. «Ашық айтамын» жаттығуы арқылы ата – аналар өз пікірлерін және ұсыныстарын жазып сенім жәшігіне қалдырды. Өткізген: әкелер мен аналар мектеп клубының жетекшілері Е.Е. Актекенов, Б.Е. Кизамадиева және мектеп психологтары А.Ж Ромбаева, М.Б Зияшова.




22 қараша күні 11   сынып оқушыларына «ҰБТ-ға сеніммен» атты психологиялық қолдау мақсатында ҰБТ-ға   психологиялық дайындық қалай жүргізу қажет, дайындалу ережесі, өз уақытын тиімді пайдалану жөнінде, ұзақ мерзімді еске сақтау тәсілдері, мазасыздықтан арылу, өзіне сенімділік орнату  жөнінде ақпарат берілді, сергіту, релаксациялық, аутотренингтік жұмыстар жүргізілді. Бітіруші түлектерге емтиханға дайындық арасында міндетті түрде, оқу процессі өнімді болу үшін белсенді түрде миымызды демалдырту ұсынысы жасалды. Белсенді демалу түрлеріне волейбол, футбол, үстел теннисі, таза ауада серуендеу, кинезологиялық жатығулар т.б. жатады. Жыл көлеміде оқушыларымен болашақ мамандықтары туралы әңгімелесу жүргізілді, мамандықтар мен жоғарғы оқу орындары туралы мәліметтер берілді, ҰБТ -ке қиындықтары туралы сауалнама жүргізілді, қызығушылықтары анықталды. ҰБТ  тапсыруға байланысты моральдық-психологиялық жағдайларын анықтауға арналған сауалнама нәтижелері мұғалімдерге таныстырылды.

 «Қыз тәрбиесі – ұлт  тәрбиесі» тақырыбында дөңгелек үстел.

Білімділік: Өнерге,мәдениеттке,өткен тарихқа,отаншылдыққа өз көзқарастарын тәрбиелей отырып, отбасының алтын арқауы – негізі болуға үйрету. Мейірімдік пен қамқорлық қасиеттерін, ізеттіліктерін қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты: қыз баланының қоғамдық белсенді мүшесі екенін ұғынуға, адал достықты, таза махаббатты түсінуге тәриелеу.

Тәрбиелік мақсаты: қыз баланы ұқыптылыққа, тазалыққа, үлкенді және достарын сыйлауға, мектепте өзін – өзі ұстауға, қыздардың  мінез тұрақтылығын қалыптастыра отырып инабаттылыққа, әдептілікке, ізет пен мәдениееттілікке тәрбиелеу.

Қорытынды: Дөңгелек үстелге аудандық ауруханадан қыздар медбикесі Бақыт Советқызы арнайы келіп, кеңестерімен бөлісті. Дөңгелек үстелден кейін кейбір оқушыларда өз бойындағы кемшіліктен арыла білуі керек, бұл әрбір адам болам, азамат болам деп құлшынған жанның қолынан келер нәрсе деген түсінік қалыптасты. Бүгінгі бозбала – ертеңгі қамқор әке,баланың панасы,әулеттің тірегі ,бүгінгі бойжеткен- ертеңгі аяулы ана,ақылшы әже, әулеттің ұйтқысы.



4 қазан күні «Жарқын болашақ иесі- бүгінгі жас маман» тақырыбында жас мамандармен тренингтік жаттығулар өткізілді. Мақсаты: жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп, көңіл күйін көтеру. Іс-шара өте жақсы деңгейде өткізіліп, мамандар белсенді қатысып, өздерінің алған әсерлерімен бөлісті. Соңында психологиялық ұсыныс-кеңестер берілді.



Желоқсан айында түсік түсіру, ерте жүктілік және жыныстық инфекциялар салдарлары тақырыбында қыздарға түсіндіру сабағы өткізілді. Өткізген:Күршім аудандық ауруханасының әйелдер қарау бөлімінің акушеркасы Бакыт Советқызы және мектеп медбикесі Л. Қусайнова. Ұйымдастырған: мектеп психологтары мен қыздар клубы.




Тақырыбы: «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ»

 Мақсаты:1.Оқушыларға зорлық зомбылық туралы мағұлмат беру,адамның ең жаман қасиеті екенін айту.

2.Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы,олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету.

3.Зорлық зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететін түсіндіру.

Қорытынды: Немістің ақыны В.Гете серуенге шығарда қалтасына түрлі гүлдердің тұқымын салып шығып, шалғындардан, орманнан өткенде, тауға шыққанда гүл тұқымдарын сеуіп жүруді жақсы көреді.Оның жүрген жерлері мезгілі келгенде керемет гүлдер өсіп шығатын . Сұлулық әлемі, әсемдік әлемі байыды. Сол сияқты дүниеде зорлық – зомбылық болмаса адам өмірі,адамзат дүниесі сұлу да әсем болар еді.

Қазіргі заманғы білім беру саласы тұлғаның жеке бас ерекшелітерін ескеруге бағытталған оқу әдістемелерін іздеу бағытында жылжуда. Яғни, оқушыларды жалпыға қабылданған үлгі бойынша бейімдемейтін, керісінше әрқайсысының жеке дара ерекшеліктерін максималды түрде дамыта алатын әдістемелерді іздеу, қолдану бағытын қолға алуда.

Соған орай әрбір оқушы біліммен жан –жақты қаруланып, жетістікке жете алатын, бәсекеге қабілетті бола білуі керек,  өйткені білім – оларың болашағын бағдарлайды. Сәйкесінше, педагогтың міндеті – функционалдық сауаттылықты  арттыру мақсатында оқушының білімді тиімді меңгеруіне және оны тәжірибеде қолдана алуына көмектесу болып табылады. Ал бұл үшін педагог әрбір оқушыға индивидуалды ықпал ете білу етіп, олардың жеке бастарындағы даралық қабылдау ерекшеліктерін анықтай алуы маңызды.

Lesson study бойынша мектебіміздегі сабақты зерттеу тобынан құрылған мұғалімдермен бірге   5 «А» сынып қабылдау ерекшелікерін анықталынды.

Тақырыбы: «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ»

 Мақсаты:1.Оқушыларға зорлық зомбылық туралы мағұлмат беру,адамның ең жаман қасиеті екенін айту.

2.Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы,олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету.

3.Зорлық зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететін түсіндіру.

Қорытынды: Немістің ақыны В.Гете серуенге шығарда қалтасына түрлі гүлдердің тұқымын салып шығып, шалғындардан, орманнан өткенде, тауға шыққанда гүл тұқымдарын сеуіп жүруді жақсы көреді.Оның жүрген жерлері мезгілі келгенде керемет гүлдер өсіп шығатын . Сұлулық әлемі, әсемдік әлемі байыды. Сол сияқты дүниеде зорлық – зомбылық болмаса адам өмірі,адамзат дүниесі сұлу да әсем болар еді.

Қазіргі заманғы білім беру саласы тұлғаның жеке бас ерекшелітерін ескеруге бағытталған оқу әдістемелерін іздеу бағытында жылжуда. Яғни, оқушыларды жалпыға қабылданған үлгі бойынша бейімдемейтін, керісінше әрқайсысының жеке дара ерекшеліктерін максималды түрде дамыта алатын әдістемелерді іздеу, қолдану бағытын қолға алуда.

Соған орай әрбір оқушы біліммен жан –жақты қаруланып, жетістікке жете алатын, бәсекеге қабілетті бола білуі керек,  өйткені білім – оларың болашағын бағдарлайды. Сәйкесінше, педагогтың міндеті – функционалдық сауаттылықты  арттыру мақсатында оқушының білімді тиімді меңгеруіне және оны тәжірибеде қолдана алуына көмектесу болып табылады. Ал бұл үшін педагог әрбір оқушыға индивидуалды ықпал ете білу етіп, олардың жеке бастарындағы даралық қабылдау ерекшеліктерін анықтай алуы маңызды.

Lesson study бойынша мектебіміздегі сабақты зерттеу тобынан құрылған мұғалімдермен бірге   5 «А» сынып қабылдау ерекшелікерін анықталынды.


Қорытынды:Зерттеу нәтижесі бойынша сыныпқа тән қабылдаудың  2 түрі  жетекші болып шықты.Яғни, сынытың 54%-ы ақпаратты есту арқылы қабылдау тән, яғни оқу барысында аудиалды каналдар арқылы алынатын ақпаратты- мақалалар мен әңгімелерді есту каналы арқылы жеңіл қабылдайды. Олар ауызша дыбыстық түрде түсіндірулерді артығырақ көреді.

47% -ы қимыл-қозғалыс арқылы қабылдау тән болып шықты.Бәрінен де оқу стилінің  кинестетикалық түрі тән оқушыларға қауіптің үлкен деңгейі тән, өйткені білім беру мекемесінің бүкіл бағдарламасы негізінен визуал және аудиалдарға есептелінген. Кинестетиктерге үнемі қозғалыс керек болып тұрады, оларға үнемі түзу отыр деп айтып және басқа да көптеген ескертулер жасайды. Оларға сабақтар арасында физикалық жаттығулар жасауды қажетсінсе, ал оларға бар болғаны  бес минут бір сыныптан екінші сыныпқа ауысуға беріледі. Оларға тұрып тұрған ұнаса – олардан отыру талап етіледі. Олар ұстап көру қажет, ал оларға қолдарын партада қоюға мәжбүрлейді. Сынып бөлмелері олар үшін физикалық белсенділік жасауға, тіпті олар үшін қажетті шу деңгейіне есептелінбеген. Олардың физикалық тұрғыда тыныштықта отырғылары келмейді, қалам мен қағазда отыруға олардың шыдамдылықтары жетпейді.

Осындай оқушылар өз бойындағы 2 –ші басым болып тұрған жетекші қабылдау түрлеріне сүйенулеріне тура келіп, үлгерімі жақсы оқушылар қатарына енуге тапынады. Ал керіінше болған жағдайда, «төмен баға» алып жүре береді.

34%-ына көзбен қабылдау тән болып шықты. 

Соның ішіде Омарбек Еріктің бойында қабылаудың 3 түрі бірдей деңгейде екені анықталды. 7 оқушыда қабылдауың 1 түрі басымырақ болса, 7 оқушыда 2 түрлі қабылдауың басымдылығымен ерекшеленді.

Диаграммада көріп отырғанымыздай оқушылардың қазігі жас ерекшеліктеріне сай көзбен қабылдау қабілеті сынып оқушыларына 3- ші кезекте тән олып отыр.Өйткені енді жоғары сыныптарға көшкен сайын олар визуалды жаққа қарай бағыттала түсетін болады.

Сонымен, өзара әңгімелесулер барысында немесе сабақ үстінде сабақ айтулары барысында олардың жиі қолданатын «предикат – сөздеріне» мән беруге боады. Аудиалдар «мен естігенде»– өз ойларын т.б. дыбыстық баяндау , пікірталас түрде т.б. жеткізіп отырса, визуалдар – «мен көргенде» т.б.   алдымен бейнелеу арқылы түсіндіруге бейім болды, кинестетикатер «мен сезінгенде» – іс- тәжрибеде қалай қолдануға болатынын, зерттеп білуге ұмтылып тұрды.

Ұсыныстар: 

Білім алушылардың әр –түрлі стильдерге икемділіктерін дамытатын арнайы әдістемені ОҚБ (Оқыту – Бекіту – Тестілеу) қолдану:

  • Сыныпқа беретін әр пән мұғалімі оқушылардың қабылауының даралық ерекшеліктерін білуі міндетті.
  • Балаға азырақ тән болып келетін стилге сәйкес материалды бекітіп, көбірек тән келетін стилге сәйкес білімін тексеру керек. Мысалы, жазбаша тесттер визуалды типті оқушыларға, ауызша тесттер – аудиалдарға және көрсетуге қиын болатын дағдыларды демонстрациялауға  байланысты  тесттер кинестетиктерге қолдануға болады.
  • Үй жұмысына қатысты айтатын болсақ, егер оқушыларға үй немесе сынып (топтағы)  жұмыстарын орындаудың 3 нұсқасын ұсынсақ, олар инстиктивті түрде оздерінің оқу стильдеріне сәйкес келетін ынғайға сүйеніп орындайды.Сондықтан оқытуда индивидуалды ықпал ете білуде тапсырмаларды таңдау арқылы орындату маңызды рольге ие.

Осы тақырып қазіргі таңда өте аз зерттелген. Сондықтан оқушылардың қабылдауындағы даралық ерекшеліктерін педагогтің ескеруі арқылы, оқыту мен оқудың  жемісті болуына қол жеткізе аламыз. Өзара жағымды субьект –субьект қарым-қатынас орната аламыз.

         Ерекше білім беруді  қажет ететін оқушылармен жұмысты жүзеге асыруда дефектолог, педагог-психолог мектеп медбикесі, әлеуметтік педагогы,  мектеп әкімшілігі, сынып жетекші және пән мұғалімдерімен бірлесе жұмыс атқарылады. 

      2022-2023 оқу жылының басында ПМПК кеңесінің қорытындысы арқылы есепке барлығы 17 оқушы, оның ішінде  0 -4 сын – 12 оқушы, 5-11 сын– 5 оқушы (үйде оқитын оқушы -1). 2023 жылдың сәуір ШҚО басқармасының «Алтай қаласындағы ПМПК -ның коммиссия мүшелері ауданға келіп,қабылдау жүргізді. Нәтижесінде  2 оқушымыздың диагнозы жақсы болып шығып, есептен алынып тасталды. Қосымша басқа жаңа оқушыларды сынып жетекші мен мұғалімдер тарапынан  ұсынылған оқушыларғапедагогикалық-психологиялық мінездеме жазылып, қабылдаудан өтті. Нәтижесінде 5 оқушыға  ПМПК кеңесінің қорытындысы  беріліп, есепке алынды.

Оқушы, есту қабілеті, сөйлеу тілі бұзылған оқушыға құрылған жеке кестесіне сәйкес, олармен арнайы жабдықталған кабинетте директормен бекітілген бағдарлама бойынша   жеке-дара және топтық түзету –дамыту сабақтарды өткізіп отырады (дыбыстық, эмоцоналды,психикалық танымдық үрдістерін дамыту тапсырмалары тб).

15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай   мектебімізде 8–сынып оқушыларының ата-аналарымен «Балалар мәселесі: ата-аналар көзқарасымен» тақырыбында кездесу өткізілді.

Мақсаты: Тәрбие мақсатында ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын арттыру.

  Кездесу семинарында заманауи отбасы үшін де, білім беру жүйесінде де өзекті мәселе -   баламен ата-ана қатынастарын реттеу және жеткіншектерді тәрбиелеу  туралы сөз қозғалды. 

Жасөспірімдік кезеңнің   ерекшеліктері және қазіргі қоғамда белең алып  тұрған баланы теріс бағытқа апарар түрлі жолдар, оларға түспеудің алдын алу шаралары туралы айтылды. 

Ата-аналар белсене қатысып, өтілген кездесудің олар үшін тиімді болғанын айтып, өзіндік жағымды пікілерін білдірді.




9 сынып оқушыларымен кәсіби таңдау жолында өзін – өзі анықтауда  «Мен өмірімнің жолаушысы» атты психологиялық сағат өткізілді.

Мақсаты: Оқушыларға өмірінің уақыт кезеңдерін түсінуге көмектесу. Өзінің өткені, бүгіні және болашағы үшін жағдай жасау. Өз қажеттіліктерін тыңдау, мақсат пен өмір жолды анықтау қажеттілігін дамыту.

Міндеттері:

  1. Өзіне деген оң көзқарасты, сыни өзін-өзі бағалауды және оның даму мүмкіндіктеріне, қателіктер жіберуге ғана емес, оларды түзетуге де оң көзқарас қалыптастыру;
  2.  Өз құндылықтарын, мақсат пен көзқарастардың жүйесін құру, тәуелсіз таңдау жасау, мінез-құлқы мен өмірді бақылау мүмкіндігін  қалыптастыру.

Сабақ барысында барлық жаттығуларды оқушылар белсенді орындап, өткен өмірін бағалауға, болашаққа бағдарлануға өзіндік анализ жасай білді. Жеке басына қажетті мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруды түсінді.

    9–сынып оқушыларымен кәсіби жоспарын, мамандық таңдау мотивтері мен кәсіби бағыттылығының  қалыптасу деңгейін анықтау мақсатында  «Оптант» сауалнамасы жүргізілді. Сауалнаманың нәтижесінде көп оқушылардың  кәсіби жоспары бар, болашақ мамандықтарын таңдай білген, саналы түрде өз қызығушылықтарына сай дұрыс таңдау жасағандарына сенімділіктері жоғары.

  Оқушылардың бойындағы алғыс айту, ризашылық білдіу қасиеттерін  жоғарылату, өз бойындағы мейірімділіктің көріну деңгейін анықтау мақсатында 10 сыныптармен  «Шынайы жүректен алғыс» атты психологиялық тренинг жүргізілді. 

  Тренинг барысындағы жаттығулырға оқушылар белсене қатысып,  айнала жақындарына  жиі алғыс айтудың маңыздылығын түсінді. 

Осылайша тек бір-бірімізге жағымды, жылы сөз айтуды әдетке айналдыру арқылы   жақсы мінез-құлық қалыптастыра аламыз деген қорытындыға келді.

2023 жылдың 16 ақпанында бастауыш пәні мұғалімі Г.С. Акшабаева «Өнеге отбасынан басталады" тақырыбына  5-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен  жүргізген іс-шарасының бір кезеңінде  «Саусақтар арқылы мінез анықтау (тест)»  жұмысын жүргізілді. Ата-аналар белсене қатысып, қорытындысына тән сипаттамалар бойынша   өздері жайлы кішкентай мағлұмат ала алды. 

Мектебімізде 2023 жылдың 26 сәуірінде директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынасарларына арнаған    «Ана мен әже ісі – бізге өнеге» ауданық семинар өтті. Семинар соңында «Менің эмоциям» атты психологияық жаттығу өткізілді. Мақсаты: семинардың бүкіл үрдісі барысында алған сезім мен әсерді -    эмоционалды күйді көрсету арқылы бағалау жасату. 1-адам «Мен бүгін ...........білдім» ал сіз ше деп   екінші тұрған көршісіне кезекті беру керек, 2-адам «Маған ........қызық болды»,ал сіз ше?,  3-адам « Мен........екенін түсіндім», ал сіз ше?, 4-адам «Мен.......ие болдым», ал сіз ше?, 5-адам «Мен........сезіндім», ал сіз   ше?, 6- адам «Мен ..... жасай аламын», ал сіз ше?, 7-адам «Мен........ үйрендім» ал сіз  ше?, 8-адам «Мен.....жасап көремін», ал сіз ше?, 9-адам «Мені таң қалдырды» ал сіз ше?, 10-адам  «Семинар маған өмірде ...... үйретті» дегенаяқталмаған сөйлемдерді аяқтап, өздерінің жағымды пікірлерін бідірді. Жаттығу арқылы. барлығы  ішкі күйлерін өте жақсы бере алып,  тек жағымды эмоционалды портреттер салып көрсетті.

2023 жылдың 24мамыр күні мектебіміздің педагогтерімен «ПЕДАГОГ ИМИДЖІ» атты триенингтік жаттығу элементтерімен  семинар-практикум өткізілді. Мақсаты:

  1. Мұғалімдердің «Имидж» ұғымы туралы түсініктерін кеңейту, оның құрамдас бөліктерін түсіндіру.
  2. Мұғалімге тән педагогтық қарым-қатынас әрекетінің мәні мен мазмұнын ашу, ұстаз бойында сапалық қасиеттерін қалыптастыру.
  3. Өзін-өзі тани білу  арқылы өзін – өзі бағалауын арттыру.

            Біз өмір сүріп, жұмыс істеп жатқан заманауи жағдайлар бұрынғыдан өзгешелеу. Ал жаңа жағдайда біз соған сай мінез-құлық үлгілеріне, заманға сай қасиетер мен сапаларға ие болу арқылы  кәсіби іс – әрекетінің табыстылығына әсер ете аламыз. Өзге   мамандықтармен салыстырғанда-әрдайым оқушылар, ата-аналар, әріптестердің-үлкен көпшіліктің көз алдында. Сондықтан мұғалім оқушыға білім  ғана еріп қойMay, оның  жеке тұлға болып қалыптасуына әсер етеді. Сондықтан іс-шараның мақсатына жетуге итермелейтін келесі жаттығулар іріктеліп алынды: Танысу «Визитка», «Менің жағдайым» бланкілермен жұмыс, сергіту жаттығуы, топтық жұмыс, Релаксация «Маяк», кері байланыс «Ашық айтқанда».Барлық жаттығуларды мұғалімдер өте белсенділікпен орындап, тақырыпты аша білді, өзіндік қорытынды жасай білді. 



Сертификат "Ана мен әже ісі бізге өнеге"тақырыбындағы аудандық семинарға қатысқаны үшін (ШҚО ББ "Күршім ауданы бойынша білім бөлімі"ММ). Мадақтама  "Өзін -өзі қамтыған және жұмыссыз жастарды қолдану мақсатында ұйымдастырылған шараға спикер ретінде қатысып, тренинг өткізгені үшін".

1.Статистикалық мәліметтер:

Мектептегі оқушылардың саны:

-жыл басында                                                 -жыл соңында

0-11сынып - 474                                             0-11 сынып - 483

1-11 сынып - 438                                             1-11 сынып - 449

1-4 сынып - 167                                               1-4 сынып - 171

5-9 сынып - 211                                               5-9 сынып - 217


Мектепішілік есепте тұрған оқушылар саны:

-жыл басында-14

-жыл соңында-11

Мектепішілік есепте тұрған оқушылар: Амангелді Жеңіс 8а,Шаукенов Нурасыл 8а, Даелханов Мансур8а, 8б Жанболатов Жігер, Черухина Карина 9в,10б Ерболов Шалқар, Нурпейсова Еркежан, Слямбекова Фарида, Киб Екатерина, Киб Виктория, Сергейұлы Дияс,

Полиция есебінде тұрған оқушылар саны:

-жыл басында-3

-жыл соңында-3

Олар: Слямбекова Фарида,Нурпейсова Еркежан,Киб Екатерина.


    Биылғы   2022-2023 оқу жылында «Ю.А.Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебі»КММ-де «Мектепке жол-шекарасыз жақсылық!» ұранымен өткізілетін «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы аясында әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына көмек көрсетуге демеушілерді тарту арқылы басты назарға ерекше мұқтаждыққа ие балаларды қамту және қорғаншы, ата – ана қамқорлығынан айырылған және толық емес отбасынан шыққан балаларды қамту көзделді.

Ата-аналар тарапынан көмек сұраған барлығы   30-ға  жуық өтініш келіп түсті.

 Демеушілер тарапынан осы категориядағы оқушыларға көмек қарастырылды.Сонымен қатар мектебіміздің психологі Г.К.Мусабаева  демеуші болып спорттық киім сыйлады. «Отбасы күніне» арналған іс-шарада қайырымдылық акциясы аясында отбасыларға көмек көрсетілді.




Мектеп табалдырығын аттағалы отырған бірінші сыныптың 12 оқушысына «Самұрық-Қазына» компаниясының демеушілігімен  рюкзаг пен оқу құралдары берілді.


 «Аманат» партиясы екі оқушыны оқу құралы және сумкамен қамтамасыз етті. 


ШҚО Кәсіпкерлер палатасының Күршім ауданы филиалының іскер әйелдер кеңесі бірнеше оқушыға оқу құралы, сумка, спорттық киім, спорттық аяқ киім, туфли түрінде көмек көрсетті. Сонымен қатар «Караван доброты» акциясын ұйымдастырып   азық-түлік түрінде сегіз отбасыға көмек қолын созды.




Демеуші Т.Алинчиновтың  қолдауымен 20 оқушыға қыстық куртка берілді. 








Жалпыға бірдей міндетті білім қорынан 167 оқушы мектеп формасы мен қыстық аяқ киім таратылды.





Қамқоршылық кеңестің ұйымдастыруымен «Айнұр», «Кристина», «Айдар», «Көкжал» дүкендеріне қайырымдылық жәшіктері қойылып, одан түскен қаржыға  10 оқушыға оқу құралы, спорттық киім, рюкзак әперілді. Күршім аудандық орталық мешіті 5 оқушыға оқу құралы түрінде көмек көрсетті.



«Жүректен жүрекке» акциясы аясында «Менің арманым» атты хат  жазған оқушының тілегін орындап, демеуші  Эхласова Алмагуль Кудайбергеновна  сымсыз құлаққап  сыйға тартты. 


«Мейірімді жүрек» акциясы шеңберінде 29 қазан «Қамқоршылар күні» мерекесіне арналған дөңгелек үстел өткізілді. Кездесу барысында мектеп директоры құттықтау сөз сөйлеп, алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.



Мектепшілік есеп бойынша қамқоршылық тәрбиеде 3 оқушы,патронаттық тәрбиеде 1 оқушы  тәрбиеленіп жатыр. Атап айтар болсақ,олар: 



Барлық отбасы балалары бақылауда, үйлеріне  тоқсан сайын рейд жүргізіліп отырады. Оқушылардың  тоқсан бойынша сабақ үлгерімі бір қалыпты. Психологтар үнемі жұмыс жасау үстінде, оқушылардың психологиялық жағдайлары жақсы. Отбасындағы қарым-қатынастары бір қалыпты. Оқушылардың үйін аралау барысында нақтыланғаны: барлығында жеке жатын бөлме, жеке керует, сабақ оқуға қолайлы  жұмыс үстелі және ноутбук, компьютерлері бар.

      Мектепішілік  тізімде оқу жылының басында үйден оқитын  бір оқушы, екінші жарты жалдықта үш оқушы оқыды. Мұқтаждыққа ие оқушыларымыз әрдайым жіті бақылауда.  Оқушылардың диагнозына сәйкес кесте бойынша сабақтар өтіледі.   Жоспарға  сай    «Әрбір бала - бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет!»  деген ұранмен оқушылардың үйін аралап, әңгіме дүкен құрып, ән айтып   оқушылардың көңіл күйін көтеріп қайттық.   

Жоспарға сәйкес мектебімізде психологтармен біріккен түрде, тоқсан сайын мүмкіндігі шектеулі, өгей анасымен, үйден оқытылатын,  қамқорлық,  қорғаншылық тәрбиесіндегі оқушылар үйлерін аралау «Сенің отбасың қандай?» рейді жүргізіледі. Өгей анасымен екі оқушы, өгей әкемен он бір оқушы тұрып жатыр. Мектеп әкімшілігі барлық оқушылармен тығыз байланыста. Тоқсан сайын тұрғын үй зерттеу актісі жасалып,ата-аналарымен тығыз байланыс орнатылған.




      Жасыл шыршаға аз қамтылған көп балалы отбасынан, жартылай жетім, патронат, қамқорлықтағы оқушылар қатысты.   Соның ішінде облыстық әкім шыршасына көп балалы аз қамтылған отбасынан шыққан Ашуов Диас  қатысып, 150,000 теңгенің сертификаты, тәтті дорба, ертегі кітап сыйға тартылды. 



Күршім ауданы   әкімінің    шыршасына 7 оқушы қатысты. Аудан әкімінің атынан тәттілер берілді.


«Әлеуметтік қауіп-қатердегі»отбасылармен, «Қауіпті топтағы» балалармен алдын алу және түзету жұмыстары                                       

Қойылған проблемаға байланысты 2022-2023 оқу жылында әлеуметтік педагог «қауіпті топтағы» және сәтсіз жанұялардан шыққан балаларды анықтайды, оқу үлгерімдерін, сабаққа келіп қатысуын, олардың бос уақытын ұйымдастыруын үнемі бақылайды. Сынып жетекшілерімен, ИДН инспекторымен бірлесіп балалардың өмірі мен денсаулығы үшін тиіс жағдай жасаMayтын, балаларды тәрбиелеуден бас тартатын ата-аналары бар отбасыларға рейд жасалады. Ата-аналары үйде болмаған жағдайлар болды. Мектепішілік есепте сәтсіз 40  отбасы тіркеуде тұр. Бұл отбасылардың барлығына үнемі бақылау жүргізіп отырдық. 6а сынып оқушысы Арман Алинур. Алғабас ауылынан ауысып келген 3а сынып оқушысы Ермек Айзере, Егорова Дарья, Черухина Карина, Слямбекова Фарида, Нурпейсова Еркежан, Ерболов Шалқар, Воротников Ринат, Киб Екатерина, Корниенко Ринат, Шведунов Артур, Сергейұлы Диас, Амангелді Жеңістің үйіне рейд жасап отырдық. Мектеп инспекторы, білім бөліммімен бірлесіп атқарылған жұмыстардың арқасында оқушылар  сабақтан қалMayтын болды.







Асхана жайлы мәлімет. Биылғы оқу жылында аз қамтылған көп балалы отбасынан шыққан, әлеуметтік көмек алатын, патронат, қамқорлықтағы  оқушылар асханадан тегін тамақтанды. Оқу жылы басында 146, соңында 150 оқушы тамақ ішті. Кадет сыныбынан 25 оқушы тамақтанды. Сонымен қатар әлеуметтік жағдайы жақсы  оқушыларға арналған ақылы тамақ та асханадан беріліп тұрды.





«Міндетті білім беру қорынан»бөлінетін тегін ыстық тамақтың ас мәзіріне сай берілуін, асхананың санитарлық талаптарға сай болуын қадағалау мақсатында брокираждық комиссия құрылып, қамқоршылық кеңес және ата-аналар кеңес мүшесі мектеп әкімшілігімен бірігіп мектеп асханасын аралап сараптау жұмыстарын жүргізді.














Ұсыныс:

1.Сынып жетекшілер ата-анамен әрдайым байланыста болу.

2.Тізімдегі оқушыларды жаңалап отыру.

3.АСП тағайындалған оқушыларды дұрыстап анықтап,мұқият жұмыс жасау.


2022-2023 оқу жылындағы атқарылған мектеп медбикесінің жұмыс есебі

     Кусаинова Лазат Слямбековна  мектепте 2012 оқу жылынан бері осы қызметте жұмыс істеп келеді. Білімі арнаулы орта. 2020 жылы  біліктілігін арттыру курсынан өтті. Мамандығы бойынша Жоғары (тиісті) осы біліктілік санатын беру куәлігін алды. 31.12.20 ж. Мектепте медициналық кабинет  екінші қабатта орналасқан, 1 бөлмеден тұрады, ауданы 12,8 метр. Медициналық кабинет 2008 жылы жаңа медициналық құралдармен жабдықталған.




Мектепте 0-11 сыныпта  барлығы  483   оқушы  оқиды, оның 40 оқушысы  диспансерлік   бақылауда турады.

  1. Хр. пиелон-т-3
  2. Хр гастрит -1
  3. Бр астма -3
  4. Хр бронхит -1
  5. Эпилепт. суд. синд-1
  6. ВСД по гипот-у типу -2
  7. Нестаб диск ш.о.п -1
  8. Миопия сл.ст -23
  9. Миопия выс.ст -1
  10. Энд.зоб-0
  11. Ожирение -1
  12. ЖДА-3
  13. Кариес -25
  14. ЗПР – 5
  15. Травм энцефал-я-1
  16. Атрафия ДS04-1
  17. Амблиопия-1
  18. Расход косоглазия -1
  19. ВПР атрез ануса -1(houseобуч. инв. детства )
  20. Отопически дермотит-1
  21. Врож. двух.нейро-ая тугоухость-1
  22. Враж .миодистрофия-1(инв.детства 2014 года)
  23. ВПС сост после операций-1
  24. Крамиалгия напр. типа синдром ВСД-1
  25. Энцефалопатия -2
  26. Деф. гр.клетки-2
  27. НЦД по корд типу-1
  28. ОНР-2
  29. Сколиоз-1
  30. Қант диабеті -1
  31. Быстро прогрессирующий нефротический синдром, дифузной мезангиальной полеферативной  гломерулонефрит. Острый нефро нефратический синдром-1
  32. Комматозное  состояние -1

Бұл оқушылар жылына 2 рет дәрігерлік тексеруден өтіп, дәрігер тағайындаған емдерін қабылдайды.1-4 сынып оқушылары қыркүйек айында ішек-құрт ауруларына тексеріліп отырады. Жылда бірінші сыныптарға туберкулезге қарсы егілу жасалады. 26 мамыр күні 15-17 жас аралығында 81 оқушы мектепте ФЛГ-дан өтті. Қауіп-қатер тобына жоспар бойынша Р.Манту екпесі жасалады. Мектепте 1-4 оқушылары 100% ыстық тамақпен тамақтанады. Аз қамтылған отбасынан 160 бала, кадет сыныбынан 25 бала тегін тамақтанады. 25 оқушы ақылы тамақтанады.   

Мектеп медбикесі күнделікті тамақтың дайындалуын, сапасын тексеріп отырады. ШҚО.ТҚҚ Департаментінің Күршім аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы жылына екі рет мектептің тазалығын тексеріп, тағам өнімдерінің сапасын зерттеп отырады. Барлығы санитарлық нормаға сай. 

Мектепте санитарлық ағарту жұмыстары жүргізіледі.

Мектеп кітапханасының  жылдық  жұмыс есебі

            Қазіргі таңда жан-жақты білім мен тәрбие берер орындардың бірі -мектеп кітапханасы. Мектеп кітапханасы оқу процесін әдебиетпен және ақпаратпен қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарының маңызды құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Оқушыларды әдеби кітаптар оқуға тарту –білімнің қайнар көзі болып табылады және де жас ұрпақтың ұлттық рухын биіктетіп, мәдениеттілігі мен ой-өрісінің дамуына ықпал жасайтын негізгі бағыт болып   саналады.Кітапхананың алға қойған негізгі мақсаттарының бірі жас оқырманның таусылмас қазынасы, мәңгілік жан азығы кітапқа деген қызығушылығын арттыру, қадір – қасиетін ұғындыру болып табылады.Мектеп кітапханасы-кітап  арқылы оқушылардың жан-жақты білім алуымен қатар, патриоттық рухта тәрбиеленуіне,саяси сапасын қалыптастырып,ғылыми, мәдени дәрежесінің дамуына әсер ететін бірденір әлеуметтік орын. Кітапхананың міндеті кітаптарды насихаттаудың түрлі формалары мен әдістерін ұйымдастыру арқылы оқырмандардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, жан-жақты дамыту болып табылады.

    Биылғы оқу жылында жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша 2 сыныптарға жаңа оқулықтар және кейбір сыныптарға қосымша оқулықтар алынып, 1-11 сыныптарға оқулықтар таратылып берілді. 1052 дана оқулықтар жылдарына байланысты есептен шығарылды. Мектеп кітапханасының жалпы кітап қоры 11741 дана, оның ішінде оқулықтар 9434 дана, көркем әдеби кітаптар 2307 дана. 

       Кітапханада мерейтойларға және атаулы даталы күндерге кітап көрмелер, виртуалды кітап көрмелері,бейнематериалдар ұйымдастырылды. Кітапхананың негізгі бағытының бірі көрме арқылы кітап қорын ашу және оқырмандарға кітапты насихаттау. Осы орайда жас ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру,туған елге, жерге деген патироттық сезімін ояту, сондай-ақ ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін, халықтың салт-дәстүрін аялай,ардақтай білуге тәрбиелеу,өскелең ұрпақтың бойында азаматтық және рухани адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мақсатында кітап көрмелері жасалынып,тәрбие сағаттары өткізілді. «Ш.Мұртазаның туғанына 90 жыл», «Республикам менің», «Ғ.Мұстафиннің туғанына 120 жыл», «Ұстаз- ұлы тұлға», «Өз құқыңды біліп, өзіңді қорға», Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік бастауы – Желтоқсан», «М.Әуезов – ұлы тұлға» Мұрат Әуезовтың туғанына 80 жыл, «Ауған алапаты», «Алғыс айту-парызым», «Ана өмір,ана бақыт», «Ұлыстың ұлы күні-Наурыз», «Кітап сарқылмас қазына», «23 сәуір Дүниежүзілік кітап күні», «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» қасіретіне 300 жыл, «Ұлт бірлігі-ұлт байлығы», «Ғарыш ғаламаты», «Ерлікпен жеткен-ұлы Жеңіс», «Ұлағатты отбасы-ұлт құндылығы», 1 маусым балаларды қорғау күніне «Бақытты балалық шақ», атты кітап көрмелері ұйымдастырылды, және де «Ұлттық қазына-тіл», «Ш.Мұртазаның туғанына 90 жыл»,  «Отбасы- өмір аясы», «Ә.Нұршайықовтың туғанына 100 жыл», «Бейбарыс сұлтанның туғанына 800 жыл»тақырыптарына бейнероликтер жасалынды. The president тапсырмасын жүзеге асыру аясында  «Оқуға құштар мектеп» жобасы  бойынша  жұмыстар жүргізілуі жалғасуда. 

     Кітапхананың дамуына және оның оқырмандар үшін қызықты болуына ақппараттық технологияның көп көмегі бар. Жаңа технологиялармен, қазіргі заманауи цифрлық құралдар мен сервистердің көмегімен көптеген түрлі  идеяларды тауып оқырмандарды кітапханаға тартуға болады. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында қайырымдылық акциясы «Мектеп кітапханасына кітап сыйла» жалғасын табуда мектеп түлектері, ұстаздар кітаптар сыйға тартты,акция аясында кітапхана қоры әр түрлі мазмұндағы әдебиетпен толықтырылды, барлығы сыйға тартқан кітаптар саны 94 дана, «Буккроссинг» көрмесі жалғасуда, оқушылар бір- бірімен кітап алмасып оқуда. Сонымен қатар «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткен «Мектеп буккроссингі: бірге оқимыз» облыстық байқауына қатысып, мектебіміз екінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Үзілісте оқушылар кітапханаға келіп, көркем әдеби кітаптар оқуда.

https://www.instagram.com/reel/CjP9NOPDNH3/?igshid=MmJiY2I4NDBkZg==









Оқушылардың оқуға құштарлығын, оқу мәртебесін,белсенділігін, оқу сауаттылығын дамыту бағытында әр түрлі іс-шаралар өткізілді.Балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, қазақ және шетел әдебиетін терең зерттеуге шақыру мақсатында 3-10 сынып оқушыларына арналған Республикалық балалар оқулары байқауы өткізілді. Байқаудың аудандық кезеңінде оқушыларымыз жүлделі орындарды иеленді. 4б сынып оқушысы Бақытбекова Аялы аудандық кезеңде жүлделі 1-орын иеленіп, облыстық кезеңнен жүлделі 2-орынмен оралды.


Ғұлама жазушы, Абайтанушы – Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай  9б-сыныбымен «Мұхтар Әуезов – әдебиетіміздің классигі» тақырыбында оқушылардың қазақ ғұламасының шығармашылығына деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында жазушының бенефисі өткізілді.

8 а және 8б сыныптар   арасында «Кім көп біледі?» интеллектуалды білім сайысы өтті. Мақсаты оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін оята отырып, кітап оқуға ынталандыру.



Оқу сауаттылықтарын, оқу жылдамдықтарын   арттыру мақсатында 3-4 сынып оқушыларымен «Жылдамдыққа оқу» сайысы өткізілді. Нәтижесінде сыныптар бойынша 3-сыныптардан: 3в-сыныбы 1-орын, 3б-сыныбы  2-орын,  3а- сыныбына 3-орын берілді.  4-сыныптар бойынша: 4б-сыныбы 1-орын, 4а-сыныбы  2-орын,  4в-сыныбына 3-орын берілді.




Еліміздің «Тәуелсіздік күніне» орай «21ғасыр Қазақстанның жұлдызды ғасыры» атты виртуалды кітап көрмесі жасалынды:

https://www.instagram.com/reel/CmECJh5jF9m/?igshid=MmJiY2I4NDBkZg==

Еліміздің «Тәуелсіздік күніне» орай «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік» атты 6-сынып оқушыларымен онлайн тәрбие сағаты өткізілді.

https://www.instagram.com/reel/CmOerZkDO6z/?igshid=MmJiY2I4NDBkZg== 

Оқушыларды кітап оқуға құштарландыру мақсатында 3а-сынып оқушыларымен дауыстап оқу сағаты өткізілді.


Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу, жаман әдеттердің кесірін, дертін көрсетіп, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру мақсатында 7а сыныбымен тәрбие сағаты өткізілді. 



Жас оқырмандарымыз қысқы демалыста «Қыста оқимыз» тақырыбында өздеріне ұнаған көркем шығармаларын оқып, алған көңіл-күйлерін бейнероликтер арқылы көрсетті:

https://www.instagram.com/reel/CnC1ks0pYw2/?igshid=MmJiY2I4NDBkZg== 

https://www.instagram.com/p/CnFJQ7oLGKx/?igshid=MmJiY2I4NDBkZg==

«Оқуға құштар мектеп, оқуға құштар ұлт» жобасы аясында оқушыларға кітап оқығанның пайдасын түсіндіру, кітап оқуға деген құштарлықтарын арттыру мақсатында 4б-сыныбымен «Даналықтың бәрі кітапта» атты тәрбие сағаты өтті.


14 ақпан   «Халықаралық  кітап сыйлау күніне» орай  3-11 сыныптардың қатысуымен «Кітап сыйла –әлем сыйла» атты акциясы өткізіліп, оқушыларымыз кітапханамызға түрлі кітаптар сыйлады.







14 ақпан   «Халықаралық  кітап сыйлау күніне» орай  бастауыш сынып оқушыларының ата-аналары балаларына қызықты да сүйікті кітаптарын сыйға тартты:


Оқушыларымыз үзілісте уақыттарын пайдалы өткізу мақсатында  8-11 сыныптармен түрлі интелектуалды ойындар өткізілді: «Ойлан тап» сұрақ-жауап, «Сөз мерген»  дженго стол ойындары:

https://www.instagram.com/reel/Cqrr64no7cV/?igshid=MmJiY2I4NDBkZg==





«Оқуға құштер мектеп» жобасы аясында 6-сыныптармен «Дүниежүзілік дауыстап оқу күніне арналған «Сүйікті кітаптардың жанды даусы» атты челленджі және «Отбасымен бірге оқимыз» акциясы аясында кішкентай 0-4 сынып оқырмандарымыз ата аналарымен дауыстап сүйікті кітаптарын оқып, белсене қатысты:

https://www.instagram.com/p/CpQVrJ-IiEs/?igshid=MmJiY2I4NDBkZg==


https://www.instagram.com/reel/CpPhJa-jxx4/?igshid=NzJjY2FjNWJiZg==




«Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі» қарсаңында еліміздегі әртүрлі этнос өкілдерінің айтулы мерекені атап өтетіні жайлы бастауыш, 1-сыныбымен дәріптелді:

https://www.instagram.com/p/CpzkqIXIgFr/?igshid=MmJiY2I4NDBkZg==


 «Әлем әдебиетін бірге оқимыз»  тақырыбында оқушыларымыз көктемгі демалыс кезінде оқушылар әлем әдебиеті жазушыларының шығармаларын оқып қызықтады:

https://www.instagram.com/reel/CqYjayCDm49/?igshid=MmJiY2I4NDBkZg==

14-сәуір «Халықаралық балалар кітабы» күніне орай оқушыларымыз Республикалық «Буктрейлер» бейнероликтер онлайн байқауына қатысып, республикадан алғыс хаттармен марапатталды:


https://www.instagram.com/reel/CqAeyhRDV4a/?igshid=MmJiY2I4NDBkZg==

https://www.instagram.com/reel/CqAfRqWjx0N/?igshid=MmJiY2I4NDBkZg==

https://www.instagram.com/reel/CqAf-JTjhzm/?igshid=MmJiY2I4NDBkZg==

https://www.instagram.com/reel/CqBUhf4D4xh/?igshid=MmJiY2I4NDBkZg==

«Халықаралық балалар кітабы» күніне бастауыш 1-2 сыныптарға кітапханада экскурсия және де 7-сыныптармен «Кітапқа екінші өмір сыйла» атты санитарлық күн өткізілді:





3-сыныптар аралығында ертегі кітаптар бойынша кітапханалық квест білім ойыны ұйымдастырылды.   Оқушылар оқыған ертегілері бойынша өз білімдерін көрсете білді:


Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында 7-сыныппен «Туған жер – тұғырың» тақырыбында тәрбие сағаты және 6-9 сыныптармен «Ерлік – ертеңге үлгі» атты оқырман конференциясы өткізілді:



Жазғы демалыс кезінде оқушыларымызға оқуға болатын көркем әдебиет кітаптарды осы бейнеролик арқылы ұсындық:

https://www.instagram.com/reel/Csk9Z0LKjwQ/?igshid=MmJiY2I4NDBkZg=

Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында оқу жылы соңында мектебіміздің ең үздік оқырман оқушысын анықтау мақсатында 8,9,10 сыныптар арасында байқау өткізілді. Байқау 2 кезеңмен өтті (эссе жазу, тест тапсыру). Нәтижесінде оқушылардың білімі тексеріліп, жақсы көрсеткіш көрсеткен оқушылар мен жоғары көрсеткішпен «Үздік оқырман 2023» анықталды. 2022-2023 оқу жылының «Үздік оқырманы» болып, 9а-сынып оқушысы Есболқызы Елдана атанды.

«Оқуға құштар мектеп, оқуға құштар ұлт» жобасы аясында «Үздік оқырман отбасы» облыстық байқауының аудандық кезеңінде Токеновтар отбасы қатысып, 1-орынды иеленді. Бұл отбасының үлкен қызы Токенова Айназ 9-сынып оқушысы, Токенов Ерназ 7-сынып оқушысы, Токенова Нұрай  4-сынып оқушысы.

https://www.instagram.com/p/CstVLw3LTq-/?igshid=MmJiY2I4NDBkZg==

Көпшілік іс шараларды сынып жетекшілермен бірігіп өткіземіз. Кітапханада бар тематикалық папкаларға материалдар жинақтау жұмысы жалғастырылып отырады. Қазіргі заман талабына сай кітапхана компьютерлендірілген  және интернет желісіне қосылған.  «Оқуға құштар мектеп оқуға құштар ұлт»мемлекеттік жоба аясында іс шаралар жыл көлемінде жалғасын табады. Өз білімімізді жетілдірілдірудеміз, семинар, курстарға қатысамыз.

Мектепішілік бақылау мектепішілік бақылау ережесі бойынша   және былтырғы оқу жылының талдау қорытындысында берілген ұсыныстар бойынша құрастырылған. 2022-2023 оқу жылы мектепішілік бақылау келесі блоктардан құрылды:

- нормативті құжаттарды орындау;

- мектеп құжаттарды жүргізуді бақылау;

- бағдарламалық білімді меңгеруімен оқу-тәрбие үрдісінің сапасын бақылау;

- тәрбие үрдісін бақылау және басқару;

- мұғалімдердің әдістемелік шеберлігінің жағдайын басқару;

- білім үрдісіне инновацияны енгізудің әсерін байқау.

Осы бағыттар бойынша оқу-тәрбие үрдісін бақылауда  мынадай негізгі элементтер болды:

  • жалпы оқуының орындалуы;
  • оқушылардың білімі мен үлгерімі;
  • мектеп құжаттарының жағдайы;
  • оқу бағдарламанының және жазба, практикалық жұмыстарының орындалуы;
  • қорытынды аттестацияның нәтижесі;
  • педагогтардың кәсіби деңгейлерін анықтау;
  • мектептің даму жоспарының орындалуы

Бақылау формалары: ағымды, тақырыптық, жеке шолу. 

Мектеп құжаттамасының талдауы бойынша ұйымдастырушылық-басшылық құжатнама бар, педагогикалық кеңестің, директор жанындағы кеңестің хаттамаларында жазылып отырылады.

Педагогикалық кеңестің, әдістемелік кеңестің  тақырыптары мектеп жұмысының жоспарына сәйкес, талқылауға шығарылған мәселелер әр түрлі және маңызды.

Номенклатуралық құжаттар қанағаттанарлық жағдайда.

Оқушылардың жеке іс қағаздары. Оқу жылы барысында жеке іс қағаздары бірнеше рет тексерілді.  Оқушылардың кету немесе келу туралы мәлімет уақытында белгіленген. 

Сынып журналдары.

-Көптеген мұғалімдер қатаң есептегі құжаттардың толтыруларына ұқыпты қарайды.

-Білім мазмұнының минимумы сақталған.

-Жазбаша жұмыстары (бөлім бойынша бағалау және тоқсан бойынша бағалау жұмыстары) күнтізбелік-тақырып жоспармен сәйкес орындалған.

Сабақтың тиімді өтуі  кабинеттің жақсы жабдықталуы арқасында жүзеге асырылады. Жаңашыл құралдар арқасында оқушылар мектеп бағдарламасын терең оқи алады, ал мұғалімнің  сабақты түсіндіруі жеңілдей түседі. 2022 -2023оқу жылында жаңа үлгідегі химия кабинеті алынды және мектеп түлектерінің демеушілігімен мемлекеттік рәміздер залы мен мектептің сыртқы жарықтандыруы жаңаланды. Сонымен қатар мектепте жаңа үлгідегі физика кабинеті және   робототехника кабинеті,    Абай кабинеті және Абай залы жұмыс   жасайды.Барлық оқу кабинеттеріне безендіру жұмыстары жүргізілді. Кабинетті комплектілеу жалпыға білім беру бағдарламасына толық сәйкес келеді. Оқу кабинеттерінің комплектісіне арнайы жабдықталған жиһаз, демонстрациялық және лабороториялық приборлар, оқу техникалық құралдары, мультимедиялық бағдарламалар, интербелсенді құрал-жабдықтар және т.б. құралдар кіреді.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив