Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Ю.А.Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебі» КММ-сі қызметінің есебі 2024 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Ю.А.Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебі» КММ-сі қызметінің есебі 2024 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
1. Жалпы ережелер
1) көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Ю.А.Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-мектеп) Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Күршім ауылында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
1. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау – 40.
2. Негізгі орта және жалпы орта білім туралы құжаттардың көшірмесін беру -- 5
3. Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну - 270;
4. Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерлердегі демалу үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру - 105;
5. Негізгі , жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру;
6. Үйден оқытылатын балаларға мемлекеттік қызмет көрсету—3.
2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс
- Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Білім бөлімінің ресми сайтында www.gov.kz барлық мемлекеттік қызметтер бойынша ережелер мен стандарттар орналастырылған.
- мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).
Даярлық сынып тәрбиеленушілерінің ата-аналарымен мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру бойынша түсіндіру іс-шарасы өткізілді.
3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар
1) Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметі автоматтандырылды.
2023 жылдың 1 сәуірінен бастап облыста жалпы білім беретін мектептердің 1-сыныптарына қабылдау үшін электронды құжат қабылдау жүйесі жұмыс істей бастады. Ата-аналар бұл қызметті www.egov.kz электронды үкімет порталында электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы алады. Өтініштер тәулік бойы қабылданады, сондықтан ата-аналар жұмыста немесе үйде болғанда мектепке онлайн түрде өтініш бере алды. 2023 жылдың 1 сәуірі мен 1 тамызы аралығында мектеп бойынша 40 бала қабылданды.
«Электрондық үкімет» порталы арқылы 6 мемлекеттік қызмет толық автоматтандырылған. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2024 жылы қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдары тіркелген жоқ.
5. Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын және тиімділігін арттыру жоспары
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасының тиімділігін арттыру және қызмет алушылардың қанағаттану деңгейінің төмендеуіне жол бермеу шеңберінде мектебіміз мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша түсіндірме-ақпараттық іс-шаралардың санын көбейтуді, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылауды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Тұрақты түрде нормативтік құқықтық құжаттармен танысып отыру. Мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлерді біліктілік арттыру курсына жіберу.