Информация » Страница 13 » КГУ Курчумская СШ №1
Коммунальное государственное учреждение
"Курчумская средняя школа №1 имени Ю.А.Гагарина"
отдела образования по Курчумскому району
Управления образования Восточно Казахстанской области
Қабылдау бөлімі :
+7(72339) 22-0-17
Есепші бөлімі:
+7(72339) 22-0-17
Версия для
слабовидящих
Шығыс Қазақстан Техникалық университетінен кәсіби бағдар берілді
04
октябрь
2023
Шығыс Қазақстан Техникалық университетінен кәсіби бағдар берілді
9,11 сынып оқушыларымен  Д.Серікбаев атындағы ЩҚТУнивеситетінен кәсіби бағдар беру мақсатында кездесу ұйымдастырылды. Кездесуде оқу орнындағы факультеттер жайлы, сонымен қатар ҰБТ-ге алын ала тегін онлайн дайындық курстары болатыны жайлы түсіндірілді. Оқушылар дайындық курстарына тіркелді.
"Ұстаз - ұлы есім"
02
октябрь
2023
"Ұстаз - ұлы есім"
Ю.А.Гагарин атындағы 1 Күршім орта мектебі КММ. Мектеп кітапханашыларының ұйымдастырылуымен "Ұстаз - ұлы есім" атты бейнероликті ұсынамыз. https://www.instagram.com/reel/CxCis9RIAp1/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng
Рөлдік ойындар
27
сентябрь
2023
Рөлдік ойындар
Бастауыш сынып оқушыларын мамандық жайлы түсініктерін кеңейту, мамандардың еңбегіне қызығушылықтарын арттыру, дүниетанымдарын арттыру мақсатында "Менің мамандығым" атты рөлдік ойындар өткізілді. Белсенділік танытқан 3в-сыныбы. 
"Адал еңбек" деректі фильмі көрсетілді
27
сентябрь
2023
"Адал еңбек" деректі фильмі көрсетілді
Еңбек күнінде 5-сынып оқушыларына "Адалдық", "Еңбек" адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында еліміздің "7"-ші арнасы даярлаған "Адал еңбек" атты деректі фильмі көрсетілді. Оқушылар фильмнен түсінген ойларын жарыса бөлісті.                   
"Дублер күніне" арналған дайындық
26
сентябрь
2023
"Дублер күніне" арналған дайындық
Мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында 2023 жылдың 5 қазан күні Дублёр күні өткізілетіні туралы 25 қыркүйек күні «Өзін-өзі басқару» ұйымының фракция мүшелерінің қатысуымен жиын болып өтті. Жиын барысында оқушыларға дублер күнінің штаттық кестесі таныстырылды, оқушылардың бір күн өзін-өзі басқару күні болатындығы, сол күні мектеп әкімшілік мүшелері мен мұғалімдердің орнын
Шекара қызметкерлерімен кездесу
26
сентябрь
2023
Шекара қызметкерлерімен кездесу
Ауданымызда орналасқан 2535 Күршім шекара басқармасынан кәсіптік бағдар беру мақсатында 9-11-сынып оқушы ұлдарымен әскери бөлімнің полковнигі А.Дүйсенбеков келіп түсіндірме жұмыстарын өткізді. Барысында Алматы қаласындағы Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі академиясына оқуға түсу ұсыныстары айтылды. Сонымен қатар шекара қызметінің маңыздылығы, кадрлардың қажеттілігі, академияға түсу жолдары айтылды. Мектебімізден болашақ шекарашы, әскери тұлғалар шығады деген үміттеміз.    
Еңбек күніне орай челлендж өтті.
22
сентябрь
2023
Еңбек күніне орай челлендж өтті.
Челлендж мақсаты оқушылардың еңбек туралы білімдерін кеңейту, ұғымдар қалыптастыру; оқушыларды еңбексүйгіштікке, шаруақорлыққа, іскерлікке, үнемді болуға, еңбек адамдарына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Ардагер ұстаздармен кездесу
22
сентябрь
2023
Ардагер ұстаздармен кездесу
Еңбек күніне орай оқушыларымызға ұстаздық етудің қаншалықты маңызы бар екенін, дара да сара жолын көрсету мақсатында "Үлкендер жолы - ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып" атты ардагер ұстаздармен кездесу өткізілді.  Кездесуіміздің қадірлі қонақтары зейнеткер, ардагер ұстаздарымыз Қамария Тілеуқызы мен Гүлжан Амерсанқызы болды. Олар өздерінің еңбек жолдарымен сыр бөлісіп, мұғалім мамандығының ерекшеліктерін айтып өтті. Оқушылар қызыға тыңдап, мұғалім мамандығы бойынша көп мәлімет алды.
"Таза аула" акциясы
22
сентябрь
2023
"Таза аула" акциясы
"Еңбек күні" мейрамы қарсаңында "Таза аула" акциясы өткізілді. Оқушыларды еңбекке баулу мақсатында мектеп маңында  оқушыларымен үлкен  сенбілік жасалды.