15
сентябрь
2025
«БІЗДІҢ СЫНЫПТА БУЛЛИНГКЕ ЖОЛ ЖОҚ!» 🚫
6 «Б» сынып оқушылары үшін өткізілген сынып сағатының негізгі тақырыбы – буллингке қарсы тұру және сыйластықты нығайту болды.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға буллингтің түрлері мен салдарын түсіндіру;
Өзара сыйластық пен жауапкершілікке тәрбиелеу;
Қиын жағдайда дұрыс шешім қабылдауға және бір-біріне қолдау көрсетуге үйрету.
Сынып сағаты барысында оқушылар:
Буллингтің қандай түрлері бар екенін талқылады;
Бір-біріне қолдау көрсетудің, сыйластық танытудың маңыздылығын түсінді;
Қиын жағдайларда дұрыс әрекет ету жолдарын практикалық тапсырмалар арқылы меңгерді.
Бұл сынып сағаты оқушылардың моральдық құндылықтарын нығайтып, сыныпта жағымды және қауіпсіз ортаны қалыптастыруға бағытталған. 🤝✨
https://www.instagram.com/reel/DOoKwN9iOcM/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==