Педагогтерді марапаттауға ұсыну туралы хаттама
Жұмыста міндетін өте жақсы орындаған кез келген маман тиісті түрде ынталандырылуы керек. Бұл қызметтегі өсу ғана емес, белгілі бір жетістіктер үшін берілетін грамоталар мен алғыс хаттар болуы мүмкін.
Осы ретте 30.06.2023 жылы мектеп ұжымымен №9 педагогикалық кеңес отырысы өткізілді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 08 тамыздағы № 324 бұйрығына сүйене отырып, педагогикалық іс-әрекеттегі жетістіктеріне сәйкес көтермелеу мақсатында 19 жыл еңбек өтіліне ие, педагог-сарапшы, бастауыш сынып мұғалімі, бастауыш сыныптар бойынша директордың информатикалық коммуникациялық технологиясының орынбасары, Рамазанова Гульназ Орынбековна – ШҚО білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапаттауға ұсынылды:
Кеңес барысында педагогтың еңбек жолында иеленген алғыстары мен марапаттары, ауылдық жерлердегі жетістіктері, оқушылардың жетістіктері мен педагогикалық және ғылыми тәжірибені жинақтау, таратуы таныстырылды.
Қорытындысында барлық ұжым бір ауыздан педагогті марапаттауға ұсынуды қолдап, педагогикалық кеңестің шешімі шығарылып, хаттама толтырылды