«Электронды сенім жәшігі» туралы
Қоғамдағы балалардың жағдайы туралы ақпараттану, балалар мен ересектерге психологиялық, педагогикалық және құқықтық көмек көрсету және олардың проблемаларын шешу мақсатында мектебімізде «Сенім телефоны» мен «Сенім жәшігі», «Электронды сенім жәшігі» жұмыс жасайды.
Білім алушылар мен ересектер “Сенім жәшігіне” және «Электронды сенім жәшігіне» мектептің кіре берісінде, дәліздерде көрсетілген QR кодты сканерлеу арқылы өз шағымдарын, хаттарын, ішкі сезімдерін, ой-пікірлерін, өтініштерін, қобалжытатын жағдайларын жазып қалдыра алады.
Өтініштерді қарап, тиісті шара қабылдау, соның ішінде аталған мәселелерді қарауға және заңнамада белгіленген шара қолдануға құзыреттілік мемлекеттік органдарға жолдау міндетін жүзеге асырады.
“Сенім жәшігіне” түскен хаттар мен өтініштер дәптерге тіркеледі, көрсетілген мәселелер мобильдік топ мүшелерімен шешіледі.