«Өнегелі әке» тақырыбында оқыту сабағы мен спорттық іс- шара өтті.
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының «Даналық мектебі» әкелер арасында «Өнегелі әке» тақырыбындағы оқыту сабағы мен спорттық іс- шарасын ұйымдастырды. Әкелердің мектеппен ынтымақтастығын арттыру мақсатында шара барысында бүгінгі бала тәрбиесі жөнінде ой қозғалып, позитивті ата-ана болу, оның қағидаттары талданды. Шараның екінші бөлігінде әкелер қауымы спорттық іс-шараға қатысып, өз белсенділіктерін көрсетті. Соңында арнайы мақтау грамоталарымен марапатталды. Жауапты: Құдабаев Н.К.,